Қазақстан мемелекеттігінің эволюциясы
Автор: Masur • Октябрь 4, 2021 • Реферат • 621 Слов (3 Страниц) • 379 Просмотры
Аты-жөні: Кеңес Дана
I группа: Экология инженерия
«Қазақстан мемелекеттігінің эволюциясы»
Қазақ халқының қалыптасуы.
Қазақ халқының қалыптасуы.Қазақ жеріндегі халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қала дәуірі (б.д.д. 1-2 мыңжылдықтар) мен темір дәуірі (б.д.д. 7-4 ғғ.) кезеңдерінен басталады. Олар негізінен қазақстанның жерін мекендеген тайпалардан құрылған. Қазақ халқының бастауына сақтар,үйсіндер,қаңлы тайпалары да кіреді.Қазақ халқының шығу тегіне туралы аспектілерге лингвистикалық және антропологиялық мәселелер жатады. Орта Азия мен Қазақстан өңірінде осы екі процестің екеуі де қатар дамып отырған. Атап айтқанда, лингвистика жағынан қарағанда-ежелгі европалық-үнді ирандық-прототүркілік-түркілік-қазақ. Түркі тіліне ғұн, оғыз, қыпшақ, үйсін, хазар. Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобының батыс аймақтарына жатады. Бірінші кезенде лингвистикалық тіл жағынан Қазақстан тұрғындары үндіевропалық топтың ежелгі иран тобына кіреді. Бұл кез б.з.д. 3-1 мыңжылдықтарды қамтиды. Екінші кезеңнде Қазақстанға Шығыс жақтан көшпелі тайпалардың, ғұндардың Батысқа қарай қоныс аударруына байланысты сақ, сармат тайпаларының жалғасы-үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып ассиииляцияға түскен. Ғұндардың Қазақстанға өтуінің екінші толқыны б.з. 2 Ғ. 1 жартысында орын алды. Осыдан кейін қазақ даласында көптеген тайпалар бірлесіп одақ құрып хандықтар құра бастады. Көптеген мемлекеттер құрыла бастады. Осы мемелекеттің ішінде қазақтардыңм халық болып қалыптасуына, әсіресе екі мешіттің тарихи рөлі күшті болды. Оның біріншісі қыпшық хандығы. Қазақ халқының қалыптасуына ықпал еткен екінші мемлекет-ол Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс Қазақстанда өмір сүрген Қарахан феодалдық мемлекеті. Шығыстан моңғол тектес көшпелі халықтар жасаған шапқыншылық Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның қадыптасқан этникалық жайына соншалықты өзгерістер жасаған жоқ. Моңғол шапқыншылығының салдарынан қазақстан жеріндегі ру-тайпалардың арасындағы байланыс бұзылды деген мен тіл бірлігі жойылмады қайта моңғолдар түркіленіп кетті. Алайда қазақстан жеріндегі өмір сүретін ру-тайпалар түркі тілінде сөйлегенімен территориялық бөлінуге ұшырап Моңғол,Әбілқайыр,Ноғай, Көшпелі хандықтарының қаласында өмір сүріп жатты. 14-15 ғғ. Феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолостан, Ақ орда, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасыеда болып жатқан түрлі соғыстарға қарамастан халықтар арасындағы өзара бірігу топтасуға ұмтылу процестері барған сайын белең алып жатты. Қазақстанның ежелгі тайпалары өз мекендерінің тарихи-георафиялық, экономикалық және саяси оқшаулануының тарихи қалыптасқан жағдайларына байланысты этникалық жағынан біртұтастық пен бүтіндікке ұмтылады. Нәтижесінде үш этнткалық-шаруашылық топқа бөлінді. Үш жүз осылай пайда болды. Олар Ұлы, Орта және Кіші жүз. Ұлы жүз Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Орта жүз Орталық, Солтүстік Қазақстанды, Кіші жүз Батыс Қазақстанда болды.
...