Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ мемлекетінің эволюциясы

Автор:   •  Октябрь 7, 2021  •  Доклад  •  894 Слов (4 Страниц)  •  1,444 Просмотры

Страница 1 из 4

[pic 1]                           УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ АЛЕЙХАН БӨКЕЙХАНА 

[pic 2][pic 3]


    Қазақ мемлекетінің эволюциясы. Қазақ мемлекетінің қалыптасуы көп уақыт пен көп күш-жігерді талап етті. Қазақ хандығы құрылуының алғышарттарының бірі сол кездегі Қазақстан жеріндегі екі мемлекеттің- Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан хандығының ішкі-сыртқы жағдайындағы оқиғалар болды. Осындай жағдайда Әбілқайыр хан Қазақстанның Оңтүстігіндегі өз билігіне мойынсұнбағандарды жазалай бастады, елде қатаң тәртіп орнады. Әбілқайырдың бұл әрекеттері халық наразылығын бұрынғыдан да өршітті. Керек мен Жәнібек Әбілқайырға қарсы шыққан қазақ тайпаларын бастап, Жетісуға қоныс аударды. Моғолстан ханы Есен-бұға Керей, Жәнібек сұлтандарды Әбілқайыр ханға қарсы пайдалану үшін құшақ жая қарсы алды. Есен-бұғаның Керей мен Жәнібекті қарсы алу себебі- Әбілқайыр хан мен Темір әулетіне қарсы күресте Моғолстанның батыс шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмытылды және шабуылына қарсы қазақтар күшін пайдаланбақ болды. Керек мен Жәнібек сұлтандар Батыс Жетісуда, Қозыбасы деген жерде қазақ хандығының туын тігіп, 1465-1466 жылы Қазақ хандығын құрды. Керей мен Жәнібектің маңында жиналғандар саны 200 мыңға жетті.

     Қазақ хандығының құрылуын, мемлекеттіліктің дамуы тұрғысынан қарастырсақ, онда ол жалпылама түрде Қазақстанның ежелгі тарихындағы сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, ерте орта ғасырлардағы Түрік, Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Қарахан, одан кейінгі Алтын Орда және Ақ Орда тарихымен тікелей байланысты. Бұл құрылымдардың атаулары әртүрлі болғанымен оларға ортақ тән нәрсе бір аймақ пен сол жерде өмір сүрген ру-тайпалар мен тайпалық бірлестіктердің тегі мен тілі, шаруашылығы мен мәдениеті, діни-рухани жағынан ортақтығы жатты. Бұлардың атауы бұрын билеуші әулеттерді шығарып отырған тайпалар атауларымен байланысты болып келсе, Қазақ хандығы алғаш рет қазақ халқының құрамына енген тайпалардың бірінің емес, барлық тайпаларға ортақ атпен атала бастайды. Бұл дегеніміз – Қазақ хандығын бір тайпаға емес, елдік бірігуінің нәтижесі болатын. Яғни, қазақ хандығы жаулап алушылық нәтижесінде құрылған жоқ, жергілікті экономикалық, этникалық негіздерден шықты.

  Жоңғар хандығы ХVІІ ғасырдың 40-жылдарынан бастап қазақ жеріне жорықтар ұйымдастырады. Дегенмен , бұл қанды шайқаста қазақтар жеңіске қол жеткізгенімен, Ресей қазақ елін отарлай бастайды.  Қазақстанды Ресейдің отарлауы 1731 жылы Кіші Жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге қосылуынан басталды. 1731 – 1860 жылдары Қазақстан Ресейге, көбіне сөз жүзінде ғана бағынып, іс жүзінде ру, тайпа билеушілері дербес саясат жүргізді.Бірақ көп ұзамай бүкіл Ресейдегі сияқты қазақ жерінде де кеңес билігі орнады.1917-1939 жылдары Кеңес үкіметі орнайды. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы болады. 1954-1962 жылдар аралығында тың игеру,1965 - 1985 жылдардағы әлеуметтік - экономикалық дамуы орнады, халық тәуелсіздікке ұмтылды. 1991 жылы КСРО ыдырап, 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» қабылданады.

      М.Қ.Қозыбаев–қазақтың егемен тарихының қайта жаңғыртушысы. М.Қ.Қозыбаев қарымды, алғыр зерттеуші ретінде өткен 100 жылдықтың 1960-1970 ж.ж. тарихшылар әулеті арасында кең танылып қалған еді. Оның 1941-1945 ж.ж. неміс басқыншыларына қарсы бүкілхалықтық күрес кезеңіндегі Қазақстан тарихына арналған іргелі зерттеулері еліміздің ғылымына қосылған елеулі үлес болатын. Ол өз зерттеулерінде қазақ халқы өзі құрамында болған алып империяның басқа да халықтарымен бірге дүниежүзілік соғыс алып келген ауыртпалықты ешқандай да мүдірместен тең бөліскендігін, сондай-ақ бұл жылдары оның үздік, жақсы қасиеттерінің көрінгендігін зерттеуші ғалым ретінде терең ашып көрсете білді. М.Қ.Қозыбаевтың зерттеулерінің негізінде тәуелсіздік алғаннан бергі 10 жыл ішінде Ұлы Отан соғысының зардабын айтуға да, жазуға да болмайтын тұстары жария болды. Қазақстанның тарихнамасы жаңа тұрғыдан зерделенді. М.Қ.Қозыбаев көп қырлы, тарих пен бүгінгі күннің өзара байланысын нәзік сезінетін зерттеуші. Оның қоғамдық сұранысты дәл басып кеңестік ұжымдастыру, 1931-33 ж.ж. ашаршылық, саяси репрессия, тоталитарлық биліктің шағын халықтарды зорлықпен Қазақстанға қоныс аударуы, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы сияқты күрделі тақырыптар бойынша жазған зерттеу еңбектері фактілік байлығы мен автордың жасаған тұжырымдарының тың, әрі батылдығымен көңіл аударып, бұл ғылыми тақырыптарға жас зерттеушілердің ден қоюына себепші болғандығын тарихшы мамандар жақсы біледі. М.Қ.Қозыбаевтың қаламынан туған “Ашаршылық ақиқаты”, “Ермак: аңыз бен ақиқат” , “Казахстанская трагедия” ,“Жауды шаптым ту байлап” т.б. көптеген туындылары халықты тарихқа жақындатып, ұлттық тарих ғылымының бас-аяғын жинап, бағытын айқындап, қалың оқырманның тарихи санасының шыңдалуына зор үлесін қосты. Біз осыған дейін ғалым тарихшы ретінде М.Қ.Қозыбаев туралы әңгіме қозғасақ, оның талантының екінші бір үлкен қыры, яғни жалынды публицист, жан кешті қайраткерлігі туралы айтпай кетуге болмайды. Мәскеу тек қана тарих мәселелері емес, еліміздің бүгінгі өмірінің өзекті проблемалары туралы ұтымды пікірлер айтып та, жазып та жүрген. Оның айтқан өткір пікірлері көпшілікті елең еткізбей қоймайды. Сондықтан да М.Қ.Қозыбаевты қалың жұртшылық ұлт ұлағатының жаршысы ретінде, табанды қоғам қайраткері ретінде жақсы біледі.

...

Скачать:   txt (12.3 Kb)   pdf (143.9 Kb)   docx (288.6 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club