Этнология: ғылымның қалыптасуы, пәні, әдістері
Автор: guldariya87 • Октябрь 14, 2023 • Лекция • 4,595 Слов (19 Страниц) • 211 Просмотры
Тақырып 1. Этнология: ғылымның қалыптасуы, пәні, әдістері
- Этнологияның ғылым ретінде қалыптасуы
- Этнологияның пәні
- Этнологияның әдістері
1.1 Этнологияның ғылым ретінде қалыптасуы:
Көне дәуір. Этнология ғылымы XIX ғасырдың ортасында ғана қалыптасып болғанымен халықтар туралы дерек сонау көне дәуірлерден бері белгілі. Көне шығыс өркениеттерінің ескерткіштерінде әртүрлі халықтардың атаулары, сыртқы пішіндері туралы мәліметтер келтірілген. Мысалы:
- вавилон, ассирия, парсы патшаларының әртілде сөйлейтін халқтары бар елдерді жаулап, бағындырғандары туралы жеңіс құрметіне арналып тасқа, саз тақтайшаға, ағаш қабығына, теріге жазғызған жазбалар;
- көнемысырлық пирамида мен храмдарда әртүрлі сыртқы пішіндегі және әртүрлі киімде бейнеленген адамдар бейнесі. Бұл этнографиялық байқаулардың ең алғашқы тіркелуі;
- Інжілде әртүрлі халықтар туралы көптеген мәліметтер келтіріледі. Одан біз ең көне этнографиялық аңыздарды: көнедегі Нұқ пайғамбар, Авраам т.б. ұрпақтарының шығу тегі туралы шежірелік мәліметтерді кездестіреміз;
- Антикалық әлемнің жазба ескерткіштері ізімен сонау гомер кезінен бастап біртіндеп, гректердің, кейін римдіктердің, алдында жақын эгей әлемдегі, кейін одан тыс жатқан жерлерді мекендеген халықтар туралы білімі қорланып отырғанын көруге болады;
- Көне дәуірдегі шығыстағы этнографиялық мәліметтердің қорлануында қытай, үнді, парсы өркениеттерінің жазба ескерткіштерінің алатын орны ерекше. Олардың ішінде халықтар туралы мәліметтің нақтылығы жағынан қытай тарихнамасы бәрінен алда болды.
Басында таңғажайып аңыздармен араласқан білім, кейін біртіндеп айшықтанып, нақтыланып отырды. Рим империясының соңғы кезеңінде, жаңа эраның бірінші ғасырларында өркениетті грек-рим әлемі Европа, Алдыңғы Азия, солтүстік Африка, Британия аралдарынан Үндістанға дейінгі ұлан байтақ кеңістікті мекендеген халықтар туралы шынайы мәліметке ие болып отырды.
Бұл мәліметтер құр қорланып қана қоймай сол заманның ойшылдары, жазушылары, ғалымдарының талқысына түсіп, халықтар арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтардың сырын ашуға, түсіндіруге тырысты. Мысалы:
- Гиппократ, Аристотель, Посидонилер географиялық ортаның әсерінен деп түсіндірді;
- Геродот, Страбондар өзара мәдени ықпал әсерінен деп түсіндірді;
- Демокрит, Лукрецийлер мәдени дамудың деңгейі әсерінен деп түсіндірді;
- Геродот, Тациттер кейде халықтардың шығу тегі, олардың арасындағы туыстық байланыс жөніндегі мәселелерді қойды;
- Кей авторларда, мысалы Тациттің шығармаларында этнографиялық мәліметтер моральды насихаттау мақсатында баяндалды;
Ортағасыр және жаңа кезең. Антикалық өркениеттің V-VI ғасырларда құлдырауы этнографиялық ой-өрістің күрт тарылуына алып келді.
Феодалданған Европаның саяси бөлшектенуі мәдени көкжиектің аясы ұсақ графтық пен княздықтардың шеңберінен аса алмай қалуына себеп болды. Бұқара халықты айтпағанның өзінде ел билеуші мырзалардың өзінде ғылыми қызығушылық түгілі, қарапайым білуге құмарлықтың өзі жойылып кетті. Білімділіктің қалдығы тек христиандық дін басыларда ғана сақталды. Бірақ оның өзі христандық діни ілім руһына сай зайырлы, «жербетілік» білімге кері, жағымсыз көзқараста болды.
Ортағасырдың бірінші жартысы этнографиялық білімнің соншама таяздап кеткен дәуірі болды. Тек Византияда ғана антикалық дәстүрдің сарқыншақтары сақталып қалды.
Оның шығысында VI ғасырда - Прокопий, Иордан, IX ғасырда – Маврикий, X – ғасырда - Константиннің шығармалары дүниеге келді. Олардың еңбектерінен шындыққа неғұрлым жақын келетін этнографиялық мәліметтерді табуға болады. Олар әскери және коммерциялық анықтамалар еді.
Батыс өңірде IX-X ғасырларда орын алған викинглердің жорығы, XII-XIII ғасырлардағы крестшілер жорығы басқа халықтар туралы білімге қызығушылықты тудыра алмады. Тек сол кездегі XI-XII ғасырдың шіркеу тарихшылары: Адам, Титмор, Гельмольд еңбектерінен солтүстік-шығыс европа халықтары, Прибалтикалық славяндар туралы мәліметтерді кездестіруге болады.
...