Қазақ мемлекетінің эволюциясы
Автор: Merei Amangeldi • Сентябрь 30, 2021 • Эссе • 665 Слов (3 Страниц) • 504 Просмотры
Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
Факультеті: «География»[pic 2]
Кафедрасы: «Ғылыми география»
[pic 3]
ЭССЕ
Тақырыбы:Қазақ мемлекетінің эволюциясы
Орындаған: Елеусіз Мерей
[pic 4]
Тексерген: Ұлжалғас Джолдыбаева
[pic 5]
Алматы 2021ж
Қазақ мемлекетінің эволюциясы эссе.
Қазақ халқы мемлекет болмай тұрып мемлекет болу үшін көп қиындықты бастан өткерді. Қанша қиындық болсада халық өз елінің тілін,дінін,ділін және салт дәстүрін ұмытпады. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғанға дейін, тіпті қазақ болып танылғанға дейін күресті. Ата бабаларымыздың арқасында біз өзіміздің тарихымызды біліп жатырымыз.
Біз тәуелсіз ел болғанға дейін Қазақ хандығы үстем еткен.Бұрынғы уақыт пен қазіргі жағдай мүлдем басқа. Ол уақытта хан басқарып билесе, қазір елімізді ҚР болғаннан бастап президент басқарып келе жатыр .Елімізде бұрынғыдай бостандық үшін соғыс болып жатқан жоқ. Негізінде салыстыра берсек өте көп. Ата бабаларымыз аңсаған бостандықта, тәуелсіздікте өмір сүрудеміз.
Сонау ХV ғасырда Қазақ хандығы құрылған кездің біз үшін үлкен тарих екені анық. Қазақстанның оңтүстік шығыс бөлінінде Керей мен Жәнібек хандар құрған ұлыс көп ұзамай бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақтағы мемлекеттің бірден бір көрінісі. Қазақ хандығы 1465 жылы құрылғаннан бастап 1847 жылға дейін басқарған хандар тарих сахнасында мәңгіге өз орнын алды. Сол уақыттарда Ұлы Жібек жолы бойындағы көне шахарлар, қалалардың жағдайы , сауда саттық жүйесі қалыптасты. Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығының басқару жүйесі сол заманға сай болып , орасан зор аймаққа қазақ халқын таныстырып мойындатқан Орталық Азияның үлкен бір ірі құрылымы болды. Ханның өзі ғана емес жанында билер мен батырлар тұрды. Олардан кеңес сұрап, барлығын бірге шешіп отырды. Сол шешімдерімен біраз жерлерді бағындырып, халқын адал басқара алды. Әр ханның өзіндің ақылы, батырлығы және басқа да ерекшеліктері болды. Сол заманның үлкен күшпен күресінің, беріктігінің арқасында еліміз тәуелсіздігін алды.
...