Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ халқының тарихы мәдениетін зерттеудегі қазақ зиялыларының үлесі

Автор:   •  Ноябрь 12, 2021  •  Курсовая работа  •  3,662 Слов (15 Страниц)  •  297 Просмотры

Страница 1 из 15

                         Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам   

                          ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ

      АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

                                                      Әлеуметтік пәндер кафедрасы

                                №1 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С

                                  Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні

  Тақырып: Қазақ     халқының     тарихы   мәдениетін    зерттеудегі                қазақ             зиялыларының үлесі.

 Мамандығы:Механика және металл өңдеу

 Орындаған:Құрманбек Асылбек                      Тобы:ПСК 21-2

 Тексерген: Доцент Раджапов Анарбай Ускеньбаевич

                                                     08.10,2021ж[pic 1][pic 2]

                                                   Алматы,2021

                                                   


   Қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеудегі қазақ зиялыларының үлесі

Кіріспе:Бұл семестрлік жұмыста мен қазақ зиялыларының ел тарихына қосқан үлестерін айтамын.Жалпы қазақ тарихын алып қарайтын болсақ, сонау қазақ хандығы құрылғаннан бастап ақ қазырғы заманымызға дейін зиялыларымыздың орны ерекше екенін айтпай кете алмаймыз.Ел дауын шешкен билеріміз,қазақ елінің үш алтын тұғыры десек қателеспейтін Тәуке,Қазбек,Әйтеке билеріміз жауға қарусыз ақ тойтарыс берген.Үш жүзді басқарып жеті жарғы жазып ел бірлігін сақтаған.Cонау басынан алмай ақ қазырғы зиялылар туралы айтайықшы.Абай Құнанбаев.Иә Абай атамыз туралы айтпай кете алмадым.Әкесі Құнанбай жастайынан болыс қылып ел басқарғызған.Қазақ поэзиясының ең биік шыны екені сөзсіз.Орыс құрамында жүріп ақ бас имей сауатының арқасында дараланған.Ол өз заманынан озып туған деген сөзге толықтай келісемін.Олай дейтіні бұрын жазып кеткен енбектері тура қазырғыны сипаттап кеткен.Адами болмысты тура сипаттап берген.Одан бергі жиырмасыншы ғасырдағы ақын жазушыларымыз туралы ашып айтатын боламын.

Жоспары:

1) Ұлт зиялыларының қазақ халқының рухани өміріндегі ролі

2) Қазақ ағартушыларының мәдениетке қосқан үлесі

3) Қазақ зиялыларының ғылымдағы рөлі


   Ұлт зиялыларының қазақ халқының рухани өміріндегі ролі 

 «3иялы» бұл араб сөзі. Оқыған, білімді азамат деген ойды білдіреді. Яғни ол мағынасы жағынан орыс тіліндегі «интеллигент» сөзіне жақын. Ал орыс тіліндегі «интеллигенция» сөзінің әлеуметтік жүгі бар. Ол басым түрде қоғамдық өмірде өз орны мен ұстанымы арқылы танылған әлеуметтік күшті еске салады. Түп-төркіні еуропалық бұл сөзге ХІХ-ХХ ғасырлардағы орыс шындығы дербес мазмұн және сипат берді. Ресейлік зерттеушілердің пікірінше қоғамдық күш ретінде орыс интеллигенциясының шынайы қызметі XIX ғасырдың 60-шы жылдары мен XX ғасырдың 20-шы жылдары аралығына тұс келеді. Осы тарихи кезеңде ол өсу, жіктелу және дағдарыс сатыларынан өтіп, социалистік қоғам тұсында өзінің бұрынғы белсенді қоғамдық қызметінен ығыстырылды. 

  Ресей империясында өткен 1917 жылғы тарихи өзгерістер және оның ізін ала 20-30-шы жылдары жүргізілген түбегейлі кеңестік реформалық шаралардан соң осы мезгілде зиялылар жүріп өткен жолды, олардың іс тәжірбиесін еркін талдауға алған бірден-бір зерттеуші тұлға М. Шоқай болды. Сондай-ақ оның бұл міндеті жоғары дәрежеде әрі адал орындап шыққанын атап айтқан жөн. М. Шоқай өзінің «Ұлттық зиялы» аталатын мақаласында «зиялы» деген ұғымга мынадай анықтама береді: «Ұлттық зиялы деп кімдерді айтамыз. Бір қарағанда жеңіл көрінгенімен, шын мәнінде бұл сұрауға дұрыс жауап қайыру оңай емес. Оқыған, тәрбие көрген адамның бәрін зиялы деп атап, оны сол адам өзі тән болған ұлттың «ұлттық зиялысы» қатарына қоса беруге болады деп ойласақ, сөзсіз қателесеміз. Біздіңше, белгілі бір мұрат-мақсаттардың соңында жүрген және сол белгілі мұрат-мақсаттары төңірегіне жиналған оқымыстыларды ғана зиялы деп айтуға болады. Ұлттық зиялылар қатарына тек өз халкының саяси, экономикалык және әлеуметтік дамуына қалтқысыз қызмет ете алатын адамдар ғана кіре алады. М. Шоқай берген анықтамадан анық байқалып тұрғандай, бұл әлеуметтік топқа жатқызуға болады деген кісінің білім дәрежесі немесе алған тәрбиесі зиялылықтың басты өлшемі немесе көрінісі бола алмайды. М. Шоқай түсінігінше зиялылықтың басты өлшемі оның қызметінің ұлт өмірінің негізгі сұраныстарына сәйкес болуында, олармен үйлесімді жүруінде. М. Шоқай осы аталған мақаласында «халық» және «ұлт» ұғымдарының өзара айырмашылығына тоқталып, «халық бірін-бірі және өзін-өзі басқара алмайтын, басқалардың басқаруында ғана болатын тобырлар», ал «ұлтбасқаларға тәуелді болмаған, өзінің мекемелеріне ие және өзінің бірыңғай мүддесі бар халықтар жиынтығы. 

...

Скачать:   txt (46.2 Kb)   pdf (233.9 Kb)   docx (358.5 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club