Инфекциялық бақылау
Автор: Ainur Issainova • Февраль 15, 2024 • Лекция • 672 Слов (3 Страниц) • 139 Просмотры
Тақырыбы: Инфекциялық бақылау.
Жоспары:
1.Инфекциялық бақылау», «инфекциялық процесс» туралы түсінік.
2.Инфекциялық бақылау комиссиясының құрамы, мақсаты, міндеттері. 3.Санитариялық-эпидемияға қарсы режим бойынша негізгі нормативтік құжаттар (ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 02.12.2022ж 151 бұйрығы)
1. Инфекциялык бакылау - эпидемиологиялык диагностика деректеріне негізделген аурухана ішілік жұқпалы аурулардын туындауы мен таралуының алдын алуға бағытталған ұйымдастыру, санитарлык - індетке карсы (алдын алу) іс- шараларынын жүйесі;
Инфекциялык бакылау маманы - медициналык ұйымда эпидемиологиялык қадағалауды орындайтын дәрігер - эпидемиолог және арнайы оқыған медицина мейіргері.
АІЖА-ны толык және уактылы есепке алуды жене тіркеуді уйымдастыру;
2) басты теуекел факторларын есепке ала отырып, ауру көрсеткіштерінін есебін жургізу, ауруханаішілік және госпитальдык жукпалы ауруларын егжей-тегжейлі талдау жургізу жене олардын пайда болу себептерін айкындау; АІЖА-ның өршуін тексеру жене жою жөнінде тиісті шаралар кабылдау;
3) госпитальдык және ауруханашілік жукпалы аурулардын алдын алу жөніндегі ұйымдастыру санитарлык – індетке карсы (алдын алу) іс-шаралардын кешенін әзірлеу және олардын (бағадарлама жене жоспар) іске асырылуына бакылау жасау;
4) өз кызметі туралы барлык кызметтерді жене стационар бөлімшелеріне үнемі акпарат беру, АІЖА алдын алу маселелерін шешу үшін олардын тиісті өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету;
5) микробиологиялык мониторингті ұйымдастыру жене жүзеге асыру;
6) госпитальдык жұкпалы аурулардан болған экономикалық залалды есептеу, АІЖА-мен ауырған адам жағынан болған экономикалық наразылық жағ -дайларын талқылауға қатысу;
7) кәсіби ауру жадайларының алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру; медициналық қызметшілер құрамын сауықтыру бағдарламасын әзірлеу;
8) инфекциялық бақылау мәселесі бойынша кадрларды окыту;
9) антибиотикпен алдын алу бағдарламасын және антибиотикпен емдеу әдістерін және антибиотиктерді қолдану хаттамаларын әзірлеу;
10) ауруханаішілік аурудың нақты деңгейін аныктау;
11) санитарлық - індетке қарсы режимді ұйымдастыру және бакылау;
12) медициналық қалдыктарды, биологиялық материалдарды жинауды, залалсыздандыруды, уакытша сақтауды, тасымалдауды ұйымдастыру және кәдеге жарату болып табылады.
Инфекциялық процесс - микроорганизмдердің ішкі ортасының қалыпты жағдайын бұзатын, физиологиялық қызметін бұзатын, патогенді микроорганизмнің енуі мен көбеюінің нәтижесінде пайда болатын, биологиялық құбылыстар мен процестердің жиынтығы инфекциялық процесс деп аталады.
Инфекциялық процесс – соңғы нәтижесі инфекциялық ауруларға алып келетін сезімтал адам организмі мен белгілі бір жағдайы бар ортадағы патогенді микроорганизмдер қарым-қатынасы нәтижесінде пайда болған процесс. Биологиялық тұрғыдан инфекциялық процесс паразитизмнің әр түрлілігімен ерекшеленеді: өмір сүру жағдайының әртүрлі деңгейіне бейімделген екі тірі организм күреске түседі.
...