Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері

Автор:   •  Сентябрь 21, 2020  •  Реферат  •  1,584 Слов (7 Страниц)  •  1,138 Просмотры

Страница 1 из 7

Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері, Тұрсынов Е.Д. Алматы, Қазақ ССР «Ғылым» баспасы, 1976 ж.

      200 бет.

            «Сал», «сері» сөздерінің этимологиясы жайында

Салдарға тән салтанаттықты, сауықшылдықты айта келе, проф. Е.Ысмайлов «сал» сөзін «салдырту », «салтанат» сөздерімен түбірлес  сөз деп тапқан (Исмаилов, 1957; Исмаилов,Турсунов,1968,стр.402). Ғылымның айтқан бұл пікірімен келіспеу қиын. Осы этимологияны мынадай фактілер де дәлелдеп отыр: орта ғасыр түркілері құмыраларға жағылатын әсем, жылтырақ желімді «сал» деп атаған (Қошғарий,1963, 172-бет); қырғыздар «сал» сөзін екі мағынада қолданады: 1. «Ер жігіт», «екі иығына екі кісі мінгендей қайратты жігіт»(«Керилген мыкты сал элем,кемирейген чал болдум»); 2.«сал-манап» деп, той-думанмен өткізетін бай семьялардан шыққан жастарпды айтады (КРС, 1965, стр.624).

«Сері» сөзін проф. Е.Ысмайлов арабтың «сейір» және онымен түбірлес «серуен» «сайран салу» сөздерімен байланыстырады (Исмаилов,1957, Турсунов, 1968, стр.402.) Алайда, бұл этимологияның осал жері бар. Даланы кезіп, ауыл-ауылды аралап, сайрандаған жалғыз серілер емес, ел кезіп, өнер көрсету салдарға да, ақындарға да, жыршыларға да тән.

Біздіңше, «сері»  сөзінің этимологиясы серілердің пайда болып, қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Салдардың бір кездегі соғыс жүргізу және байлығы жағынан өзге руластарынан оқшаулана бастаған жеке адамдардың мақсат-мүдделерін қорғау үшін құрылған ырыми құпия одақтардан шығып өрбігендігін көрдік. Серілерді осы әрі жаукынгер, әрі артист одақ мүшелернінің қасында «фанаунау» міндетін атқарған серіктерімен тамырлас екендігін мойындасақ, сері сөзінің түпкі мазмұнын сері типінің генезисіне байланысты анықтауға мүмкіндік аламыз. Бұл сөз  «черік» түрінде ежелгі түркілердің тілінде  «әскер,қол» деген мағынаны білдірген (ДТС, 1969, стр.144.) Қырғыздар «черик» деп әскерді айтады (КРС, 1965, стр. 858.) Құмық тілінде «чер» – «жақтас», «серік» деген сөз (КРС,1969, стр.357,) қалмақтар жасақшыны «цергч», моңғолдар« цэрэг» дейді (КРС,1964, стр.77, Дамдинсүрэн, Лувсандэндэв,1967,91-нүүр). Сахалар руаралық, тайпааралық соғыстарға қатысатын жасақшыларды «қырғыс дьоно», яки «сэри» деп атайды:сэттэ уон аттаах сэрии-кыргыс дьоно... ыллыы-ыллыы. .. кэлэллэр – сексен атты сэри-қырғыс жоно... өлең айтып... келе жатыр (Эргис, 1960, стр. 205,209.)

Демек, «сері» сөзінің түпкі мазмұны- «жасақ құрамындағы жауынгер», «жасақшы», «жорықтағы серік». Құпия одақтардың ыдырау кезеңінде одақ мүшелерінің соңында жүріп, алғашқы салдардың кейбір ойындарына қатысқандықтарына байланысты «сері» сөзі қосымша «серік», «нөкер» деген мағынаға ие болды. Салдар артистік, ақындық топ болып қалыптаса келе,салдықтың озық дәстүрлерін: ақындығын,мырзалығын, паңдығын әрі қарай дамытып, ақындардың ерекше бір тобы болып қалыптасқан серілердің атауы эпитет ретінде қолданыла бастап, «ең жақсы», «мықты», «жомарт» т.б. деген мағыналарға ие болды. Мысалы, қазақта «жігіттің серісі», түрікменде «ғызларың сереси» деген сөз бар.

                              Сал типінің пайда болу кезі жөнінде

Түркі-моңғол тайпаларының ырыми құпия одақтары туралы қолда бар деректеріміз өте аз. Анығын айту керек: бұл мәселе түркі-монғол этнографиясы мен фольтклористикасында осы  күнге дейін зерттелмей келе жатыр. Сондықтан құпия одақтардың қай кезде пайда болғандығы туралы үзілді-кесілді пікір айтуға мүмкіндігіміз шамалы. Бұл – болашақ фольклоршылардың үлесіне тиетін тақырып. Әйтсе де, қазіргі ғылым қорында жиналған аз да болса мағлұматтарды қарастырғаннан туған болжамдарымызды  айтып беруді  зерттеушілік парызымыз деп есептейміз.

Ырыми құпия одақтардың идеялогиялық негізі ˗жаңғырған мифология екендігі жоғарыда көрсетілген болатын. Мифологияның жаңғыруы тотемизмнің жаңа сипатқа ие болуы, тотем – ру атасы болып есептеле бастауы, нагуализмнің қалыптасуы, әскери магияның және әскери аруақтарға табынудың пайда болып дамуы жолымен өткендігін де көрдік.

Тарихи – археологиялық мағлұматтарға қарағанда, андроново дәуірінің атасу кезеніңде б. з. б. XIV-XII ғғ. Сарыарқа даласын жайлаған ру, тайпалар ішінде аталық үлкен отаулардың оқшаулану процесі едәуір күшейгенге ұқсайды. Осы кезеңнен қалған зираттардың ішінде жеке аталық отау мүшелері көмілген молалардың саны бұрынғыға қарағанда күрт көбейіп кетті. Жеке отаулар өздерін ру ішінен оқшауланған жеке шаруашылықтар деп есептей бастағандығы байқалады. Жеке  отау мүшелерінің меншікті мал-мүлкі көбейіп, олар рудың өзге мүшелерінен тәуелсіз болуға ұмтыла бастағанға ұқсайды. Демек, жаңа сападағы қандас туыстық қатынастар қалыптаса бастады: бұрын бүкіл ру мүшелері бір-бірімен қандас туыс болып есептелген болса, жаңа жағдайда бұл қандас туыстық қатынастармен қабат жеке отаулар

...

Скачать:   txt (19.9 Kb)   pdf (81.5 Kb)   docx (12.4 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club