Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Түркілердің исламдану процесі

Автор:   •  Декабрь 8, 2018  •  Реферат  •  3,950 Слов (16 Страниц)  •  1,125 Просмотры

Страница 1 из 16

ЖОСПАРЫ

Кіріспе

I.Түркілердің  ежелгі  наным сенімдері

1.1.Пұтқа табынушылықтың түркі әлеміндегі  орны

1.2.Түркілердегі тәңірлік ұғымы

II.Түркілердің  исламдану  процесі

2.1.Ислам дінінің таралуының алғышарттары

2.2.Қараханидтер дәуіріндегі  ислам дінінің таралуы

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Тақырыптың өзектілігі. Адамзат тарихында көптеген мемлекеттер іргелес елдер мен халықтарға өз ықпалын тигізіп отырды, сондай халықтардың бірі түркі тілдес халықтар. Ол өз кезегінде Еуразияның ортағасырлық тарихында маңызды орынға ие болды. Жошы Ұлысының ортағасырлық империяға айналуы, көптеген этностардың біріккен күші болуында және мәдени және тарихи дәстүрлердің орталығына айналуында болды. Осындай үрдістер нәтижесінде өркениеттік ерекшелігін қалыптастырды. Түркілер құрамындағы әртүрлі халықтар тарихи-мәдени ерекшелігіне қарамастан әлеуметтік-мәдени және этно-саяси дәстүрлердің ерекшелігін қалыптасуына бірден-бір себеп болған ислам діні еді. Ислам бұл үрдістерді бірегей құрылымға айналдырды. Жошы Ұлысы тұсында ислам діні алғаш рет Шығыс Еуропа мен Орта Азия тарихында мемлекеттік және аймақтық шекарадан шыға бастады. Ендігі жерде ол еуразиялық түркі империясының діні болып қалыптасты. Соның негізінде ортағасырлық тарихшы Жувейни (XIII) моңғолдардың жорықтары ислам дінінің таралуына негіз болды, деп жазды. Міне осындай жағдайда Жошы Ұлысында ислам дінінің кең қанат жаюы көпқырлы болды. Бұл жағдай саяси және мәдени контексте қарауға қиындық туғызады. Себебі, XIII ғасырдың ортасында бірнеше қанды-қырғыннан кейін Солтүстік Еуразияның елдері мен қоныстары Жошы Ұлысына бағынышты болды. Бұлғария бірнеше эмиратқа бөлініп, Шыңғыс тұқымдарына бағынып кетті. Моңғолдар басып алған елдерінің дініне аса мән бермеді. Соның негізінде ислам Жошы ұлысындағы көп діннің бірі болып қала берді.

Алайда ислам Еділ бойы мен Хорезмде дами берді. Төменгі Еділ бойындағы қалалардың көркеюі мен сауданың дамуынан қала мәдениеті алға шықты. Ал ислам дініне қалалық өркениет қолайлы болғандықтан, төменгі Еділ бойында ислам діні алға шыға бастады. Өздерін «татар» деп атай бастаған барлық түркі-моңғол билеушілері исламға өте бастайды. Жошы Ұлысының хандарының исламға бет бұруы Дешті Қыпшақтан шыққан түркі-мұсылмандардың билігіндегі Мысырмен әскери саяси одақ құруға мүмкіндік туғызды.

1314 жылы исламды ұстанған қалалықтар мен көшпелі аристократия ортасынан Өзбек ханның билікке келуі бірқатар мәселені тудырды. Осы кезден бастап Ислам өркениеті Жошы Ұлысында саяси және мәдени дамуды айқындайтын күшке айналады. Ортағасырлық татарлар осылайша солтүстіктегі ислам дінінің орталығы болды. Осы тұста  түркілер исламның таралуына өте үлкен үлес қосты.

Түркілердің исламды қабылдауы көптеген зерттеушілердің қызығушылығын тудырды.

     Тақырыпты зерттеудің мақсаты: Түркілердің ежелгі наным сенімдеріне толықтай тоқтала отырып,түркілердің исламдануының алғышарттарына тоқталып,тарихи тұрғыда зерттеу.

