Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

М. Бердімұратов - музей тарихында терен iз калдырfан түлfа

Автор:   •  Август 30, 2021  •  Статья  •  2,108 Слов (9 Страниц)  •  263 Просмотры

Страница 1 из 9

М.БЕРДІМҰРАТОВ- МУЗЕЙ ТАРИХЫНДА ТЕРЕҢ ІЗ ҚАЛДЫРҒАН ТҰЛҒА

«Сарайшық» музей-қорығының құрылған сәтінен атқарған жұмыстар аз емес. Жасалған жұмыстар арқасында қазір музей «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы болып қайта құрылып, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне тікелей бағынышты статусқа ие болды. Осының бәрі «Хан Ордалы Сарайшық» музей-қорығы болып ашылған сәттен бастап, басшылық қызметті абыройлы атқарған Бердімұратов Молдаш ағамыздың ерен еңбегі десек қателеспейміз.

М.Бердімұратовтың өнегелі өмір жолына тоқталсақ,        Бердімұратов Молдаш 1936 жылдың 2 сәуірде Махамбет ауданы, Алға селосында дүниеге келген. Содан кейін Сарайшық ауылына келіп білімін жалғастырады. Өз әңгімесінде: «Мектепте ұлағатты ұстаздар сабақ берді. Сүйікті ұстазымның бірі – тарих пәнінің мұғалімі Бисенғалиев Жаролла ағайымның сабақ түсіндіруі, әрбір тақырыпқа жасалған талдауы, әсіресе, қазақ тарихына байланысты түсінік беруі тым бөлек-тұғын. Кейде ортағасырлық қалаларды атап, оның ішінде, Сарайшық Қасым ханның кезінде астана болған қала деп түсіндіргенде біз таң қалатынбыз. Көне Сарайшықтың тарихын зерттеу мақсатында, Жайықтың жағасында қазба жұмысы жүріп жатыр, оның басшысы атақты ғалым Әлкей Марғұлан деген ағаларың. Барып көрулеріңе болады, бірақ, бір заттарын шашып, бүлдіріп жүрмеңдер» – деп ескертетін ол кісі. Сол күннен бастап мен Жайық жағасында қазба жүргізіп жатқандардың қасына жиі барып, қолымнан келгенінше көмектесіп жүретінмін. Әрбір қазбадан табылған көне тарихи жәдігерлерді көріп, таңырқайтынбыз. Ауыл іргесінде қазба жұмыстарын жүргізуге келген ғалым Әлкей Марғұлан бірде маған келіп: — «Әй, бұйрабас, күндердің күнінде Сарайшықтың тарихына сен жауап беретін боласың» – деп, басымнан сыйпағаны есімде»  деп »- деп жиі өткен өмірінде тарихқа деген қызығушылығын осылай сабақтайды [1, б.8].                                

Міне, сол кезден бастап Сарайшық тарихына деген құмарлығы арта түскен Молдаш ағамыз 1953 жылы осындағы орта мектепті бітіріп, әр салада жұмыс жасап, кейін Гурьевтің пединститутын 1962 жылы бітіріп, Ембі ауданындағы Гагарин атындағы орта мектепте мұғалім, кейін мектеп директоры қызметіне келеді. Мектептегі жұмысы, халық арасындағы беделі елеулі бола тұрса да, Сарайшық тарихы үнемі есінен шықпай қояды. Сондай бір сәті түскен кезде  1970 жылы Сарайшық мектебіне мектеп директоры болып жұмыс тағайындалып, тарихи мекенге табан тірейді.

        1999 жылы 18 ақпанда Атырау облысы әкімі болып тағайындалған И.Тасмағамбетов Сарайшық қалашығына айырықша назар аударады. Облыс әкімі ел үкіметінің 1997 жылғы 11 желтоқсандағы «Қазақстан мұнай өнеркәсібінің 100 жылдығын өткізу туралы» қаулысын орындау мақсатында жасалған жұмыстарға жаңа қарқын беріп, Сарайшықты дамытуға күш салады.

        1999 жылы 7 сәуірде оның тапсыруымен әкім орынбасары Н.Мақашев облыстағы ірі өндірістік мекемелермен кездесу өткізеді. Кездесуге  «Ембімұнайгаз» АҚ,  «АМӨЗ» АҚ, «АКИОК» АҚ, «Каспийшельф ККШ, «АТМА» АҚ, «АНАКО» АҚ,  «Теңізшевройл» АҚ тағы өзге алпауыттар қатысып, бір ауыздан «Сарайшық» мемориалдық  кешен құрылысын бүкілхалықтық құрылыс етіп жариялауға келіседі. Нәтижесінде 1999 жылы 23 сәуірде Атырау облысы әкімінің №79 шешімі жарияланады. И.Тасмағамбетов шешімінде: «Тарихи-археологиялық «Сарайшық» қорығын құру қажеттілігі еліміздің өткен тарихын жаңғырту және зор маңызы бар ескеркіштің болашақ тағдырына үлкен қамқорлық қажеттілігінен туындап отыр. Ескерткіштің антропогендік және табиғи факторлардың әсерінен күн санап бұзылуына қарсы шаралар қабылдау және оның орналасқан жерін «бірегей тарихи-археологиялық аймақ» ретінде белгілеу арқылы ғана «Сарайшықты» мүлде жойылып кетуден, сондай-ақ халықтың ғажайып тарихи естелігінен таусылмас қазынасын сақтап қалуға болады.

...

Скачать:   txt (27.1 Kb)   pdf (118.7 Kb)   docx (16.4 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club