Таулы Карабах қақтығысы
Автор: Aliyaya • Май 19, 2018 • Статья • 1,824 Слов (8 Страниц) • 1,861 Просмотры
ТАУЛЫ КАРАБАХ ҚАҚТЫҒЫСЫ ШЫҒУ ТЕГІ, ДИНАМИКАСЫ ЖӘНЕ ОРТАҚ ҚАТЕЛІКТЕР.
Түйіндеме.Бұл мақалада көп жылға созылған Әзірбайжан мен Армения арасындағы қақтығыс жайлы жазылған. Таулы Карабах аймағының жері Әзірбайжанға тиесілі болып, тұрғындарының армяндықтар болуы және де екі ел арасындағы мәселенің шешім таппауы мақаланың өзектілігін дәлелдеп тұр.Тарихи деректер келтіріле отырып, мәселені шешу жолдары қарастырылған.
Кілтті сөздер: Армения Әзірбайжан қақтығысы, Таулы Карабах
Таулы Карабах аймағындағы даулы мәселенің туындау тарихына көз жүгіртіп өтелік.Армяндық тарихи деректерге сүйенсек, арцахтар[1] біздің эрамызға дейінгі VIII ғасырдан бастап кездеседі. Бұл деректерге сенсек ,ерте ортағасырларда осы Таулы Карабах армяндықтардың қарамағында болған. Түркия мен Иранның жаулаушылық соғыстары кезінде бұл аймақ аталған елдердің қолына өтті. Ал армяндық кнəздіктер Карабах маңында өмір сүруін тоқтатпағанымен , жартылай тəуелді жерлерге айналды. Ал зерттеушілер болса, бұл ежелден Əзірбайжанның қарамағындағы жер болып табылады деп тұжырымдады .Карабах сөзінің өзі Əзірбайжанның "қара бақ" сөзінен шыққан деседі. XVI ғасырда Қарабағымыз Сефевид мемлекетінің құрамында болып, одан соң тəуелсіз хандыққа айналыпты. [3.]
1805 жылы Карабах хандығы Ресей империясының қарамағына өтеді, ал 1813жылғы Гюлистан келісіміне сəйкес Ресей құрамына Таулы Карабах аймағы да кіретін болды.[4.36 б]Түркменчай жəне Эдирне қаласында өткен келісімдер бойынша Түркия мен Иран аумағында тұратын армяндар Солтүстік Əзірбайжанға , соның ішінде Карабах аймағына да көшірілетін болып шешілді. XX ғасырдың басында Таулы Карабах екі мəрте армян-əзірбайжан қан төгіс соғысының (1905-1907 ,1918-1920 жылдары) айлағы болды. Ал 1918 жылдың мамырында Ресей империясының құлауына байланысты Кавказ аймағында тəуелсіз мемлекеттер пайда бола бастайды.Олар- Кавказ Демократиялық Федеративті Республикасы, Грузин Демократиялық Республикасы, Армения Республикасы жəне Əзірбайжан Демократиялық Республикасы. Армяндықтар шоғырланған Карабах пен Зангезур ƏДР-ге бағынудан бас тартты.1918 жылдың 22 шілдесінде Шуше қаласында өткен бірінші армян съездінде Карабахтың тəуелсіздігі жарияланып, өздерінің Халықтық билігін сайлайды( 1918ж қыркүйектен бастап- Карабахтың Армян ұлттық советі). Екі жақты қақтығыстар Əзірбайжан кеңестік биліктің шырмауына іліккенге дейін болып тұрды. 1920 жылы сəуірде Əзірбайжан құрамына Карабах, Зангезур, Нахичевана кіреді. 1920 жылы 30 қараша Əзревком өз декларациясыменен Зангезур мен Нахичкваньді Армения жерлері ретінде мойындап, Таулы Карабахқа өзін өзі басқаруға құқық берді. 1921 жылы 3 маусымда Карабах Армениянікі деп танылды, бірақ 5 шілдеде қорытынды шешім шығып , Карабах Əзірбайжан территориясында қалады. [6. 7 б]
