Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Арийлер мəселесі

Автор:   •  Март 1, 2023  •  Доклад  •  644 Слов (3 Страниц)  •  108 Просмотры

Страница 1 из 3

Арийлер мəселесі əлі де шешуін таба алмай келе жатыр. Бұл мəселе жөнінде бірден-бір ғана сүйенетін жазба дерек – Ригведа жəне Авеста кітабы.

«Арийлер дегеніміз кімдер?» деген мəселелер ХІХ ғасырда тарих ғылымында көтерілгенде, Авеста кітабының үндіеуропалық (парсы) тілінде жазылғанына сүйеніп, көне заманда арийлер ирандық тайпалар болып, жайылымдық мал шаруашылығымен айналысқан деген пікірге келген.

ХХ ғасырдың тарихшылары «Арийлердің өрбіген отаны» деген мəселені көтергенде, оған қатысушылардың пікірлері екіге бөлінген.

- Біріншісі – арийлердің өрбіген жері Алдыңғы Азия мен Еуропа құрлығы деген үндіеуропалық көзқарастағылар;

- Екіншісі – арийлердің отаны Орталық Азия деп атайтын ғалымдар. Бұл мəселе бойынша, үндіеуропалық бағыттағы ғалымдар басым көпшілікті құраған.

Үндіеуропалық ағылшын санскритологы У. Джонс: үндіеуропалық тіл семьясына кіретін тілдердің жалпы тегі, түбірі бір екені тұжырымдалған. Осы пікірді еуроцентристер, əсіресе неміс нацистері қолдап, үндіеуропалық тілде сөйлеушілердің, соның ішінде немістердің ата-бабалары арийліктер деп тұжырымдама жасап, оны фашистік Германияның идеологиясына айналдырған.

  ХХ ғасырдың екінші жартысындағы нəсілшілдік сарындағы ғалымдар арийлердің отаны Еуропа, оның ішінде Скандинавия (австр. ғалымы К. Пенка), Солтүстік Германияның (нем. филологы Г. Хорт) Дунай өңірлері (Англия ғалымдары Г. Джайлс, Э. Рапсон) деген пікірде жəне т.б. нəсілшілдік көзқарастағы ғалымдар тек үндіеуропалық тілге сүйене отырып, арийлердің өрбіген географиялық аймағы Еуропа құрлығы екеніне, оның əртүрлі аймақтарын мекендегеніне тоқталған. Олар арийлерді басқа құрлықтарда өрбіді дегенді айтқысы келмейді. Қалай болса да осы Еуропа құрлығынан шығармау үшін барлық күштерін салып келе жатыр.

   Екінші көзқарасты қолдаған еуропалық ғалымдардың арасынан шыққан, нəсілшілдік пікірде болмаған ғалымдар: неміс филологы Т. Бенфей, ағылшын археологы Г. Чайлд. Олардың саны онша көп болмаса да, тарихи деректерге кешенді көзбен қарап, Қара теңіздің Солтүстік жағалауынан созылып жатқан кең дала мен Солтүстік Кавказ аймақтары арийлердің жайлаған жерлері деген пікірлерін айтқан. Сөйтіп, бұл ғалымдар арийлер мəселесін шешуде біршама шындыққа жақындағанын байқаймыз. Олар аталған географиялық аймақтар арийлердің ұрпақтары болған скифтердің, сарматтардың отаны екенін олар тілге тиек еткен. Себебі бұл пікірдегі ғалымдар жиналған өте бай артефактіге сүйенген.

   Б.з.б. IV–II мың жылдарда арийлер солтүстік-батыс Үндістанды жаулап алғаны туралы көптеген тарихи əдебиеттерде жазылған.

Бірақ арийлердің Үндістанға күшпен басып кіргенін дəлелдейтін айтарлықтай деректер келтірілмеген. Сондықтан арийлердің Үндістанға жүргізген басқыншылық (агрессиялық) саясатына күмəн келтірушілер жəне ашықтан-ашық бекерге шығарушылар өздерінің ойларын білдірген. Олардың басым көпшілігінің ғылыми пікірлері арийлер бейбітшілік жолмен оңтүстік көршісі болған Үндістанға солтүстіктен біртіндеп тараған дегенге саяды.

...

Скачать:   txt (9.5 Kb)   pdf (75.8 Kb)   docx (9.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club