Мен өз елімнің патриотымын!
Автор: Mirasbek_Gulim01 • Февраль 25, 2020 • Эссе • 627 Слов (3 Страниц) • 6,075 Просмотры
Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.
Патриоттық тәрбие, ең алдымен, әрбір жеке тұлғаның ата – анасын, туған – туыстарын жақсы көруден басталады емес пе?! Өз баласына жақсы тәрбие беру кез келген адамның міндеті, мейлі ол мұғалім, мейлі ол жұмысшы, дәрігер, не тағы басқа маман иесі болсын қоғамда парасатты, адамгершілігі жоғары бала тәрбиелеу кез келген адамның міндеті болуы тиіс. Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – санасын, әдет – ңұрпын білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын.
Мен халқымның патриоттық тәрбиесінің тамыры тереңде деп ойлаймын. Өйткені, ата-бабамыздың күш жігері, ғасырлар бойғы ұстанымдары,тарихтың түрлі бет бұрыстарынан, сынақтарынан, аштық пен соғыс жағдайында өзін сақтап қалуы, қайта өркендеп жаңаруы, қалалар салуы, егін салып, білім мен ғылымды дамытуы ел тағдырын келешек ұрпақ , мына біздерге ұялмай сеніммен тапсыруының өзі қасиетті бірлік отан сүйгіштікке қол жеткізетін басты күш.
Отаншылдық сезімі ертеден қалыптасқан , ескірмейтін , әрқашан жаңа жақтан көрініс табатын , мәңгілік ұғым деп ойлаймын. Отанымды сүю , туған жерімді қастерлеу , елімді мақтан ету , оның тілін, салт- дәстүрін , әдет-ғұрпын құрметтеу – бұл менің бойыма ана сүтінен берілген қасиет.
Бірде Мұхаммед пайғамбарымыздан: «Халықты сүю деген не?» - деп сұрағанда : «Халықты сүю деген –саған істеген жаманшылықтарына қарамастан, оған адал қызмет ету »,- деп жауап берген екен.
Бабаларымыз әр заманда басынан не кешпеді дейсіз?! Басқыншы зұлым жауларына қарсы ұрыста жан қиярлықпен күресті.Қазақ халқы қиын- қыстау кезеңде салғырттыққа салынбай, елі үшін , елінің бостандығы үшін басын бәйгеге тікті.
Біз халқымыздың тарихын , әдебиетін оқып танығаннан білгеніміз: ата – бабамыз жау шапқан кезде жүректерінде үрей , жау алдында қорқыныш деген болмаған. Олардың алдында бірақ мақсат болған, ол туған жерді , туған елді жаудан қорғап, аман алып қалу.Сөйтіп жерімізді аман-есен қорғап, бізге аманат етіп тапсырды.Сол кездегі батылдықтың кереметін айтсаңызшы! Ата-бабаларымызға мың тағзым!
...