Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін операцияларын талдау
Автор: saulebayeva01 • Апрель 11, 2020 • Курсовая работа • 7,846 Слов (32 Страниц) • 534 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе .....................................................................................................................3
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі- «банктердің банкі»..........5
1.1.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қызметі...............................5
1.2.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің құрылымы.........................9
1.3.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі- Үкіметтің Қаржы кеңесшісi….....................................................................................................…15
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін операцияларын талдау………….....................................……………………………………………16
2.1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша- несие саясатын индексiн талдау ...................................................................................................16
2.2. Ұлттық қор және Ұлттық Банктің жұмыс істеу перспективаларын талдау……………………………....……………………………………………...21
2.3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қызмет көрсетуінің заманауи әдістерін талдау.................................................................................................23
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің инфляция деңгейінің шарықтауын алдын алу жолдары...................................................................27
3.1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің инфляция деңгейінің шарықтауын алдын алу.....................................................................................27
Қорытынды..........................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................32
Кіріспе
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның қызметтері мен операциялары» атты курстық жұмыс «Ақша, несие, банктер» пәнінің оқу жоспары бойынша жазылып отырған теориялық және практикалық жұмыс болып табылады.
Курс жұмысын жазудың мақсаты- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің міндеті және қызметтері, құрылым мен басқару органдары, банктің операциялары, сонымен қатар банктік қызметті қадағалау және оны реттеу мәселелерін тереңірек түсіну болып табылады.
Курстық жұмыстың тақырыбын осы Ұлттық банк туралы алудың бір себебі бірінші деңгейлі банктің операциялары мен беретін лицензия құзіреттілігіне деген қызығушылық. Осы лицензия арқылы банктік ұйымдар қалай жұмыс атқарады? Қандай қызметтерді көрсетуге құқы бар және ол қызметтер экономикада қандай сипатқа ие? Міне, осы сұрақтарды негізге ала отырып, курс жұмысын Ұлттық банк туралы жазу ұйғарылды.
Ең алдымен Ұлттық банк еліміздің бірінші деңгейлі банкі болып табылады және коммерциялық банктердің, яғни екінші деңгейдегі банктердің қызметін қадағалаушы орган болып табылады. Ұлттық банктің жалпы сексен сегіз қызметі бар. Сонымен қатар Ұлттық банк елдің ақша несие саясатын жүргізуші болып табылады. Қазіргі таңда Ұлттық банктің төрағасы Ақышев Данияр Талғатұлы.
Негізі курстық жұмыс үш үлкен бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімнен Ұлттық банк туралы толықтай ақпарат ала аласыздар. Ал екінші бөлімде осы Ұлттық банктің жыл сайын nationalbankkz сайтына жүктеліп отыратын көрсетілген қызметтері бойынша статистикалық көрсеткіштер жазылған. Үшінші бөлім сәйкесінше осы алдыңғы екі бөлімде көрсетілген ақпараттарды ала отырып, Ұлттық банктің елдегі инфляция деңгейін төмендеті үшін жүргізетін шаралары қарастырылған.
Қазақстан Республикасында Ұлттық банк алғаш рет 1925 жылы КСРО кезінде ашылған болатын. Ол кезде мемлекеттер одағы болғандықтан Ұлттық банк кеңес беруші орган ретінде ашылған болатын. Ол кезде Ұлттық банк атауы « КСРО Мембанкінің Қазақ өлекелік кеңсесі» деп аталған.
Кейіннен көптеген жылдар өткен соң, Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін, ұлттық валютамыз еңгізілгеннен кейін, Ұлттық Банк орталықтандырылған банк деңгейінде өз қызметін бастаған болатын.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі— Қазақстан Республикасының орталық банкі және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы деңгейін білдіреді. 1990 жылғы желтоқсанда республиканың егемендігі жарияланғаннан кейін Қазақстан рыноктық экономика талаптарына жауап бере алатын өзінің меншікті банк жүйесін құруға кірісті. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 сәуірдегі Заңы оның банктік жүйедегі орны мен рөлін, құқықтық дәрежесін, қызметін, міндеттерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкімет органдарымен өзара қатынасын белгіледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тек Қазақстан Республикасы Президентінің алдында есеп береді.
...