Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тəуелсiздiгi
Автор: Gulmarall • Март 9, 2022 • Реферат • 2,935 Слов (12 Страниц) • 266 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ – ТƏУЕЛСIЗ МЕМЛЕКЕТ
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тəуелсiздiгi туралы заңы.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рəмiздерi жəне
наградалары.
3. «ҚР-ның Тiл туралы» заңы.
4.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» Қазақстан халқына Жолдауы
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТƏУЕЛСIЗДIГI ТУРАЛЫ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тəуелсiздiгi туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданды.
ЗАҢ 7 ТАРАУДАН, 18 БАПТАН ТҰРАДЫ. ОЛ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТƏУЕЛСIЗДIГIН БҮКIЛ ҒАЛАМҒА ЖАРИЯ ЕТКЕН БIРДЕН-БIР МАҢЫЗДЫ ТАРИХИ ҚҰЖАТ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
Қабылданған құжаттың I ТАРАУЫНДА ҚР тəуелсiз, демократиялық жəне құқықтық мемлекет болып жарияланды. Мұнда ол өз жерiнде өкiмет билiгiн толығынан қолданатындығы, яғни iшкi жəне сыртқы саясатын дербес жүргiзетiндiгi жəне барлық мемлекеттермен халықаралық құқық принциптерi негiзiнде қарым - қатынасын орнататындығы негiзделiндi. Қазақстан территориясының қазiргi шекарасының бiртұтастығы, бөлiнбейтiндiгi жəне қол сұғуға болмайтындығы бекiтiлдi.
II ТАРАУЫНДА республика азаматтары ұлтына, дiни сенiмiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатысына, шыққан тегiне, əлеуметтiк жəне дүние - мүлiктiк жағдайына, айналысатын iсiне, тұрған жерiне қарамастан, бiрдей құқықтар пайдаланып, мiндеткерлiктерiн атқаратындығы атап көрсетiлдi. Құжаттың егемендiктiң бiрден - бiр иесi жəне қайнар көзi республика азаматтары болып табылытындығы туралы қағидасы ерекше назарда ұстайтын тұсы.
Республиканың өз азаматтығы бар. Бiр кездерi əр түрлi тарихи жағдайға байланысты республика территориясын тастап кетуге мəжбүр болған жəне басқа мемлекеттерде тұратын қазақтарға өздерi өмiр сүрiп жатқан елдiң заңына қайшы келмесе, сол мемлекеттiң азаматы болуымен қатар, Қазақстанның азаматтығы қоса берiлетiндiгi нақтыланды. Құжаттың мемлекеттiң аса маңызды мiндеттерiнiң бiрi ретiнде мəдениеттердi, салт - дəстүрлер мен тiлдердi қайта жаңғыртып дамытуды, Қазақстанда өмiр сүрiп жатқан қазақ ұлты мен басқа да ұлт өкiлдерiнiң ұлттық қадiр - қасиетiн нығайтуды көздеген қағидаларының Қазақстан халқын бiрлiкке шақырып тұрғандығында дау жоқ.
III ТАРАУДА ҚР мемлекеттiк өкiмет органдарының құрылымы сараланды. ҚР -да мемлекеттiк өкiмет билiгi оның заң шығару, атқару жəне сот билiгiне бөлу принципiне негiзделiнгенi анықталды. Заң шығару билiгiн ҚР-ның Жоғарғы Кеңесi жүзеге асырса, ҚР-ның жəне оның атқарушы үкiметiнiң басшысы Президент болып табылады деп көрсетiлдi. Сот билiгiн ҚР-ның Жоғарғы Соты мен Жоғарғы арбитраждық соты атқаратындығы мəлiмделдi.
IV ТАРАУДА республиканың мемлекеттiк тəуелсiздiгiнiң экономикалық негiздерi анықталды. Республиканың тəуелсiз мемлекет статусына сəйкес келетiн жəне меншiктiң барлық түрлерiнiң көпқырлылығы мен теңдiгiне негiзделген дербес экономикалық жүйесiнiң барлығы атап өтiлдi. Жер мен оның қойнауы, су мен əуе кеңiстiгi, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстары, экономикалық жəне ғылыми - техникалық потенциалы ҚР -ның меншiгi болып табылатындығы бекiтiлдi.
V ТАРАУДА ҚР əлемдiк қоғамдастықтың тең құқықты мүшесi болып жарияланды, ол тəуелсiздiгiн қорғау жəне ұлттық мемлекеттiгiн нығайту мақсатымен əскери маңызды iс - шаралар қабылдайтындығы негiзделдi. Республиканың құқықтық ажырағысыз мəселелерiн шешуге қандай да болса араласу оның тəуелсiздiгiне қол сұққандық болып табылатындығы атап көрсетiлдi.
УI ТАРАУДА ҚР-ның өзiнiң тəуелсiздiгiн қорғау жəне ұлттық мемлекеттiгiн нығайту жөнiнде шаралар қолданатындығы тұжырымдалды. Республиканың құқықтық мəселелерiн шешуге араласудың қандайы болса да елдiң мемлекеттiк тəуелсiздiгiне қол сұғушылық болып табылатындығы негiзделдi. Қазақстан Республикасы тəуелсiздiгi мен территориялық тұтастығын қорғау мақсатымен Қарулы Күштерiн құруға құқылы екендiгi жəне азаматтарының əскери қызметiне байланысты шаралардың бəрiн мемлекеттiң белгiлейтiнi, өз территориясында əскер, қару - жарақ пен техника орналастыру мəселелерiн шешетiндiгi сараланды.
...