ХАЭЭ Әмудария бойындағы зерттеулері
Автор: akhmetovabaglan0 • Апрель 15, 2023 • Реферат • 933 Слов (4 Страниц) • 286 Просмотры
ХАЭЭ Әмудария бойындағы зерттеулері
Жоспар:
1. ХАЭЭ жалпы сипаттама
2. ХАЭЭ Әмудария бойындағы зерттеулері
Хорезм- Орталық Азиядағы ежелгі тарихи аймақ, Әмударияның төменгі ағысы мен Өзбекстан мен Түрікменстан жерінде орналасқан. Ежелгі кезеңнен бастап бұл аймақта өзіндік цивилизация болып, гүлденді.
Хорезм аймағына көптеген археологтар мен ғалымдар қатты қызықты. Соның бірі С.П.Толстов- кеңес тарихшысы, этнографы, археологы, Орта Азия тарихын зерттеуші. Көрнекті ғалым Орта Азияға қызығушылығы нәтижесінде Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясын (1937-1997ж.ж.) ұйымдастырды. Бұл Кеңес Одағында ғана емес, әлемдік археологиялық тәжірибеде де ең ірі экспедицияның бірі болды. Аумақтық қамту, зерттелген ескерткіштер мен жарияланған материалдардың саны бойынша, археологиялық және этнографиялық зерттеулерді ұйымдастыру және оларға кешенді көзқарас тұрғысынан алғанда бұл экспедицияның әлі күнге дейін баламасы жоқ. Жұмыс үш Республика – Өзбекстан, Қазақстан және Түркіменстан аумағында өтті, олар бірнеше жүз мың шаршы шақырым аумақты алып жатты, ал аэрофототүсірілімді ескере отырсақ, зерттеу алаңы бес миллион гектарға дейін жеткен. Географиялық тұрғыдан - бұл Оңтүстік Қызылқұмды мен Солтүстік Қарақұм, Каспий маңы өңірі, Шығыс Арал өңірі, Сырдарияның төменгі ағысы мен Әмударияны қамтыды.
Экспедиция жарты ғасырдан астам уақыт бойы наурыз айынан қараша айына дейін жыл сайын үздіксіз жүріп отырды. Бір уақытта 10-15 жасақ жұмыс істеді. Қазба жұмыстары кезінде ресейлік археологтар экспонаттарды Мәскеуге ұшақпен жеткізілген қораптарға жинады. Домодедово әуежайында тіпті ХАЭЭ арнайы базасы болды, ол өкінішке орай 1990 жылдардың басында жабылды.
2. . ХАЭЭ Әмудария бойындағы зерттеулері
Әмудария өзені
Әмудәрия– Орталық Азиядағы ең ірі және суы мол өзен. Пяндж және Вахш өзендерінің қосылған жерінен Әмудария (ежелгі атаулары Әму, Оксус, Балх, Жәйхун) деп аталады. Ұзындығы 1415 км (Пяндж өзенінің бастауынан есептегенде 2540 км), алабының ауданы 309 мың км².
Бастауы Әмудария Гиндукуш тауының (Ауғанстан және Пәкістан жеріндегі тау) солтүстік беткейінен бастау алады. Негізгі салалары: Гунт, Бартанг, Язгулем, Ванч, Қызылсу, Кафирниган, Сурхандария, Құндыз, Шерабад. Жазыққа шыққаннан кейін 1100 км бойы Тұран ойпатының шөлді аймағын басып ағады. Бұл бөлігінде өзенге бір де бір сала қосылмайды. Арал теңізіне құяр жерінде тарамданып (Талдық, Қазақдария, т.б.) кетеді де зор ауқымды атырау (7000 км²) құрайды.
ХАЭЭ Әмудария бойындағы ескерткіштер
Амудария мен Сырдарияның төменгі ағысындағы ең танымал ескерткіштер, Топрак-кала, Амударияның оң жағалауында суландыру құрылыстарынан кейін салынған және қорғаныс үшін бір-біріне жақын орналасқан сәнді Канга-кала, Жанбас-кала, Базар-кала, Кыркыз, Кургошин-кала және Аяз-кала созылып жатты. Ғалымдардың пікірінше, бұл сол кезеңдегі Хорезмнің нақты күшін көрсетті.
Көкша-3 (Кокча-3)Арал теңізінің оңтүстік бөлігінде, Амудария сағасындағы Сұлтанүйіздаг жотасының жанында орналасқан. 1954-1955 жылдары Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясында М.А. Итина мен С. П. Толстов қорымды зерттеді. Ақшадария арнасынан 100-ден астам жерлеу орны табылды. Қорымның маңында елді мекендер сақталған. 74 қорған қазылды. Қола дәуіріне тән тас қоршау болмағаны, мәйіті тікбұрышты шұңқырларға көмілгені анықталды. Кейбіреулерінде жұптасқан жерлеу орындары бар. Тақырыптық мәліметтердің негізгі тобы-қыш ыдыстар, геометриялық өрнектермен безендірілген 76 құмыра, көптеген қола, білезіктер Андронов мәдениетінің дәстүрлеріне ұқсас. Бейіт Тазабағия мәдениеті ескерткіштеріне жатады. Ғалымдардың пікірінше, бұл мәдениет Қазақстан аумағынан қоныс аударған және Андронов мәдениетін қалыптастырған тайпалардың ықпалы нәтижесінде қалыптасты. Кейде оны жеке мәдениет емес, Оңтүстікте ерекшеленген қазақстандық Андронов мәдениетінің нұсқасы деп те атайды. Б. з. д. 13-11 ғасырларға жатады.
...