Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайы
Автор: Batyrnatyr • Сентябрь 24, 2023 • Эссе • 486 Слов (2 Страниц) • 216 Просмотры
Эссе
Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайы
Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы 1935 жылы құрылып, 1976 жылы Алматы қаласында ашылған болатын. Бұл мұражайда Қазақстан, Еуропа, Ресей, Шығыс және Батыс елдерінің 25000-ға жуық өнер туындылары жинақталған. Бұл мұражайда барлық экспонаттар әр елдің хронологиялық дамуы бойынша орналасқан. Бұл мұражайдың мен көрген өзге мұражайлардан ерекшелігі – музейдің дизайны мен аурасында. Бұған дейін мен Алматы қаласында орналасқан Орталық музейде, Нұрғиса Тілендиевтің музейінде және Алматы мұражайында болдым. Бірақ, ол мұражайлардың ішкі дизайны маған мұражай екенін сезіндірмеді және өнер туындыларымен сүйсіне танысуға мүмкіндік бермеді. Қастеев атындағы мұражайға кірген бетте ондағы өнер туындыларының орналасуы және кеңістігінің жалпы көрермендерге ары-бері жүргенге ыңғайлы етіп жасалғандығы қатты ұнады. Сонымен қатар, өнер туындыларына жарықтың түсуі суреттерге, мүсіндерге зер сала қарауға мүмкіндік берді. Және мұражайдың қабырғаларының түсінің өзі де белгілі бір мөлшерде әсемдік беріп, өнер туындыларымен үйлесіп тұрды.
Жалпы, Қастеев атындағы өнер мұражайы 12 залдан тұрады. Әр залдың тематикасы әртүрлі болып табылады. Алғашқы 8 залдар толықтай Қазақстан өнеріне арналған. Келесі 4 залдар орыс, Батыс Еуропа, Шығыс елдері және Кеңес Одағының өнер туындыларына арналған. Менің жадымда алғашқы 2 залдар жақсы сақталды. Алғашқы залда Қазақстанның 1992 жылдан бергі қазіргі мүсін өнерінің туындыларына арналған. Бұл залда әртүрлі жанрларда және әртүрлі материалдардан жасалған мүсіндер жинақталған. Менің байқағаным бойынша, мұндағы мүсіндердің көп бөлігі мәрмәр, қола, ағаш, шамот, күйдірілген саз балшықтан жасалған. Жалпы бұл залда 50-ге жуық мүсіндер бар. Көбісі адам бейнесін немесе адам сезімдерін көрсететін мүсіндер болып табылады. Мұнда атақты тұлғалардың мүсіндері де бар. Мысалы, Әлия Молдағұлованы еске алу мүсіні, Мәншүк Мәметова мен Абай мүсіні және тағы да басқалары. Соның ішінде менің көзіме ерекше түскені- қола және ағаштан үйлестіріп жасалғанТөлеш Шоқан Әлмахамбетұлының «Айсұлу» мүсіні. Бұл мүсінде ағаш пен қола жақсы үйлескен және адамның бейнесі айдың формасында кесілгендей көрінеді.
...