Қазақ халқының батырлары
Автор: Еркеназ Бейсенова • Февраль 12, 2023 • Реферат • 921 Слов (4 Страниц) • 244 Просмотры
[pic 1] | «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы КГКП «Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова» Управление образования Восточно-Казахстанской области | Положение СМК МИ – 7.5-07-02 Тәрбие сағаттарын өткізу туралы әдістемелік нұсқаулық/ Методическая инструкция о проведении классных часов | Издание /басылым 1/2019 Стр/бет. 2 из |
Қазақстан Республикасынын Білім және ғылым министрлігі «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМҚК
Тақырыбы:Қазақ халқының батырлары
[pic 2]
Топ жетекшісі:Бериковна Адина
Топ:35
2021 жыл
Тақырыбы: Қазақ халқының батырлары
Тәрбие сағатының мақсаты: студенттерге Қазақ елінің басынан өткен тарихын айта отырып, отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға, құрметтеуге, жадында сақтауға үйрету, студенттерді патриоттық рухта тәрбиелеу. Ел мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу
Дамытушылық: болашақ батыр ізбасарларын қалыптастыру, өз пікірлерін қорғай білуге, талдай білуге және «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» таба білуге үйрету.
Тәрбиелік:Білім алушыларды сөз мағынасының тереңдігін түсінуге, сөзге тоқтай білуге,батылдылыққа тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының түрі: шығармашылық, ізденіс тәрбие сағаты
1-студент
Қарсы тұрып қас жауына қаптаған,
Еш біріне ар-ожданын сатпаған.
Баға тайып бодандықта жүрседе,
Дархан пейіл жомарттығын сақтаған.
Мен «Қазақ» болып туғаныма мақтанам!
2-студент Қазақ халқы өздігінен ешқашан, ешкімге соғыс ашпаған, қашанда бейбітшілікті ту етіп ұстаған халық болған. Алайда, бейбіт елге көз алартушылар көп болды. Олар халқымызды қыспаққа алып, шабуылдап отырды.
Өткен жылдар өшкен жоқ, санада тұр,
Талай сауыт тоздырды дала — батыр, — деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай, солардың бәріне халқымыз қарсы тұра білді.
Тарихқа жүгінсек…….
1-студент Қазақ елі – сонау Алтайдан Перенейге дейін билік еткен ер Еділ батырдың елі. Қазақ – елі асқан батырлығымен, ақыл парасаттылығымен Мысыр еліне билік жүргізген Бейбарысытың, Үндіні билеген Бабырдың елі.
2-студент
Қазақ жері – қонақжай, төрдің жері,
Қазақ елі — қас сақтай ердің ері.
Елі кедей болмаған, жері байтақ,
Еділ ердей, Бабырдай шерлер елі.
Қазақ жері көп шеккен қасіретті,
Қазақ ері — өнерлі өсиетті.
Мысырды билеген Бейбарыстың,
Елі текті, жері қасиетті.
1-студент Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты. Елдің елдігін, ердің ерлігін сынайтын күн туды. Жауға соққы беріп, жұртты аман алып қалу үшін данышпан ата Төле би батырларды батылдыққа, елді бірлікке шақырды.
2-студент Ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары қазақ тарихының әр белесінде тұлғалық деңгейге көтеріліп отырған. Яғни олар ұлттық тұлға болған.Осы ұлттық тұлға биігіне кімдер көтеріле алған? Осы биік азаматтық мәртебеге, халықтық бағаға кімдер лайықты болған? Және қандай істері арқылы осындай дәрежеге жеткен?
1-студент Ең алдымен ұлттық тұлға деген ұғым – тарихи өлшем. Яғни тарихи тұрғыдан ұлт үшін, халық үшін орасан маңызы зор, тарихи мәні терең іс-әрекетке барған, немесе аса жауапты тарихи сәттерде халық тағдырында айрықша орны болған адамға халықтың өзі осындай ұлттық, тұлғалық деңгейге көтеретін бағаны беріп отырған. Міне қазақ тарихының әрбір белесінде осындай орасан зор халықтық мәні бар тарихи оқиғаларға араласқан, немесе осы тарихи оқиғаларды басқарған, ұйымдастырушы болған, немесе асқан ерлік көрсеткен азаматтар – халық батырлары атанған. Ұлттың тұлғалары атанған. Қазақ ұлтының бағына, тағдырына орай Тарих-ана әр ғасырда жаужүрек, батыр ұлдары мен қыздарын мол жаратқан. Ұлт содан аман қалған.
...