Аталық Низ Батыр
Автор: gangstah13 • Май 3, 2023 • Статья • 1,699 Слов (7 Страниц) • 140 Просмотры
Барқыұлы Нияз батыр
Қуандық М.М
Ғылыми жекшісі: Шашенов Д.Т
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Электрондық адресі:meirbek.kuandyk05@mail.ru
Қарағанды қаласы
Батыр - әскери өнерді жақсы меңгерген, жау түсірер ерлігімен аты шыққан, қаһарман адамға берілетін құрметті атақ. Батыр атағы оңай жолымен берілмейді, оған әрбір адам жеке басының ерлігімен ие болады. Батырларды қазақ халқы ежелден құрмет тұтқан.
Батыр тек ержүрек атағы ғана емес, сонымен қатар кәсіби әскерилер қатарынан шыққан тұлғалар санатын білдіреді. Демек, батыр сөзінің қазақ даласында кеңінен қолданылуы қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихындағы соғыстардың зор маңызымен де байланысты. Көбінесе халық өз тәуелсіздігін қолына қару алып қорғауға, шекараны қорғауға мәжбүр болды. Қазақ жерінен шыққан бізге белгілі қайсар мінезді батырлар есімдері бар. Оған мысал Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай,Шапырашты Наурызбай, Қарасай, Райымбек сияқты ел намысын қорғаған батырларымыз.
Осы тұлғалар қатарына кіруге сай заманыңда есімі бар қазаққа мәлім болған Орта жүзді отыз жылдан астам билеген Әбілмәмбет ханның данагөй кеңесшісі және елшісі, ер есімді батырлардың бірі - Орта жүз аталығы Барқыұлы Нияз батыр. Нияз батыр жайлы деректер аса көп те емес. Соңғы жүргізілген зерттеулер мен жазылған кітаптар арқасында оның Қазақстан тарихына жасаған еңбегі мен беделін көре аламыз. Ендігі туындайтын сұрақ Нияз деген кім?! Және ұлтымыздың тарихында алып жатқан орны қандай?!
Нияз батыр туралы әдеби-этнографиялық «Өмір» журналының 1992 жылғы тұңғыш санында Нақып Ыдыросов пен Зарлық Сұлтанұлының «Нияз батыр» деген мақаласы басылған. 1993 жылы «Халық кеңесі» газетінде жазушы Амантай Сатаевтің «Тамыздың тоғыз күні немесе Нияз батыр» деген деректі хикаясынан үзінді газеттің (6 нөмірде) басылған. Жазушы А.Сатаев «Халық кеңесі» газетінде Нияз батыр туралы хикаят жазды. А.Жұмаділдиннің Нияз батыр жөнінде жазыла бастаған повесі аяқталмай қалды. 2012 жылы ғылым докторы, тарихшы Ж.Артықбаевтың Нияз батыр туралы «Аталықтар әулеті: Арыстан, Барқы, Нияз» атты зерттеу кітабы жарық көрді.
ХVІІІ ғасыр – қазақ тарихының шытырман оқиғаларға толы кезеңі. Бұл тұста халқымыздың арасынан жауынгер, білекті де жүректі батырлар мол шықты. Солардың бірі сол ғасырда өмір сүрген Арғын Қуандықтың Сайдалы руынан шыққан “аталық” лауазымды батыры, елшісі, әрі қолбасшысы. Аталық қызметі түркілік тамыры бар ұғым, ол “Мұрагерді тәрбиелеуші”, “мұрагердің тәрбиесіне жауапты тұлға” деген анықтама береді. Яғни аталық лауазымдылар хан ордасындағы тақ мұрагеріне әскери тәрбие беретін және оқытатын жоғары мәртебелі адам.[1] Өзі тәрбиелеген ханзада билікке жеткен соң оның кеңесшісі қызметін атқарған. Сондағы Нияз хандардың өзіне төрелік айтқан, мемлекеттік дәрежедегі тұлға. Оған мысал Нияз батыр Әбілмәмбет ханның бас уәзірі деңгейіндегі кеңесшісі болған. Ханның басқа көрші елдермен бейбіт қатынастар орнатуға бағытталған саясатын қолдап отырған. Ресеймен де, Қытаймен де, Жоңғар хандығымен де тату көршілікті жақтап, мәмілегерлік жолмен басқа мемлекеттермен сауда-саттық қарым-қатынастарды дамытып, экономикалық байланыстарды өрістетуге мүдделі болған.
“Аталық” лауазымы Ниязға әкелік жолмен тарайды. Қазақ хандығы мемлекетін басқарудың “аталықтар” институтының негізін қалаушы Нияз батырдың үлкен әкесі Арыстан Сайдалыұлы. Ол ордадағы қызметін хандар тарихында ең ұзақ яғни 42 жыл ел билеген Хақназар ханның тұсында бастайды. Хақназардың нәтижелі дипломатиялық шаруаларының басы болып, ханның билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы еңбек сіңірген. Ханның жүргізген сыртқы саясатына бағыт-бағдар беріп отырды. Ел ішіндегі жағдайларды басқарумен қатар, әскери-саяси істері жайында да ханның қабілетті ақылшысы бола білді.
...