Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

1921 жылдардағы ашаршылық

Автор:   •  Сентябрь 24, 2021  •  Реферат  •  552 Слов (3 Страниц)  •  699 Просмотры

Страница 1 из 3

1921-1922 жылдардағы аштық қазақ халқының басына түскен аса ауыр нәубет  Сонымен Қазақстандағы 1921-22 ж.ж. ашаршылықтың шығуына екі себеп, яғни Ресейдегі азамат соғысының кесірінен қазақ даласындағы шаруашылықтардың күйзеліске ұрынуы және табиғи апат, қолайсыз ауа-райының салдарынан туған жұт әсер етті.  Қаншама азаматтарымыз аштықтан көз жұмып, ай далада көмусіз қалды. Бір үзім нанға зар болып, қолын жайып, қайыр тілеп, ауыл-ауылды аралап,  қала көшелерінде тентіреп, босып шет жұртқа кете бардыҚазақ жерінде аштыққа ұшыраған Орынбор, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей губерниялары мен Адай уезінің жағдайы аса ауыр болды. Бұл өңірлер осы уақытқа дейін де көп қиыншылықты бастан кешірген еді. Кеңестік жүйе орнағанға дейін патша үкіметінің қыспағын көрген, жерінен айырылған, отарлаушыларға кіріптар болса, ал азамат соғысы кезінде ақтар мен қызылдардың қанды қылышына ілікті.

1921 жылы аштықтың жайлап бара жатқанын айтып, дабыл қаққан газеттердің бірі - «Ақ жол»  газеті. Оның беттерінде күнделікті аштыққа ұрынған қазақ жерлері туралы ақпарат, мәліметтер жарияланып тұрды. Мәселен мына бір ақпаратта былай келтірілді: «Торғай уезінде ауру көбейіп барады. Иесіз, иен қалған үйлер бар. Қыс ерте түсті. Жер мұз. Мал өліп жатыр. Қара мал ноябрь (1920 ж. – С.Н.) басынан-ақ қолға қарады. Елде пішен аз. Ет салығын ел беріп жатыр.  Мал мен жанға ауыртпашылық бірдей түсіп, шаруа күйзеліп тұр» [1]. Газет қазақ көп шоғырланған Ақтөбе губерниясында адам да, мал да азықтың жоқтығынан қырылып жатқандығы айтылса, Шымкент уезіндегі қазақ  ауылында шешек ауруы жайлап, адамдардың өлімі көбейіп бара жатқандығы жөнінде хабар басылды.Ел басына түскен қиын заманда Қазақ өлкелік Орталық Атқару Комитеті 1921 ж. 15 наурызында өткен РК(б)П-ның Х съезінің салғыртты салықпен алмастыру жөніндегі қарарын негізе ала отырып, осы жылдың  11-18 маусымында болған конференция барысында азық-түлік салғыртын салықпен алмастыруды бірауыздан мақұлдады Сөйтіп, азық-түлік салғыртының салықпен алмастырылуы барлық өнімдерге қатысты салық мөлшерін белгілеген құжаттар қабылдатып, сол мөлшер бойынша шаруаларға салық төлеу міндеттелінді. Жеуге азық, малын асырауға шөп таба алмай қиналған қазақ шаруалары үкімет белгілеген салықты төлеуге шамасы келмеді. С. Мендешевтің аштық кезеңіндегі қызметі шексіз. Оның басшылығымен құрылған Аштар комитеті тоқтаусыз қызмет етіп, қолдағы бар мүмкіншілікпен  аштықты қалай да болса ауыздықтауға тырысты.  Ол елдегі аштықпен күресіп жатқан кезде үстінен «кеңес үкіметіне жат, жікшіл» деген жалған құпия түрде іс ашылды. С. Мендешевдің көрсетуі бойынша Қазақстанда 1921 жылдың соңында  1 476 985 адам, оның ішінде 927593 ересектер, 158392 балалар ашыққан.  Ол аштықпен күресудің жеті жолын ұсынады. Оның біріншісі, азық-түлік ресурстарын дайындауды күшейту және оны аудандарға бөлу болса, екіншісі, он тоқ адамдардың бір ашты, тоқ болыстардың бір аштыққа ұшыраған  поселкені көмекке алуы турасында үгіт жұмыстарын күшейту, үшіншісі тұқымдық астықты уақытылы қабылдауда және оны бөлуде төтенше әдіс қолдану, төртіншіге қоғамдық жұмыстар мен қолөнер артелдерін ұйымдастыруды жеделдетуді, ал бесіншіге аштықпен күресуде барлық Халкомдардың және өлкелік мекемелердің жұмысын күшейтуді, алтыншы бойынша автотранспорттық тамақтандыру орындарды жеткізу арқылы Дала өлкесіндегі ашыққан қазақтарға көмек көрсетуді, жетіншісі, жұт пен аштық кезінде күйзеліске ұшыраған қазақ ауыл шаруашылығын тез арада малмен қамтамасыз ету болды1921-1922 жылдардағы аштықтан қазақтың отбасы тұтастай қырылды. Аман қалғандары босып шет мемлекеттерге кетті. Қазақстандағы ашаршылық ұлт зиялыларын бей-жай қалдырмады. Барлығы қолынан келгенше халықтың аман қалуын тілеп, жоғары үкімет орындарына, Орталық үкіметке хат жолдап, көмек сұрады. Өздері елді аралап, ашыққандарға арналған асханалар ашу, оларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге бар күштерін жұмылдырды.Ұлт қамын ойлаған қазақ зиялылары мен жекелеген аймақтардың көрсетілген көмектері арқасында бұл күндер де артта қалды. Мұндай қиын-қыстау заманда өз халқы мен бауырларына жәрдем көрсетуді өздерінің азаматтық борыштары деп білген зиялыларымыздың бұл әрекеттері өміршең мүддеге қызмет еткендігінің тағы бір көрінісі болып табылады.

...

Скачать:   txt (7.4 Kb)   pdf (67 Kb)   docx (9.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club