Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ мемлекетінің эволюциясы

Автор:   •  Сентябрь 7, 2021  •  Эссе  •  783 Слов (4 Страниц)  •  2,506 Просмотры

Страница 1 из 4

Қазақ мемлекетінің эволюциясы эссе

Менің ойымша біздің қазақ деген жеке ұлт және мемлекет болуымыздың бірден бір себебі ол өзіміздің сонау заманнан бері ата-бабамыздан бізге мұра болып сақталып келе жатқан ол біріншіден біздің тарихымыз,екіншіден тіліміз,үшіншіден өзімізге тән салт-дәстүрлеріміз.Мемлекеттілігіміз Қазақ хандығынан бастау алады.Біз мемлекеттілік алғанға дейін Қазақ хандығы үстемдік есткен.Тарихпен бүгінді салыстырып қарайтын болсақ көптеген айырмашылықтарды аңғаруға болады.Себебі егер қазақ хандығы кезінде елде хан билесе,тәуелсіздік алып Қазақстан Республикасы болғаннан бастап президент басқара бастады.Және де қазақ хандығы жылдарында шешімді билер,шешендер ханмен ақылдасып шешіп отырған.Ал қазіргі таңда біздің елімізде министр,депутаттар бар. 1991 жылдың 16—желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды.Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің дамуы мен өркендеуіне көп үлес қосқанын ескермеске болмайды.Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір осы тәуелсіздік алған уақыттан басталады.1986 жылғы аға-апаларымыздың көтеріліске шығуының себебі тек тәуелсіздік ғана емес,сонымен қатар қазақ деген ұлтты сақтап оның жойылып кетуіне жол бермеу деп ойлаймын.Әрине біздің мемлекетіміздің тәуелсіздікті көптеген елдер оңайлықпен мойындаған жоқ.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жемісіміз ол еліміздің БҰҰ-на кіруі.1993 жылы 15 қарашада Ұлттық валюта теңге айналымға шықты. Осы күнде теңгеміз тұрақты, сенімді қаржы бірлігі болды. Жаңа Тәуелсіз Қазақстан Республикасы халықтың жаңа тиімді тұрмысын қалыптастыру жолындағы күрделі экономикалық реформаларды өте сәтті жүзеге асыра алды. Мұндай орасан зор өзгеріс оңайшылықпен келген жоқ еді.Тәуелсіздік алғалы бері елімізде көптеген өзгерістер орын алып жатыр.Тіпті қарапайым мысал ретінде Астана қаласын алуға болады.Бұл қаланың негізін елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қалады.Сонымен қатар 2017 жылы ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстанның астанасы Астана қаласында өткізілді.Қазіргі таңда елбасымыз Қазақстан Республикасының алдыңғы елдер қатарынан көрініп,біздің мемлекетімзді өзге елдердің тарихында қалдыруы үшін бар күшін салып жатыр. ХV ғасырдың ортасында Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде Керей мен Жәнібек хандар құрған ұлыс көп ұзамай бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақтағы мемлекеттің бірден-бір көрінісі болды. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Дария Қожамжарова Қазақ хандығының тарихы туралы материалын Егемен Қазақстан газетінде жариялады. Қазақ хандығы біртұтас, бір орталықтан басқарылатын мемлекеттік құрылым ретінде 1465 жылдан бастап 1847 жылы ең соңғы қазақ ханы Кенесары өмірден озғанға дейін төрт ғасыр бойы өмір сүріп, тарих сахнасында мәңгіге өз еншісін алды.Ұлы Жібек жолы бойындағы көне шаһарлар өркен жайып, қалалық сауда-саттық жүйесі қалыптасып, «Жеті Жарғы» аталатын дала заңының жиынтығы бекітілді. Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығының басқару жүйесі сол заманға сай болып, орасан зор аймақты қамтыған, әрі өзін басқа көршілеріне мойындатқан Орталық Азиядағы ірі құрылымның біріне айналды. Қазақ хандығының жүйесіндегі тағы бір ерекшелік, елдің билеушісі хан болса, оның жанында билер мен батырлар тұрды. Бұл тұлғалар, ұлттың өзін өзі тануы, басқа этностармен қатынаста өз мүддесін түсінуі нәтижесінде өмірге келсе, өз ретінде олар ұлттық ұйысудың тезірек жүруіне, ұлттық құндылықтардың пісіп-жетілуіне пәрменді ықпал жасады. Осылайша, Қазақ хандығы біріншіден, қазақ даласында өмір сүрген қағанаттар мен мемлекеттердің заңды мұрагері болса, екіншіден, қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуына тарихи сабақтастық ретінде идеологиялық тұрғыдан бірден-бір негіз қалады. Қазақ хандығының тарихындағы  маңызды және күрделі, әрі аса қызықты мәселенің бірі – хандықтың құрылуы мен Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы 2,5 мың жылдай уақытқа созылған этнопроцесс өзінің мәресіне жетіп, ұлттық сипатқа ие болып, қазақ халқының қалыптасуымен бір кезеңде жүзеге асты. Қазақ хандығының құрылуын, мемлекеттіліктің дамуы тұрғысынан қарастырсақ, онда ол жалпылама түрде Қазақстанның ежелгі тарихындағы сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, ерте орта ғасырлардағы Түрік, Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Қарахан, одан кейінгі Алтын Орда және Ақ Орда тарихымен тікелей байланысты. Бұл құрылымдардың атаулары әртүрлі болғанымен оларға ортақ тән нәрсе бір аймақ пен сол жерде өмір сүрген ру-тайпалар мен тайпалық бірлестіктердің тегі мен тілі, шаруашылығы мен мәдениеті, діни-рухани жағынан ортақтығы жатты. Бұлардың атауы бұрын билеуші әулеттерді шығарып отырған тайпалар атауларымен байланысты болып келсе, Қазақ хандығы алғаш рет қазақ халқының құрамына енген тайпалардың бірінің емес, барлық тайпаларға ортақ атпен атала бастайды. ХV-ХІХ ғасырлар арасын қамтыған Қазақ хандығы Қазақстан тарихында ерекше орын алып қана қоймай, осы кезеңде қалыптасқан ұлттық сана мен халықтың өзіне тән ерекшеліктері қазіргі біздің қоғаммен тікелей ұштасып жатыр. ХХ ғасырдың бас кезіндегі Алаш қозғалысының негізгі мақсаттарының бірі де – қазақ халқының мүддесіне сай қызмет ететін, ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру жоспары да Қазақ хандығымен байланыста дамыған. Алайда, тарих үрдісі көрсеткендей ол жүзеге аспай қалды. Ал кеңестік негізде құрылған Қазақ АКСР-ы, одан кейінгі Қазақ КСР-да қағаз жүзінде егеменді деп аталғанымен, іс жүзінде орталықтың толық бақылауында болып, ұлттық мүддеден гөрі орталықтың мүддесіне сай саясат жүргізілді. Сөйтіп, қазақтардың санасына мемлекетсіздік идеясы бірте-бірте сіңіріліп, мемлекеттілікті Ресейдің әкелгендігі сияқты қасаң қағида бірте-бірте қалыптаса бастады. Тіпті, өткен ғасырдың 90-жылдарының басында Ресейдің орталық мерзімді басылымдарында «Қазақстан Республикасы ұзақ өмір сүре алмайды. Өйткені, тарихта қазақтардың өз мемлекеті болмаған, оларға мемлекеттілік идеясы жат», деген пиғылдағы ойлардың белең алғаны бәрімізге белгілі. Мұндай пікірлер әлі де толық өшпей жатқаны шындық. Сондықтан, осындай теріс пиғылдағы көзқарастарға тек тарихшылар тарапынан жүргізілген ғылыми негіздегі объективті зерттеулер ғана тосқауыл бола алады. Осылайша, жоғарыда айтылған ойларымыздың бәрін қорытындылай келе, Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі деп есептеліп, сол кезде басталған этникалық дамуларды қазіргі уақытта ұлттық деңгейге жеткізіп, Қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына ықпалын тигізіп, Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекеттің құрылуына негіз қалап, идеологияның тарихи өлшеміне айналды

...

Скачать:   txt (11.6 Kb)   pdf (62 Kb)   docx (9.6 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club