Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан мемлекеттігінiн калыптасуын кезендерге болу

Автор:   •  Январь 13, 2024  •  Реферат  •  1,250 Слов (5 Страниц)  •  128 Просмотры

Страница 1 из 5

ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫН КЕЗЕҢДЕРГЕ БӨЛУ

Мемлекеттану және тарихи-құқықтық ғылымның таным объектісі барлық уақытта бірдей қалыптасқан объект емес, әрі кеткенде аяқталып бітпеген. Сондықтан бұл ғылымдар зерттеу барысында мемлекеттік- құқықтық шындықтың қалыптасқан нысандарын ғана емес, сондай-ақ олардың нақты тарихи жағдайдағы са- палық деңгейіне дейінгі қалыптасу және даму процестерін де қарастыруы қажет. Бұған қоса кез кел- ген заң ғылымының қалыптасқан таным объектісін объективті және жаңа субъективті факторлардын әсерімен жекеленген тұстарымен қатар, бүтіндей алған- да өздігінен дами отырып, қозғалыста болатындығын ескеру керек.

Бұл тұрғыдан алғанда, Қазақстан мемлекеттігі деп отырғанымыз - мемлекеттік егемендік Декларациясы- ның ресми-саяси тұрғыда жариялануы (25 қазан 1990 ж.) мен КСРО-ның тарау кезеңіндегі және тарағаннан кейін қабылданған Мемлекеттік тәуелсіздік туралы (16 желтоқсан 1991 ж.) конституциялық заңының жай ғана занды нәтижесі емес, Қазақстанда адам бостандығынан бастап, жеке меншік - құқық - мемлекеттік және соңғы саты - Қазақстан Республикасы мемлекеті сияқты саты- лардан тұратын қазақ жеріндегі әлеуметтік-генетикалық буынның бүкіл қалыптасу жолы болып табылады. Қазақ- стан Республикасы мемлекеті де әлеуметтік дамудың белгілі бір сатысы бола отырып, мемлекеттің нығаюы мен Дамуына, әсіресе, Қазақстан қоғамында және мемлекет- тер мен халықтардың дүниежүзілік қатынасында өзінің әлеуметтік қызметін іске асыру бағытында шешуші орын алды. "Жаңа мазмұнның нақты тұтастығы деп, қалыпта са бастаған кезде оның белгілі бір деңгейде бастапқы кезеңіндегі нысанымен түйісіп, дамудың қайта бастау қабілетіне ие болатындай нысандары мен әдістерінен өткенін есептеуге болатын шығар".

Жабайы түрдегі бостандық немесе "абсолюттік бостандық " адамдар үшін мемлекеттіктің болмысы ретінде қалыптасады. Мемлекеттіктің болмысы өкіметтің саяси ұйымдасуы элементтерінін толық емес түрдегі жиынтығы бола отырып, адамдар қабілеттерінің табиғи теңсіздігі мен олардың жеке бастың бостандығына билік пен меншікке деген бірдей ұмтылысымен негізделеді. Осыған байланысты қоғам мүшелерін тең дәрежеде топтастыру үшін қоғамдык билікті орталықтандыру қажеттігі туады. Сондықтан мемлекеттік болмыс тарихта заңды түрде егемендіктін қалыптасуы немесе осы мемлекеттіктің қирауы, қайта құрылуы және оның басқа егемен мемлекеттің құрамында жұтылып кетуі түрінде көрінеді. Нақты бір форма мен мазмұнға ие егемендік болмыс бостандықтың мемлекет болып қалыптасу процесінің нәтижесі болумен қатар, бір мезгілде бостандықтың халықаралық құқық тәртібіндегі құқықтық мемлекет түріндегі құқық ретінде қалыптасуы болып табылады. Қазіргі тандагы біздің мемлекетімізді Қазақстан Республикасының кеңес дәуірінен кейінгі саяси дамуындағы ең ақырғы өлшем деп қарауға болмайды. Дегенмен, ол қазақ жеріндегі тұрғылықты халықтың сан ғасырлық этнополитогенездік дамуының, демографиялық және басқа да мемлекетті құраушы тарихи процестердің нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты Қазақстан мемлекеттігінің қалыптасуын зерттеу үшін, ең алдымен мемлекеттің аумақтық негізделуі мен оның тарихи қалыптасуы уақытын анықтау мәселелеріне назар аудару қажет.

Егеменді Қазақстанның бүгінгі қалыптасуы этнополитогенездің үздіксіз процесінде оның мемлекеттігінің өткеніне, бүгінгі күніне және болашағына ара қатынасы болып табылады. Алайда, этнополитогенездің үздіксіздігі тарихи уақыттың әр кезеңіндегі оның сандық және сапалық тұрақтылығын көрсетпейді. Егемендіктің белгілерінің пісіп жетілуінде сапалық және сандық өзгерістердің ара қатынасына қарай көшпелі тайпалардын этнополитогенездік тарихи уақытын кезендер мен дәуірлерге бөлуге болады. Бул екеуі де Қазақстан мемлекеттігінің қалыптасуын бейнелейді, әйтсе де өзінің мәні мен мазмұны жөнінен тең емес.

...

Скачать:   txt (19.6 Kb)   pdf (80 Kb)   docx (11.8 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club