Тақырыпты зерттеудің міндеттері:

-        Түркі халықтарының ежелгі наным сенімдерін анықтау;

-        Ислам дінінің таралуын  зерделеу;

-        Ислам дінінің Қараханидтер арасында таралуын және түркі халықтарына тигізген әсерін анықтау;

      Зерттелу деңгейі: Түркі халықтарының арасында исламның таралуы туралы арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілген.Оның кейбір тұстары Қазақстан, Ресей және шетел тарихнамасында көрініс табады.

Жұмыстың құрылымы. Кіріспе, зерттеу бөлімі(2-тарау), қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

I.ТҮРКІЛЕРДІҢ  ЕЖЕЛГІ  НАНЫМ СЕНІМДЕРІ

1.1.Пұтқа табынушылықтың түркі әлеміндегі  орны

Ежелгі түркілердің діни тарихының алғашқы кезеңі дәстүрлі түркі діні, екінші кезеңі әлемдік діндер дәуірі болып екіге бөлінеді. Дәстүрлі түркі діні негізінен Көк Тәңірге табынуды құраса, әлемдік діндерге буддизм, зороастризм, манихеизм, христиандық, мұсылмандық және иудаизм кіреді. Орта Азия түркілерінің діни мәдениетінен бұл діндердің әсерін әлі де байқауымызға болады. Азияның шығысынан Орталық Еуропаға дейінгі жерді мекендеген түркі халықтарының сенім-нанымында Тәңірі сенімі берік орын алған десек те болады. Алайда, әр түрлі аймақтарда орналасқан түркі халықтарының тілдеріндегі фонетикалық ерекшеліктерге сәйкес Тәңірі сөзінің айтылуында біраз өзгерістер бар. Ғұндар ежелден Көк Тәңірге сенсе, Көктүріктер тәңірі мағынасына келетін тенгри сөзін қолданған. 763 жылы манихеизм дінін қабылдаған ұйғырлар тәңірі сөзінің алдына күн, ай, күн-ай сөздерін қосып күн тәңірі, ай тәңірі, күн-ай тәңірі сөздерін қолданған. Осы дәстүрлі түркі дінінде, яғни, Көк тәңріге табынуда камдардың маңызы өте зор. Кам сөзі тунгуздардың тілінен алынған, кейіннен көп қолданыстағы шаман сөзі қолданыла бастаған. Көпшілігі күні бүгінге дейін дәстүрлі түркі дінін шаманизм деп те атайды. Тунгуз, ұйғырларда кам сөзі көбіне сиқыршы мағынасын білдіреді. IX ғасырда жазылған Махмұд Қашғаридың «Дивани Лұғат-ит Түркінде» кам сөзі «ғайыптан хабар беруші» мағынасында қолданылған. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігінде» «тәуіптер» сөзімен мағыналас болып келеді. Ал, қазақ халқы шаманды кейде «бақсы» деп те атайды. Шамандар тәңірі мен адамдар және рух арасында қатынас жасаушы қабілетке ие адамдар саналынады. Олар өлгеннен к кейін де отбасының және қауымның қорғаушысы болып саналады. Ежелгі дәуірде ел арасындағы бақсылар өздерін жаратушы мен адамның арасындағы қатынасты жалғастырушы, реттеуші деп білген. Олар «Мен жүрген жерде, менің дауысым мен қобызымның үні естілген жерде, жамандық, кесел жүрмейді-міс» деп аңыздар таратқан, өздерін ерекше жаратылған адамбыз деп санаған. Ел көзіне сұсты, жұмбақ болып көріну үшін әлем-жәлем киінген, бет-бейнесінде қорқыныштың ізі байқалған, ауру адамды айналып жүріп қобыз тартқан, үрейлі үнмен өлең айтқан, түсін суытып, зікір салған.

...

Скачать:   txt (54.9 Kb)   pdf (339.7 Kb)   docx (26.2 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club