Кеңес өкіметі
Автор: aiym90 • Сентябрь 13, 2021 • Лекция • 267 Слов (2 Страниц) • 358 Просмотры
Кеңес үкіметі жеңгеннен кейін Қазақстанда да ескі мекемелер оның ішінде уақытша үкіметтің комиссарлары, отарлау чиновниктік - әкімшілік, қоныстандыру басқармасы, сот жүйесі жойылып, Қазақстанда жаңа үкіметтің басқару жүйелері құрыла бастады. Жергілікті жерлерде шаруа Кеңестері, халық шаруашылығы Кеңестері құрылды. Кеңестердің атқару комитеттері жанынан денсаулық сақтау, әділет, қаржы, ағарту, жер, өнеркәсіп бөлімдері ұйымдастырылды. Бұл шаралар Кеңес үкіметі жауларының қарсылыығын туғызды. Сондықтан ішкі конрреволюцияға қарсы күресу үшін қазақ жерінде Бүкілроссиялық төтенше комиссиясының (Б.Т.К) органдары құрылып, қызыл террор енгізілді.
1918 жылы 21 наурызда Орынборда Кеңестердің бірінші Торғай облыстық съезі басталды. Съезде жергілікті басқару жүйесі, әлеуметтік мәселелер жайында қаулы қабылданды. Бұл съездің қаулысы бойынша Алаш қозғалысының үнқағазы «Қазақ» газеті жабылды.
1918 жылы 20 сәуірде Ташкентте Түркістан Кеңестерінің В съезі болды. Бұл съезде құрамында Жетісу облысы бар Түркістан автономиялы Кеңестік Социолистік республикасы жарияланды.
Ұлтаралық қайшылықтар саясатын жоюда шұғыл шаралар белгіленді. Верныйда орыс – қазақ қатынастарын реттеу жөніндегі комитет құрылды. (Комиссардың орынбасары Т. Бокин) қазақ, ұйғыр, орыс қатынастарын реттеу жөніндегі комитет жұмыс істеді (Комиссардың орынбасары А. Розыбакиев.)
Кеңес үкіметі өлкедегі ірі өнеркәсіпті, банктерді, тасымал жолдарын мемлекет қарамағына алды. Кәсіпорындарда 8 сағаттық, шахталар мен кеніштерде 6 сағаттық жұмыс күні енгізілді. Капиталистер мен патша чиновниктерінің иелігіндегі 3,5 млн десятина жер кедей
...