Алаш қозғалысындағы рөлі және қазақ шекарасын шегендеуі
Автор: Aliya444 • Октябрь 20, 2026 • Реферат • 1,687 Слов (7 Страниц) • 2 Просмотры
Жоспары:
1. Кіріспе
2. Өмір жолы
3. Алаш қозғалысындағы рөлі және қазақ шекарасын шегендеуі
4. Қазақстанның жоғары білім мен ғылымына қосқан үлесі
5. Қорытынды
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, әсіресе «Алаш» қозғалысы өкілдерінің тарих сахнасына шығуы ұлттық сана-сезімнің оянуына және мемлекеттіліктің қайта жаңғыруына қуатты серпін берді. Бірегей тұлғалардың бірі, қазақ халқының тәуелсіздігі мен тұтастығы жолында жан аямай қызмет еткен мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, тұңғыш қазақ математика профессоры – Әлімхан Әбеуұлы Ермеков.
Әлімхан Ермековтің тарихи рөлі тек саяси белсенділігімен ғана шектелмейді. Ғалымны қазіргі Қазақстанның территориялық тұтастығын, яғни бүгінгі шекарамызды заңдық тұрғыдан бекітудегі еңбегі ұшан-теңіз. Сонымен қатар, ол – қазақ тіліндегі жоғары математика оқулықтарының негізін қалап, ұлттық ғылым тілін қалыптастырған тұлға. Оның өмірі мен ғылыми-саяси мұрасын зерттеу қазіргі егемен еліміздің тарихын ұлықтау тұрғысынан өте өзекті.
Рефераттың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты – Әлімхан Ермековтің қоғамдық-саяси қызметін, Алаш қозғалысындағы рөлін, Қазақстан шекарасын анықтаудағы тарихи еңбегін және қазақ ғылымы мен біліміне қосқан үлесін жан-жақты талдау. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
1. Ә. Ермековтің өмір жолы мен тұлғалық қалыптасу кезеңдерін қарастыру;
2. Оның Алашорда үкіметі құрамындағы саяси қызметін зерделеу;
3. Мәскеудегі тарихи баяндамасы мен қазақ жерін шегендеудегі рөлін ашу;
4. Ғалымның математика саласындағы ғылыми мұрасы мен педагогикалық қызметін сипаттау.
ӨМІР ЖОЛЫ
Әлімхан Әбеуұлы Ермеков 1891 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы Беріктас өңірінде дүниеге келген. Әкесі Әбеу халыққа қадірлі, орысша сауатты, өз дәуірінің зиялы адамдарының бірі болған. 1899 жылы Әлімхан Қарқаралыдағы қалалық училищеге оқуға түседі. Мектеп қабырғасында зеректігімен, алғырлығымен ерекшеленген Әлімхан 1905 жылы Қарқаралыдағы училищені үздік бітіріп, Семейдегі ерлер гимназиясына түседі. 1912 жылы гимназияны алтын медальмен бітіріп, Томск технологиялық институтының тау-кен факультетіне оқуға түседі.
Томскідегі оқуы
1905-1912 жылдар аралығында Семей ерлер гимназиясында білім алып, оны алтын медальмен бітіріп шығады. Гимназия қабырғасында жүріп-ақ ол гуманитарлық және дәл ғылымдарға үлкен қызығушылық танытады. Оның дүниетанымының қалыптасуына Семей өңіріндегі мәдени және саяси қозғалыстар, сондай-ақ сол кезеңдегі қазақ зиялыларының ықпалы зор болды. Гимназияны үздік аяқтаған соң, 1912 жылы Ресейдің ең беделді жоғары оқу орындарының бірі – Томск технологиялық институтының тау-кен факультетіне оқуға түседі. Томск қаласы сол тұста Сібір мен Орталық Азиядан келген прогресшіл жастардың, соның ішінде қазақ студенттерінің бас қосатын ірі ғылыми-мәдени орталығы еді. Томскіде оқып жүрген кезінде ол белгілі географ және этнограф, Шоқан Уәлихановтың досы Григорий Потанинмен танысады. Ермеков кейінгі естеліктерінде Потаниннің өзіне білім алуға және алған білімін халқына қызмет етуге жұмсауға кеңес бергенін жазған.
Институтта оқып жүргенде Әлімхан өзін терең аналитикалық ойлау қабілеті бар, математика мен инженерлік іске бейім студент ретінде көрсетті. Ол орыс және шетел ғалымдарының еңбектерін терең меңгеріп, болашақ ғылыми қызметінің негізін қалады. Алайда, 1917 жылғы төңкерістер мен елдегі саяси тұрақсыздық оның өмірін басқа арнаға бұрды.
Әлімхан Ермековтің
...