Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздерінің

Автор:   •  Декабрь 6, 2021  •  Реферат  •  671 Слов (3 Страниц)  •  328 Просмотры

Страница 1 из 3

Тарих тағылымы таңдап , талғап көрсеткендей ұлтымыздың ұлттық құндылығы мен қасиетінің биік нышанына айналған Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздерінің барша қазақ халқы мен саяси мемлекет аралық қарым- қатынастарда маңыздылығы жоғары. Әрбір ел тарихындағы рәміздердің бекітілуі және келешекте дәріптелуге мендет етілуі - келешегі кемел тәуелсіз мемлекеттің тұтқасының беріктігін көрсетеді. Ұлттық рәміздеріміздің мәнін ұғып , маңызын мейілінше жоғарылату - бүгінгі жас пен келер ұрпақ санасында патриоттылыққа ұмтылған түпкі мақсаттың тежелмес нұсқасы қашанда егемен еліміздің ертеңін жарқын етпек. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданған болатын және осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде тойланып келеді . Елбасымыз - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлі Назарбаев 1992 жылы 4 маусым күні «ҚР Мемлекеттік туы туралы», «ҚР Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «ҚР Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» тарихи заңдарға қол қою арқылы егеменді еліміздің әрбір азаматы құрметтеуге, мақтаныш етуге тиісті рәміздерімізді ресми түрде қабылдады. Бұл тарихи сәттің әрбір жүрегі ұлтым деп соққан патриот ұрпақ үшін маңыздылығы зор болды. Біздің мемлекеттік рәміздерімізге : алашымның ардақты , белгілі биік көк туы  , елімнің тарихымнан ру  таңбалық кейіпінен бастау алған , егемнді елдігімнің нышаны - елтаңбасы , ұлтым деп ұрандаған ұрпаққа ұлағат болған - әнұраны жатады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы –  Шәкен Ниязбековтың туындысы - суретшінің асқақтыққа ұмтылған шебер әрі шырайлы  ,мәні ұшаң- теңіз көк байрағымызды дәл осылай бейнелеуінің өзі тарихымыздағы ең таңдамалы тұстардың бірі болғанына тағы да бір дәлел болды.  Бірыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанның биік күмбезін елестетеді және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Ежелгі түркі тiлiнде “көк” сөзі аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркі халықтары үшін қасиетті ұғым. Түркі және әлемнің өзге де халықтарындағы көк түстің мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетеді деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн – қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн – уақыт, замана бейнесі. Қанатын жайған қыран құс – бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі. Ұлан-байтақ кеңістікке қалықтаған қаран ҚР-ның еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесінің кеңдігін паш етеді. Қазақстан Республикасынынң Мемлекеттік туы – орасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нашықталған. Туымыздағы күн бейнесі – шекарамыздың бұзылмайтындығын бейнелейді. Шексіз далада ұшқан қыран, ою-өрнек – еліміздің ұлттық жиынтық белгісі. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.Көк түс қазақ халқының ұлттық реңі деп саналады. Кезінде Түркі қағанаты (552-630 ж, 682-743 ж), Хазар қағанаты (651-983 жж.), Ұлы Селжұқ қағанаты (1040-1157 жж.), Ақсақ Темір мемлекеті, Қазақ хандығының (1465-1737 жж.) бірқатар хандары мен батырлары көк асаба көтерген. Қазақ КСР-нің (1920 — 1991 жж.) мемлекеттік жалауында да шағын көк жолақ республиканың төл болмысының нышандық белгісі ретінде пайдаланылады. «Көк» сөзінің көне түркі тіліндегі бір мағынасы «шығыс», «шығыстық» деген ұғымға сәйкес келеді. Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы 4 маусымды ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.  Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы. Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес болып келеді. Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді. Мемлекеттік әнұран — елдің музыкалық-поэтикалық эмблемасы, әдеби-сазды төлқұжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлемхат іспеттес. Оның сазы мен сөзі сипаты мен мақсаты жөнінен біртұтас шығарманың құрамдас қос қанаты тәрізді.Өнер туындысының маңызды саяси-әлеуметтік міндет атқаруының астарында айырықша сыр бар.

...

Скачать:   txt (9.2 Kb)   pdf (51.7 Kb)   docx (9.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club