1931-1933 жылдардағы аштық
Автор: saginovaiman • Апрель 12, 2019 • Реферат • 282 Слов (2 Страниц) • 980 Просмотры
1929-1931 жылдардағы аштық Орал жерінде қатты болды.Осы кезеңде менің әжемнің Евнеев Ибраш деген атасы өмір сүріпті.Әжемнің атасы орташа шаруа болған,ол кісінің ағайындары дәулетті адамдар болыпты.Осы 1928 жылы ірі байлардың малдарын тартып алу шаралары жүргізіліп жатқан кезде, 1929 жылы үлкен атам ағайындарымен бірге бар малын сатып,Орынборға көшіп кеткен екен.Кейіннен атам 1931 жылы Орал қаласына қайтып келіпті.Қайтып келе жатқан жолда атамның 4 жасар қызы сол уақытта індетке айналған қызылша(оспа) аурына шалдығып, қайтыс болыпты.Ол уақытта Мәскеу қалалық кеңесінің атқарушы комитетінің төрағасы Н.А.Булганин болған еді.Ол кісі Орал қазақтарына күн көрсетпей,салықтан бастарын алғызбай,қоймадағы бар астықты бермей,ашаршылықтың одан әрі өршуіне үлесін қосты.Халықтың көп бөлігі қырылып,қалғаны басқа жақтарға көшіп кетуге мәжбүр болған.Халыққа бір жұмада тек 1 уыс бидай мен 1 нан берілетін болған.Олар сол 1 уыс бидайды қол диірменнен өткізіп,быламық көже мен 1 нанмен 1 жұма өмір сүрулеріне тура келді. Үкіметтің қоймаларынан 1 кг астық ұрлаған адамды 10 жылға соттап жіберетін болған.Ал үлкен атам болса орыстардың үйлерін салып,теміржолда жұмыс істеп,өзінің күнін көрген.Жалдап отырған орыстар атамды тамақпен,ақшамен қамтамасыз етіп отырған.КОКП Мәскеу өңірлік комитетінің бөлім меңгерушісі болған, кейіннен КПСС Орталық Комитетінің жетекші партиялық органдарының бөлім меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалған Г.М.Маленков кезінде Орал халқының жағдайы бұрынғыға қарағанда біршама жақсарды.Ол қарапайым халықтан салық алуды тоқтатып,халыққа біршама көмек көрсеткен.Сол уақытта халықтың арасында «Май мен құрттан айырған Маленковтан айналдым» деген сөз тіркестері Маленковтың халыққа барынша жәрдем көрсетіп,ашаршылықтан құтқарғандығын көрсетеді.Мұндай сөз тіркестері жоғары атқарушы органдардың жергілікті ел тұрғындарынан май мен құрт сияқты өнімдерді міндеткерлік ретінде алып отырғандығынан шыққан.Осы аласапыран кезеңде атамның да Бахтияров Төлеуіш деген атасы өмір сүріпті.Төлеуіш атамның әкесі Бахтияр ата көріпкел болған,сондықтан ол кісі болатын ашаршылықты алдын-ала болжап,отбасын,ағайындарын жинап,Башқұрт жеріне көшіп кетіпті.Ал осы Бахтияр атамның әкесі Досалы ата бұл кезде бар малын жинап,сатып,бір түйемен Меккеге жол тартқан екен.Қасиетті Меккемізде мешіт ашып,қажы атаныпты.
...