Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан 1921-1922

Автор:   •  Сентябрь 27, 2021  •  Реферат  •  1,790 Слов (8 Страниц)  •  387 Просмотры

Страница 1 из 8

1921-1922 жылдардағы аштық қазақ халқының басына түскен аса ауыр нәубет. Қаншама азаматтарымыз аштықтан көз жұмып, ай далада көмусіз қалды. Қаншама қазақтың ошағы сөнді. Бір үзім нанға зар болып, қолын жайып, қайыр тілеп, ауыл-ауылды аралап,  қала көшелерінде тентіреп, босып шет жұртқа кете барды

Қазақ жерінде аштыққа ұшыраған Орынбор, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей губерниялары мен Адай уезінің жағдайы аса ауыр болды. Бұл өңірлер осы уақытқа дейін де көп қиыншылықты бастан кешірген еді. Кеңестік жүйе орнағанға дейін патша үкіметінің қыспағын көрген, жерінен айырылған, отарлаушыларға кіріптар болса, ал азамат соғысы кезінде ақтар мен қызылдардың қанды қылышына ілікті.

1921 жылы аштықтың жайлап бара жатқанын айтып, дабыл қаққан газеттердің бірі - «Ақ жол»  газеті. Оның беттерінде күнделікті аштыққа ұрынған қазақ жерлері туралы ақпарат, мәліметтер жарияланып тұрды. Мәселен мына бір ақпаратта былай келтірілді: «Торғай уезінде ауру көбейіп барады. Иесіз, иен қалған үйлер бар. Қыс ерте түсті. Жер мұз. Мал өліп жатыр. Қара мал ноябрь (1920 ж. – С.Н.) басынан-ақ қолға қарады. Елде пішен аз. Ет салығын ел беріп жатыр.  Мал мен жанға ауыртпашылық бірдей түсіп, шаруа күйзеліп тұр» [1].

Газет қазақ көп шоғырланған Ақтөбе губерниясында адам да, мал да азықтың жоқтығынан қырылып жатқандығы айтылса, Шымкент уезіндегі қазақ  ауылында шешек ауруы жайлап, адамдардың өлімі көбейіп бара жатқандығы жөнінде хабар басылды.

Ел басына түскен қиын заманда Қазақ өлкелік Орталық Атқару Комитеті 1921 ж. 15 наурызында өткен РК(б)П-ның Х съезінің салғыртты салықпен алмастыру жөніндегі қарарын негізе ала отырып, осы жылдың  11-18 маусымында болған конференция барысында азық-түлік салғыртын салықпен алмастыруды бірауыздан мақұлдады [3, 177, 179-180-бб.].

Сөйтіп, азық-түлік салғыртының салықпен алмастырылуы барлық өнімдерге қатысты салық мөлшерін белгілеген құжаттар қабылдатып, сол мөлшер бойынша шаруаларға салық төлеу міндеттелінді. Жеуге азық, малын асырауға шөп таба алмай қиналған қазақ шаруалары үкімет белгілеген салықты төлеуге шамасы келмеді. Соның өзінде Жетісу облысынан  1652645 пұт астық, 293040 пұт тары, 2876 пұт кептірілген жеміс, 77458 пұт тұқым, 520864 мал басы жинап алынған [4, с.116].  

Осындай елдегі ауыр жағдайға қарамастан үкімет уезд шаруаларын салықтан босатпады, керісінше төпелеп бірінің үстіне бірін салып, оларды салыққа әбден кіріптар қылып қойды. Семей облысына қарасты Павлодар уезінің Ақбеттау болысының алтыншы ауылына қарайтын қазақтар мынадай мөлшерде салық төлеген: қой терісі – 1050, жылқы терісі –1200, сиыр терісі –250, құлын терісі –100, елтірі – 80, бұзау терісі – 20, түйе терісі – 5, түйе жүні – 15, қой жүні – 250 пұт [5]. Қарап отырсақ, бір шағын болысқа салық өткізу үшін жоғарыда көрсетілген қаншама жылқысын, сиырын, қойын, тіпті жаңа туған бұзауын союы керек екен. Малынан айырылып азықсыз қалған шаруаның әрине бұған шамасы қандай келсін. Бұл жағдайға қарамастан үкімет салық есебіне деп, қалған малын тартып ала бастады. Шала сауатты және мәдени дамуының деңгейі төмен шолақ белсенділер қорқытып, үркітумен үкіметтің бұйрық-жарлықтарын осындай жолмен орындауға тырысты. Оның үстіне қолда бар мал басын барымташылар мен банділік топтар күштеп әкетіп те жатты. Оны дәлелдейтін тарихи айғақтар жетерлік.

Оларды құрықтауға  ерекше жағдайға пайдаланылатын әскери бөлімдер (ЧОН – часть особого назначения) жіберіліп, қарақшы топтарды талқандаған. Ғалым К. Нұрпейісов ашаршылық жылдарында Бөкей ордасында осындай қарақшылық топтар құрылып, Тарғын, Нарын, Таловка, Жанғалы уездерінде ойран салып, қарсы шыққандарды өлтіруге дейін барғандығын келтірген [6, 187-б.]. Осындай аштық өршіп тұрған кезде күрескен бандалық топтармен күрес барысы 1922 жылдың жаз айларына дейін созылды.

Сонымен Қазақстандағы 1921-22 ж.ж. ашаршылықтың шығуына екі себеп, яғни Ресейдегі азамат соғысының кесірінен қазақ даласындағы шаруашылықтардың күйзеліске ұрынуы және табиғи апат, қолайсыз ауа-райының салдарынан туған жұт әсер етті. Тарихшы Т. Омарбеков Қазақстандағы  бұл ашаршылықтың шығуына ауа-райының қолайсыздығы емес, азамат соғысының тұтануынан шаруашылықтың күйзелуі, яғни большевиктердің біржақты саясат жүргізуінен деп тұжырымдаған [7, 24-б.].

...

Скачать:   txt (24.1 Kb)   pdf (95 Kb)   docx (14.2 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club