Саясатшылар бұл жағдайды Кеңістік Ресейдің Кемалдік Түркияға жақындауы үшін жасаған қадамы деп түсінді. 1923 жылы Əзірбайжан құрамына кіретін , халқын армяндар құрайтын Шуше, Джебраиль, Джеваншир, Зангезур уездері Таулы Карабах автономды облысының құрамына кірді. 1960 жылдары автономия ішінде əлеуметтік-экономикалық қысым бола бастайды. 1980 жылдардағы Горбочевтің демократияландыру саясаты елдегі саяси шектеулердің əлсізденуіне алып келіп соқты. 1987-1988 жылдары армяндықтар өздерінің əлеуметтік - экономикалық жағдайларына көңілдері толмайтынын көрсетті. 1988 жылдары 90мың оқырманы бар "Кеңестік Карабах" газетінде Таулы Карабахты Армян ССР-мен табыстыру жайлы идеялар жарық көре бастады. ТКАО мен интеллигенцияның басшылығымен миацум[2] идеясы ел ішіне таралды. Степанакерт қаласында армяндық студенттердің көптеген көтерілістері болды. Көп əзірбайжандар бұл ситуацияның бағалай отырып, елден кетуге бел байлайды. 1988-жылдың басына қарай Армениядан Əзірбайжанға 4000-дай əзірбайжандар қашып, паналайды. [3.] ТКАО-ның советі Таулы Карабахтың Əзірбайжан құрамынан шығуы жайлы шешімге келеді. 1988 жылы екі ел арасында қарулы қақтығыс өтеді. Территория Əзірбайжан бақылауынан шығып кетеді. Екі елде Кремльге бағынбай -ақ өздерінің заң жобаларын қабылдап, түрлі қылмыстық істермен айналысты. 1991 жылы 30 тамыз Армения өзінің тәуелсіздігін жариялайды, 2 қыркүйек Арменияның қолдауымен Таулы Карабах та өз тəуелсіздігін жариялады. Бірақ Таулы Карабах шынайы тəуелсіздікке тек желтоқсан айында жетті. Бұл кездері Əзірбайжан да тəуелсіз мемлекетке айналған еді. Жəне де Таулы Карабахты өзінен бөліп тастауға келіспей, 1991 жылы Əзірбайжан мен Армения , Таулы Карабах арасында ұзақ емес, бірақ қатыгез соғыс басталды. Арменияның артында Ресей Федерациясы тұрса, Əзірбайжан артында Түркия тұрды. КСРО армиясының Кавказ аймағындағы əскери базасы Əзірбайжан еді. Əзірбайжан 11000 вагон қару жараққа , 4-ші жалпы əскери армиясына, әуе қорғаныс әскерінің үш бригадасына, әуе күштерінің 4 базасына жəне Каспий теңізінің флотына ие болды. Бірақ, 4 жылға созылған соғыс Əзірбайжан үшін сəтсіз болды. Армения Əзірбайжан территориясының 13,4%-на ие болды. Бұл ТКАО-ның 92,5%-і еді. 25 мың адам өмірінен айырылды.100 мың бейбіт тұрғын үйлерінен кетуге мәжбүр болды. [5.] Екі жақты келісімге келтіру мəселесі сол кезде үлкен маңызға ие болды. Мысалы: БҰҰ қақтығысқа байланысты 4 қарар қабылдады. 1991 жылы 23 қыркүйекте Əзірбайжан, Армения, Қазақстан, Ресей мемлекет басшылары бас қосты. 1992 жылы көктемде ЕҚЫҰ арнайы қақтығысты реттеуші топ құрды . Атысты тоқтату тек 1994 жылдың көктемінде ғана орындалды. 1994 жылы 12 мамырда Қырғызстан астанасы Бішкекте Əзірбайжан, Армения жəне Таулы Карабах арасында екі жақтың достасуы, жəне соғыстың тоқтатылуы жайлы протоколға қол қойылады. [4. 23 б]
...