Ағаштың құрылымы мен құрамы
Автор: diana0002 • Сентябрь 22, 2021 • Лекция • 328 Слов (2 Страниц) • 1,505 Просмотры
Ағаштың құрылымы мен құрамы
Өсіп тұрған ағаш тамыр системасынан, діңнен және бұтақтарынан тұрады. Өнеркәсіпке қажеттісі ағаштың діңі болып саналады. Одан 60 тан 90% ағаш шығарылады.
Ағаштың макроқұрылымы деп көзбен немесе лупа көмегімен көрінетін құрылымды атайды.
Микроқұрылым микроскоппен көрінетін құрылым.
Ағаштың діңі оның негізгі және құнды бөлігі болып табылады, сондықтан ағаштың сапасы ағаштың діңіне байланысты.
Ағаштың үш негізгі кесіндісін қарастырады: көлденең қимасы, радиальды және тангенциалды қимасы (сурет 2)
Ядро өлі клеткалардан тұрады, сондықтан ол ағаштың физиологиялық процесіне қатыспайды, бірақ ағаш діңінің беріктілігін қамтамасыз етеді.
Ағаш ядросы мен шел қабатына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
Ядролық ағаштар (қарағай, емен, балқарағай);
Шел қабаты ядросы болмайтын ағаштар (ақ қайың, қандыағаш, жөке).
Ағаштың өзегі әлсіз ткань (құрылым) болып табылады, сондықтан ол оңай шіриді.
Ағаштың өсу ортасына байланысты жылдық қабаттарының қалыңдығы әртүрлі болады.
Бірақ ағаштың беріктігі жылдық қабаттың қалыңдығына байланысты емес, ағаштың өсу дәрежесіне байланысты.
Егер де жылдық қабатта неғүрлым ядро және шел қабаттары көп болса, ағаштың беріктігі жоғары болады.
Ағаштың негізгі қасиеттері
Ағаштың физикалық қасиеттері.
Ағаштардың нақты тығыздықтары бір-бірінен онша алшақтамайды. Өйткені ағаш негізінен бір заттан - целлюлозадан құрылған.
...