ҚАЗАҚ эволюциясы
Автор: akerkeka • Март 16, 2021 • Эссе • 508 Слов (3 Страниц) • 473 Просмотры
Көшпенділер мемлекеттерінің үш үлгісі бөліп көрсетіледі. Көсемдік – туыстыққа негізделген, мұрагерлік билігі бар көсем басқаратын саяси құрылым. Мұндай мемлекетте әлеуметтік жіктелу орын алады. Ерте көшпенділер империясы – рулық және рудан тыс байланыстарға негізделген көпсатылы саяси құрылым. Дамыған көшпенділер империяларында ғана мәжбүрлеу жүйесі мен заң пайда болды. Сақтар патшалықтары көсемдіктері, яғни туыстас тайпалардың әскери-саяси одақтары болды. Бұл тайпалар туралы Геродот, Полиен, Помпей Трог, Страбон бірқатар құнды дерек жеткізді. Сақтар археологиялық ескерткіштер – Бесшатыр, Есік, Шілікті обаларын қалдырды.
Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірі (ІІ – V ғғ.) Қазақстанның, Орта Азия мен Шығыс Еуропаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. Жетісу жерін мекендеген үйсіндер туралы алғашқы хабарлар б. з. б. ІІ ғасырдың аяғында пайда болады. Сюннулер (ғұндар) сияқты, олар да үш бөлікке: сол қанат, орталық және оң қанат болып бөлінген. Кейбір деректерде қаңлылардың 120 мың отбасынан, 600 мың жаннан, 120 мың әскерден құралғаны және Сырдария бойын мекендегені айтылған.
Ерте орта ғасырларда Қазақстанда Түрік, Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Кимек, Оғыз мемлекеттері болған еді. Дамыған орта ғасырларда Қарахан, Қыпшақ және Шыңғыс хан бастаған моңғол-түрік тайпаларының құрған мемлекеттері болды. Олар: Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан мемлекеті. Ақ Орда хандығының астанасы Сығанақ болды. Соңғы ханы – Барақ.
Кейінгі орта ғасырларда Қазақ хандығының (1465 – 1466 жж.) құрылуы. Алғашқы хандарымыз Керей мен Жәнібек, Қасым хан, Тәуекел хан, Есім хан, Тәуке, Абылай хан билігі кезінде еліміздің территориясы, шаруашылығы дамыды және заңдар жүйесі қалыптасты.
Қазақ хандығының Ресей империясымен одақтасу идеясы жоңғар хандығымен соғыс кезінде іске асырыла бастады. Ресей империясы қазақ жерін Шығысқа шығатын жол санады. Осы саясатты іске асыру үшін қазақ жерін отарлауға көшті. Отарлау 1731 жылы басталып,
...