“Қазақстан 2050” жобасы жайлы түсінік
Автор: Арай Паримбек • Декабрь 8, 2022 • Реферат • 2,621 Слов (11 Страниц) • 252 Просмотры
[pic 1] | “Астана Медицина Университеті” АЕҚ |
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы |
БӨЖ
2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары
Ұлттық жобалар
[pic 2]
Орындаған-
[pic 3]
Қабылдаған-
ЖОСПАР
- Кіріспе
а) “Қазақстан 2050” жобасы жайлы түсінік
б) 25 жылға дейінгі кезеңге жоспардың бағыттары
- НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- ҚОРЫТЫНДЫ
- ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Үкіметпен және сарапшылар қауымдастығымен бірлесе отырып, озық халықаралық елдердің ұқсас жүйелерінің тәжірибесін ескере отырып осы жүйені жаңартты.
Қ. Келімбетов айтып өткендей, мемлекеттік жоспарлаудың негізгі қағидаты ретінде «адам – орталық» қағидаты сақталды. Бұл дегеніміз барлық құжаттардың , оның ішінде ұлттық жобалардың азаматтардың қажеттіліктер мен сұраныстарының төңірегінде
құрылуын білдіреді.
[pic 4]
Мемлекеттік жоспарлау жүйесі жаңа құжаттарды енгізуді және қолданыстағы құжаттардың қайта жүктелуін ескере отырып, «Қазақстан-2050» Стратегиясының қазіргі заман ахуалында және әлемдік дамудың қалыптасқан үрдісімен үйлесе отырып іске асырылуын қамтамасыз ететін үш деңгейлі иерархиялық жүйені сақтап қалды.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы, бұған дейін де бірнеше рет айтылғандай, мемлекет дамуының ұзақ мерзімді пайымын айқындайтын елдің негізгі құжаты (немесе жоғары деңгейдегі құжат) болып қала береді.
«Оны іске асыру үшін анағұрлым қысқа мерзім аралығындағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындайтын Ұлттық даму жоспары енгізілді. Оның нақты басымдықтары болуы үшін Президенттің жалпыұлттық басымдықтарды білдіретін тиісті Жарлығы қабылданды», — деді Қ. Келімбетов.
2025 жылға дейінгі кезеңге арналған Қазақстан Республикасының Жалпыұлттық басымдықтары үш бағытқа бөлінген:
- азаматтардың әл-ауқаты;
- институттардың сапасы;
- қуатты экономика.
«Азаматтардың әл-ауқаты» бағыты үш басымдықты қамтиды:
- әділетті әлеуметтік саясат;
- қолжетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесі;
- сапалы білім.
«Біздің барлығымыз мемлекетіміздің осы немесе басқа әлеуметтік ішкі жүйесінің, әсіресе пандемия кезінде қаншалықты маңызды екенін сездік. Іс жүзінде барлық елдер денсаулық сақтауды дамыту модельдерін, денсаулық сақтаудың әртүрлі бағдарламаларын қаржыландыру сапасын байыпты түрде қайта қарады. Сондықтан денсаулық сақтауды дамытудың қолжетімді және тиімді жүйесінің басымдығы мемлекет айналысатын негізгі бағыт болып табылады. Бізде медициналық мекемелерді қайта жарақтандыру, барлық негізгі қалалар мен облыстарда жаңа заманауи медициналық орталықтар салу жөнінде маңызды жоспарлар бар. Сондай-ақ, ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша өте маңызды жоспарлар бар. Денсаулық сақтаудың қолжетімділігі мен тиімділігі — еліміздің басты басымдығы», — деп түсіндірді Қайрат Келімбетов ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
«Институттардың сапасы» бағыты төрт басымдықты қамтиды:
- азаматтардың мүддесін қорғайтын әділетті және тиімді мемлекет;
- мемлекеттік басқарудың жаңа моделі;
- патриотизм құндылықтарын дәріптеу;
- ұлттық қауіпсіздікті нығайту.
«Қуатты экономика» үш басымдықтан тұрады:
- әртараптандырылған және инновациялық экономика құру;
- экономикалық және сауда дипломатиясын белсенді дамыту;
теңгерімді аумақтық даму.
Әрбір басымдық 1-3 шақты өлшенетін индикаторға ие болады және оларға қол жеткізу Қазақстан азаматтарының өмір сапасына айтарлықтай оң әсерін тигізеді.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің барлық төмен тұрған құжаттары, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспары, Аумақтарды дамыту жоспары және Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы Жалпыұлттық басымдықтарды орындауға бағытталуы тиіс.
...