Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отыз жылда біз жеткен жетістіктер мен болашақта бағындырар белестер

Автор:   •  Апрель 27, 2021  •  Эссе  •  535 Слов (3 Страниц)  •  786 Просмотры

Страница 1 из 3

«Отыз жылда біз жеткен жетістіктер мен болашақта бағындырар белестер.

Қазақстан ел болып, жер болып дамығанына биыл отыз жыл. Осы жылдар аралығында көрген қиындықтарымыз әрқашан оң нәтиже беріп келеді. Мәселен: 1986 жылы желтоқсанның сауығына қарамай, қақаған аязға шыдап, бұрынғы Брежнев атындағы алаңға Қазақстанды жеке мемлекет ретінде орнықтыру үшін «Ел үшін өлу бабалар аманаты, құрсын бейшаралық, бодандық өмір құрсын! Қосыл қатарға! Білімді ойла, елдігіңді ойла, азаттығыңды ойла, келешегіңді ойла, ойлан Қазағым!» деп ұрандатып шыққан жастардың елеңді еңбегі оң нәтиже беріп, 1991 жылы Қазақстан егеменді ел болды. Егеменді ел екеніміздің дәлелі екеніміздің дәлелі ретінде 1992 жылы мемлекеттік рәміздер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны» туралы заңға қол қойылды. Сонымен қатар, осы жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі атанды. Ал, 1993 жылы қаңтардың 23 жұлдызында Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата Заңы қабылданып, және де 15 қарашада ұлттық валютамыз-теңге айналымға енгізіліп, еліміздің азат мемлекет екенін тағы дәлелдеді. Тәуелсіз Қазақстанның тағы бір үлкен жетістігі еліміздің өз еркімен қуатты қарудан бас тартып, ядролық қаруы жоқ ел ретінде зұлымдықпен күресуі. 1996 жылы Қазақстанның қатысуымен Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрылып, Қазақстан жетістіктерін толықтыра түсті. 1997 жылы 20 қазанда Еліміздің Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мәлімдемесімен Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болды. Сол жылдың келесі жылы Ақмола қаласына Астана атауы берілді. Сондай-ақ, осы 1998 жылы қарияларды қолдап, қорған болу мақсатымен зейнетақы реформасын бастады. 2000 жылы 10 қазанда Астанада халықаралық экономикалық ұйым ретінде кеңес одағының қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құрылды. 2001 жылы желтоқсанның 16 жұлдызында Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 10 жылдығын атып өтті. 2002 жылы киелі Түркістанда Дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайы өтті. Тарихта дәстүрлі үш бағыттағы дін басшыларының бір жерде бас бас қоспағаны белгілі. Бірақ, 2003 жылы Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының бірінші құрылтайы өтті. Бұл Қазақстанның ел болып қалыптасуындағы ең үлкен жетістіктерінің бірі болып саналады. 2006 жылдың алғашқы айында мемлекетіміздің жаңа Әнұраны ретінде Ж. Нәжімеденовтың сөзіне, композитор Ш. Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні алынды. 2007 жылы Қазақстан үшін аса маңызды «Мәдени мұра» бағдарламасының екінші кезеңі жүзеге асты. 2008 жылы «Қазақ елі» монументі ашылды. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері екінші рет жалпыұлттық халық санағы 2009 жылы өтті. Санақ нәтижесінде Қазақстан тұрғындары 16 миллион 4800 адам болғандығын мәлімдеді. Ал, 2011 жылы Қазақстанда алғаш рет қысқы Азия ойындары өтті.  Қазақстан елінің намысын қорғаған спортшылар 32 алтын, 21 күміс, 18 қола барлығы 70 медаль иеленді. 2013 жылы Тұңғыш Президент «2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдау жариялады. 2015 жылы 27 шілдеде Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі атанды. 2016 жылдың 16 жұлдызында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы тойланып, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған декларация жарияланды. 2017 жылы Қазақстанда ЕХРО-2017 көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені ұйымдастыруға 115 мемлекет, 22 халықаралық ұйым ат салысты. 2018 жылы Қазақстан БҰҰ Төрағалық ете бастады.

...

Скачать:   txt (7.7 Kb)   pdf (59 Kb)   docx (9.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club