Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Студенттер күні

Автор:   •  Декабрь 9, 2018  •  Статья  •  348 Слов (2 Страниц)  •  509 Просмотры

Страница 1 из 2

17 қараша – Студенттер күні

[pic 1]

Қарағанды мемлекеттік университетінің математика және ақпараттық технологиялар факультетінде қарашаның 6 жұлдызында студенттер күніне орай Оспанова Дауреш Байдильдиновна ұстазымыздың ұйымдастыруымен «Студенты – веселый народ» атты мерекелік кеш өткізілді.

Болашақтың иесі – жас ұрпақ. Қазақтың дара да дана тұлғасы Абай: «Адамның адамшылығы... жақсы ұрпақтан болады» деген. Олай болса болашақ әр саланың маманы болатын студенттерімізге тек қана жоғары сапалы білім мен тал бесіктен алған тәрбиесін тыңғылықты ету үшін бұрынғының бар жақсысын жиып, бүгінгімен қабыстырған жөн деген мақсатта ҚарМУ математика және ақпараттық технологиялар факультетінің 3 курс студенттері М-301 тобы мерекелік кеш өткізді.

Әр адамның жадында ерекше естеліктермен жатталып қалған студенттік өмір ешқашан ұмытылмайды. Қызығы мен шыжығы мол сол бір төрт жыл талай әдемі де әсерлі әңгіменің арқауы болып, көрігін қыздырғаны хақ. Сәні мен салтанаты, мәні мен мағынасы мол өмірдің кейіпкерлері – студенттердің әр күні мерекедей өтсе де, күнтізбеде белгіленген өзіндік мейрамдары да бар. Ол – 17 қараша халықаралық студенттер күні!

Білім – біздің басты қазынамыз. Халық ақыны Нұрпейіс Байғанин «Білімнен қымбат нәрсе жоқ, көңілде жатса баспай тот» деген екен. Біздің жастар алған білімдерін ақылмен, өнегемен, тән мен жанның сұлулығымен, парасаттылықпен ұштастырса нұр үстіне нұр жауар. Себебі жастарымыздың жан-жақты, саналы, терең білімді, бәсекеге қабілетті болуы – қоғам сұранысы. Осы орайда білім берумен қатар түрлі тәрбиелік іс-шаралардың да маңызы зор.

...

Скачать:   txt (4.8 Kb)   pdf (201.6 Kb)   docx (137.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club