Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Людвиг ван Бетховен. Өмірбаяны мен шығарамашылығы

Автор:   •  Сентябрь 30, 2021  •  Реферат  •  579 Слов (3 Страниц)  •  1,219 Просмотры

Страница 1 из 3

                                                          РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Людвиг ван Бетховен. Өмірбаяны мен шығарамашылығы.

        Дайындаған: Шалабаева К.

Людвиг ван Бетховен— немістің ұлы композиторы, дирижері және пианисі, үш Вена классиктерінің бірі.

Людвиг ван Бетховен 1770 жылдың желтоқсанында Германияның Бонн қаласында дүниге келді.1778 жылы Бетховенның алғашқы қауымдық концерты өтті. Оқуының хаостығына, жүйесіздігіне қарамастан Людвиг 12 жасында клавесинде, скрипкада, органда еркін ойнады және парақтан жеңілдікпен ноталық мәтіндерді оқи алған.

Бетховеннің ұстазы Христиан Готлоб Нефе болған. Ол жас Бетховенді гармония, контрапунктпен таныстырды. Нефеның арқасында 1782 жылы Бетховенның алғашқы туындылары: Дресслер маршы тақырыбына вариациялар, үш фортепианолық соната, басылып шықты. 13 жастан бастап ол жанұясын қаржыландырушыға айналады. Органшы-Нефеның көмекшісі, сараймаңылық капелланың альтшысы болып қызмет жасайды.1787жылы ол Венаға аттанады. Онда Бетховен Моцартпен кездесіп оны өзінің импровизациясымен таң қалдырады. Кенеттен шешесі ауырып қалып Бетховен туған қаласына оралуға мәжбүр болады. Анасының өмірден өткенінен кейін әкесі рухани әлсіреп, төмендеген Бетховен кіші інілеріне қамқоршы болады. 1792 жылы Йозеф Гайдн Боннға келгенде, жас композитордың (50 шақты шығарма: фортепианоға арналған кішігірім пьесалар, үш соната, түрлі құрамдық ансамбльдер, екі кантата, кішігірім балет) шығармаларына сүйсініп Бетховенды Венаға шақырады.

1795 жылы басылған оркестрлік 1. фортепианолық трио Бетховенге композитор ретінде көпшілік назарын аударды.

1795-1802 жж. аралығындағы он шақты шығарманың ішінде 12 фортепианолық соната, 3 фортепиано мен оркестрге арналған концерт,екі симфония, 6 ішектік квартет оркестр 18, фортепианолық және ішекті аспаптық трио, және т. б.

Қиын өзінің өнерінің мәдениет әлемінде орын іздеу жылдары Бетховен үлкен қасіретке душар болып қалады, ол естімейді. Емшілер кеңесімен Бетховен Гейлигенштад деген жерге денсаулығын дұрыстауға барады. Бірақ емдеу көмектеспей Бетховен өте қатты қайғыға батады.

1800-1803 жж. шығармаларында композитордың бастан кешіргенінің барлығы айқын көрінеді: Үшінші до-минорлық фортепианолық концерт, ор. 37 (1800ж.), жерлеу маршы бар Ля бемоль мажорлық соната,ор. 26 және «Лунная» сонатасы (1801), скрипка мен фортепианолық «Крейцерлік» сонатасы (1803), және т. б. шығармалар.

1803-1808 жж. орталық шығармалар.

Бұл жылдары Бетховен бесінші симфонияның және «Аппасионата» сонатасының жобасы жасалды, «Қаһармандық» симфониясын және «Аврораны» аяқтап жатқанда «Фиделио» операсымен жұмыс жасайды, кейінірек төртінші симфоияны жаза бастайды. Сөйтіп керемет жігерлі шығармашылық ізденістерде болады. Осы өмір кезеңінде скрипкаға арналған концертін жазады, алтыншы симфония, «Кориолан» увертюрасы, фортепиано, хор, және оркестрге арналған фантазия жарыққа келеді. Үшінші симфония Наполеонға арналған еді, бірақ ол өзін император деп жариялаған соң Бетховенның көзінде түсіп, өзінің туындысын композитор Қаһармандық деп атады. Идеясының бұрын болып көрмеген батылдығына, формалар мен музыкалық мәнерлеу әдістеріне қарай бұл симфония шынымен де революциялық акт болды. Осы шығарма алдағы симфонизмге кең өріс ашты, бұл туындыдан бастап әлем симфонизмінде жаңа эра басталды. Үшінші симфониядан кейін композитор «Фиделио» операсын жазуға кірісіп кетеді.

...

Скачать:   txt (8.6 Kb)   pdf (86.5 Kb)   docx (9.7 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club