Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ жылқысының тарихы

Автор:   •  Декабрь 24, 2024  •  Эссе  •  613 Слов (3 Страниц)  •  8 Просмотры

Страница 1 из 3

«...Біздің асыл дүниеміз бір ғана жылқымыз,

Ләззат алатын асымыз – ет, сүйетін сусынымыз – қымыз...

Қызық көретініміз – өрістегі жылқымыз...»

Қасқа жолды Қасым хан (Тарихи Рашиди)

Көшпелі қазақ халқы жылқы малына айрықша көзқараспен қарағандығы баршаға мәлім. Сүтін қымыз етіп ішіп, етін қазы етіп сыйлы қонағына ұсынған. «Жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек, Жылқыда да жылқы бар, қазанаты бір бөлек» деп қазақтар жылқыны тұқымына қарап та бағасын арттыра берген. Ахмет Тоқтабайдың «Қазақ жылқысының тарихы» энциклопедиялық еңбегі аясында мен жылқының бұрынғы қазақ даласындағы маңызы мен мәнін ашып бүгінгі таңдағы жылқының қоғамдағы рөлімен салыстыратын боламын. Бабалар аманатын жалғастыру үшін қандай әрекеттер жасалмақ?

Жылқының өн бойы тұнып тұрған пайда. «Жылқының сүті мен еті жақпаған науқас сауықпайды»  деген сөз халық арасында бұрыннан бар. Қазақ халқының даналығы сол – кез-келген малдың өнімін ысырап етпейді. Оларды барынша пайдаға жаратуды көздейді. Табиғи жолмен алынған әрбір өнімнің зияны болмасы анық. Тіпті қыс бойы сойылған соғым сүйектерін тастамай жинап отырған. Шеберлер сол сүйектерді қайнатып, майынан арылтқан соң үй жиhаздарын безендіретін әшекейлер жасаған. Жылқының тезегі сиыр, түйе, қойдың тезегіне қарағанда қызусыз болады. Қысқы жылқы тезегін бір жерге үйіп, қатырып, көктем шыққанда сылақ үшін пайдаға жаратқан. Тандыр-пештерді топырақ пен қатқан жылқы тезегін араластырып сылаған. Қазақ халқының осындай тапқыр әрекеттеріне қарап таң қала да, тамсана қарайсың. Жылқының еті мен сүтіне қазіргі таңда сұраныс өте жоғары. Шет мемлекеттерден де жылқының қымызы мен қазысына, жалы мен жаясына деген қызығушылық артып келеді. Жылқы малы тек қазақтарға ғана тән емес, бірақ табиғи жылқы өнімдерін жасауда қазақ халқы көш басында.

Қазақ халқы сан ғасырлар бойы небір тамаша батыр-қолбасыларды тарих сахнасына шығарды.  Ықылым замандардан бері жалғасқан жауынгерлік дәстүрді меңгеріп ат үстінде атой салып, жаудың бетін қашырған талай тұлғалармен таныспыз. Автор: «Ер бағынан ат бағы артық» деген қанатты сөзді басшылыққа ала отырып Абылайдың Алшаңбозы мен Құлаша аты, Қабанбайдың Қубасы, Бөгенбайдың Нарқызылы, Әбілқайырдың Ақбозы, Кенесарының Кертайлағы, Исатайдың Ақтабаны, Махамбеттің Тарлан аты тарихта иесімен қатар аталып жүргендігін мысал етеді.. Эпостық дастандарда, батырлар жырында суреттелген тұлпар көрінісі ешбір боямасыз, әсірелеусіз қалай бар, солай айтылған. Содан-ақ сал-серілердің: Біржан салдың «Бурылтай» әнінен, Ақан серінің Құлагерін жоқтауынан жылқы жануарының қазақ даласындағын рөлін көре аламыз. Ал бүгінгі күнге оралатын болсақ тарихтағыдай ат үстінде ойнақтап, кескілескен ұрыстар бола қоймасы анық. Дегенмен де атқа мініп, шабандоздық өнерді талап ететін ұлттық ойындарымыз әлі де жастар арасында ұйымдастырылып отырады. Ауқымы тар, әрі ұлттық спортты дәріптеу үшін емес, бас жүлдеге қойылған сияқыны жеңіп алу мақсатында қатысып жатқандай... Бұндай мәселелерді азайту үшін жылқы шаруашылығын арнайы мамандық ретінде енгізіп, ат баптау, салт жүру, ат үстінде шабу пәндерін қосу керек деп санаймын.

...

Скачать:   txt (8.4 Kb)   pdf (82.8 Kb)   docx (9.8 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club