Шаруашылығы және тұрмысы
Автор: Ayaylym • Март 5, 2026 • Реферат • 18,602 Слов (75 Страниц) • 6 Просмотры
ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТҰРМЫСЫ
Қазақтардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болды. Қазақтардың бас- ты байлығы болған мал оларды тамақ өнімдерімен, киім-кешек және тұрғын үй материалымен қамтамасыз етіп отырды, сондай-ақ көлік қызметін де ат- қарды. Ол сонымен бірге оларға көрші халықтармен ең қажетті заттарды айырбастап алатын қаражат көзі болды. Көшпелілер өміріңде малдың ма- ңыздылығын Ш. Ш. Уәлихановтай мейлінше дәл көрсету мүмкін емес, ол былай деп жазған: «Дала көшпелісін ішіп-жегізетін де, киіндіретін де мал, ол үшін өз тыныштығынан малының аман болғаны қымбат. Жұртқа мәлім, қырғыздар бір-бірімен амандасқанда: «мал-жаның аман ба?» деген сөздер- мен бастайды. Отбасының мал жайын алдын ала сұрастыруы көшпелілер өмірінде малдың қаншалықты маңызы барын айқын көрсетеді»¹.
Қазақтар негізінен қой, жылқы және түйе өсірген; қазақтардың шаруа- шылығында ірі қара болмашы орын алған, өйткені ол жыл бойы бағуға, әсірece қыс кезінде қар астынан тебіндеп жайылуға нашар бейімделген. Бұл орайда қазақтарда шаруашылық жөнінен қой жетекші орын алды. Шайбани ханның (1510 жылы өлген) айтуынша, қой малы Қыпшақ даласы көшпелілерінің бас- ты байлығы саналды. Қойдың еті мен сүті тамақ болды, терісі мен жүні киім- кешек, аяқ киім, ыдыс және шаруашылыққа қажетті басқа да көптеген заттар дайындауға жұмсалды. Қойдың майы мен хош иісті шөп күлімен қазақтар сабын дайындаған, оның түсі қошқылтым болып, киім-кешектен қандай да болсын дақтарды жойып жіберетін.
Көз көргендердің айтуынша, далалық жерлердегі қыпшақ қойлары төзімділігімен, ірілігімен және еттілік-сүттілік жағынан жақсы қасиеттерімен ерекшеленген. Мәселен, Танада бірнеше жыл тұрған XV ғасырдағы Венеция көпесі И. Барбаро дештілік көшпелілер өсіретін малдың негізгі түрлері тура- лы былай деп жазған: «Бұл халық өсіретін жануарлардың төртінші түрі сирағы ұзын, сабалақ жүнді аса ірі қой, олардың кейбіреулерінің құйрықта- рының әрқайсысы он екі қадаққа дейін салмақ тартады. Мен доңғалақ бай- ланып, оған құйрығы артылған сондай қойларды көрдім. Татарлар сол құйрық майын тамаққа қатық етеді, етпен қосып турайды, құйрық майдың дәмділігі сондай ауызға салсаң, еріп кетеді»². XVI ғасырдың орта шенінде Арал өңірінің далалық кеңістігінде болған ағылшын А. Дженкинсон де он- дағы қойлардың ірі, құйрықтары үлкен, салмағы 60-80 қадақ болатынын атап өткен. Жазбаша деректемелерде Қыпшақ даласының көшпелілерінде «қой- дың көп» екендігі үнемі атап өтіледі. Дегенмен де ұсақ малды жайылымда бағып, күзететін адамдар саны өте аз болған. Қой бағушыларды көрсету үшін орта ғасырлардағы мұсылман авторлары әдетте шупан немесе шобан деген парсы-түрік сөзін қолданады (қазақтарда неғұрлым көп қолданылатыны қойшы деген сөз). Қой бағушылардың негізгі құрамын тұтқындар, жетім балалар құраған. Қой бағушылар көшпелі қоғамда дәстүр бойынша ең. төменгі әлеуметтік топты құраған. Көшпелі өмірінде жылқы ерекше рөл атқарды. Көшпелілер жылқыны салт мініп жүру және күш көлігі үшін пай- даланып қана қойған жоқ, оны олар тамақ та, киім де етті. Бірде-бір той ат жарысынсыз өткен емес; қолы бос кезінде дала тұрғындары құйрық-жалы жер сүзген әдемі айғырларға еріп жөңкілген емін-еркін жылқы үйірлерін көзге сүйініш еткен. Бұл жағынан Мұхаммед Хайдар Дуғлаттың қазақ ханы Қасымның (1518 жылы өлген) аузынан есіткен мына сөздері ерекше көңіл бөлерлік: «Біз — дала тұрғындарымыз; бізде сирек кездесетін қымбат бұйым- дар да, товарлар да жоқ, - дейді ол моғолдардың басшысы Сұлтан Саидқа, біздің басты байлығымыз жылқы; оның еті мен терісі біз үшін ең жақсы ас әрі киім, ал біздің ең сүйікті сусынымыз да соның сүтінен дайындалады, біздің жерімізде бау-бақ та, ғимараттар да жоқ; біздің көңіл көтеретін жеріміз - мал жайылымы мен үйірлі жылқы, сондықтан біз аттарды қызықтау үшін жылқы үйірлеріне барамыз»³.
Дала жылқысы мейлінше төзімділігімен, күй талғамайтын
...