Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кеңес өкіметі 1918

Автор:   •  Сентябрь 28, 2021  •  Доклад  •  517 Слов (3 Страниц)  •  289 Просмотры

Страница 1 из 3

Аза­мат соғысы жыл­да­рын­дағы қалып­тасқан қиын­дықтар­мен бай­ла­ныс­ты Кеңес өкіметі 1918 жыл­дың ор­та кезінде ел­дегі бар­лық ма­тери­ал­дық ре­сурс­тар­мен, адам күштерін ба­рын­ша жұмыл­ды­ру, қала­лар­ды, өнеркәсіп жұмыс­шы­ларын, Қызыл Ар­ми­яны азақ-түлікпен қам­та­масыз ету, ел­де қатал еңбек тәртібін ор­на­ту мақса­тын­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­тын енгізді. Бұл төтен­ше са­ясат эко­номи­калық күй­зеліс, Кеңес мем­ле­кетін ше­тел ин­тервент­тері мен ішкі жа­улар­дан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде азақ-түлік мәсе­лесін ше­шу үшін төтен­ше ша­ра азық-түлік са­лығы енгізілді. Ол бойын­ша ел­дегі бай­лар мен ку­лак­тардың қолын­дағы та­уар­лы ас­тықтың көп бөлігі ешқан­дай қай­та­рым­сыз алын­ды, бұқара ха­лықты азық-түлікпен бір ор­та­лықтан қам­та­масыз ету көзделді, ауыл ша­ру­ашы­лық өнімдерін өз еркімен са­туға ти­ым са­лын­ды.Елді аштыққа ұрындырған астық дайындау науқанының да сыртқы факторлармен тығыз байланысы болғанын білеміз. Кеңестік индустрияландырудың сәтті іске асырылуы Батыстан алынатын техникаға тікелей тәуелді еді. Ал оны алу үшін астықты жеткілікті деңгейде жинап, экспортқа жөнелту аса маңызды міндет саналды. Орыс ғалымдарының зерттеуі бойынша, КСРО 1930-1931 жылдардағы астық дайындау науқанында жинақталған өнімнің жартысын шетелге шығаруды көздеген. Бірақ «Ұлы депрессия» астықтың құнын түсіріп, жоспарланған нәтижеге қол жеткізу үшін экспорт көлемін ұлғайту қажеттілігін туғызған. Мұны сол тұстағы КСРО-ның жабдықтау жөніндегі халық комиссары Анастас Микоян мойындаған. Ол «Әрине, біз астық мәселесін шештік. Бірақ біз индустрияландыруға қажетті құралдарды сатып алатын қаражат керек болғандықтан, астық экспортының бастапқы жоспарын ұлғайтуға мәжбүр болдық. Әлемдік дағдарыс ауылшаруашылық өнімдерінің, оның ішінде біздің экспорт бағасының бірден құлдырауына әкеп соқтырды», деген. Бұл дерек астық дайындау жоспарының неге үнемі өсіп отырғанының айқын дәлелі бола алады.

Міне, капиталистік қоғаммен идеологиялық қарама-қайшылықтың, шиеленісті сыртқы саяси ахуалдың салқыны елдің ішіндегі шешімдерден сезілді. Мемлекеттің және оның халқының шынайы мүмкіндігін, өңірлік ерекшеліктерді ескермеген биліктің жедел әрі қатыгез әрекетінің себебі сыртқы саясатты

...

Скачать:   txt (8.1 Kb)   pdf (54 Kb)   docx (9.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club