Рим құқығын оқыту бағдарламасы
Автор: omrkxxn • Октябрь 5, 2022 • Лекция • 43,856 Слов (176 Страниц) • 265 Просмотры
Алғы сөз.
Рим құқығы барлық құқық салаларының ішінде құқықтың әлемдік жүйесінің дамуында үлкен маңызға ие, себебі рим құқығы басқа құқық жүйелерінің дамуын қалыптастыруға негіз болды және бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Көптеген құқықтық институттар рим құқығының классикалық кезеңінде өңделген күйінде әлі күнге сол қалпында сақталуда, атап айтқанда заттық құқықтар ілімі, міндеттеме, шарт, мұрагерлік туралы ілім.
Рим құқығы – ертедегі Рим мемлекетінің құлиеленушілік құқығының жүйесі. Рим құқығының пәні антикалық Римнің толық емес көлемдегі құқығы, яғни жеке құқық шеңберіндегі құқығы болып табылады. Рим құқығы-әлемдік мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі, оны жоғалту бұл адамдардың тірі және болашақ ұрпақтарының мәдени деңгейіне теріс әсер етеді. Рим е құқығы әлемдік құқықтық жүйенің дамуына оның (романо-германдық құқықтық жүйесі) үлкен үлес қосты, Рим құқығы басқа құқық жүйелерінің қалыптасуына негіз болды және бүгінгі күнге дейін өзінің маңызын сақтаған. Оқу әдістемелік құралында рим құқығының негізгі институттары мен түсініктері берілген. Берілген материал рим жеке құқығының негізгі қайнар көздерінің мазмұнын және институттарын меңгеруге, қажетті латын терминологиясын білуге, казустарды шешу тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік береді. Бұл оқу-әдістемелік құралы бойынша алынған оқу материалдары азаматтық құқық, отбасы құқығы, халықаралық жеке құқық, халықаралық құқық ,кәсіпкерлік құқық, азаматтық іс жүргізу және т.б. пәндерді меңгеру кезінде көмегін береді деген ойдамыз. Оқу әдістемлік құралы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне және халықаралық құқық сұрақтары қызықтыратын көпшілікке арналған. Рим құқығын оқып зерттеу құқық саласында кең теоретикалық дайындық бергеннен басқа ұғымдық аппаратты еркін қолдануға көмек. Рим құқығының көп түсініктері қазіргі заманғы құқықтану саласында белсенді қолданылуда.
Кіріспе
§ 1. Рим құқығын оқыту мақсаты мен бағдарламасы
Рим құқығы дүниеге келген кезінде Рим Италиядағы көбімен бірдей кіші қауым болған еді. Рим қауымы (civitas Roma) ұлғайған сайын өз ықпалын Италиядағы барлық аумаққа, содан кейін Жерорта теңізіне таратып, билік астына сол уақыттағы барлық мәдени орталықты жинап алды.
Сонымен қоса Рим іштей өзгерді. Көне патриархалдық құрылыс жойылып, ескі табиғи өнімге негізделген шаруашылық күрделі экономикалық қарым - қатынаспен алмасады. Жаңа өмір, күшті жұмылдыруды, әр бір жеке тұлғаның қабілетін күшеитуін талап етті. Осының барлығына сай рим құқығы өз сипатын жеке тұлғаның бастамасына қарай ауыстырды: тұлғаның бостандығына, шарт және өсиет бостандығы рим құқығы жүиесінің бір қалауы болып табылды.
Осыған байланысты, пайда болатын дауларды шешу үшін құқық субъектілерінің аумақтық немесе ұлттық белгісінен тәуелді болмай қолданып реттейтін құқықтық норма жасау қажеттілігі туындады. Рим құқығы объективті қажетіліктің ықпалынан, өзіне дейін мың жылдар бойы қалыптасқан халықаралық қатынастың және халықаралық айналымдағы әдет - ғұрыптардың қасиеттерін бойына сіңдіріп оған қол жетімділік және тұрақтылық сипатын береді.
Рим құқығын оқыту бағдарламасы:
Рим құқығы құқық болып жаңа қалыптасқан кезінде Рим Италиядағы көбімен бірдей кіші қауым болған еді. Рим қауымы (civitas Roma) ұлғайған сайын өз ықпалын Италиядағы барлық аумаққа, содан кейін Жерорта теңізіне таратып, билік астына сол уақыттағы барлық қауымдарды жинап алып бір мәдени орталықты қалыптастырды. Сонымен қоса Рим ішкі жағдайы да өзгерді. Көне патриархалдық құрылыс жойылып, ескі табиғи өнімге негізделген шаруашылық күрделі экономикалық қарым – қатынастарға алмасты. Жаңа өмір, күшті жұмылдыруды, әр бір жеке тұлғаның қабілетін күшейтуін талап етті. Осыған орай рим құқығы өзіндік құрылымдық сипатын жеке тұлғаның бастамасына қарай ауыстырды: ол дегеніміз жеке тұлғаның бостандығына, шарт пен мұрагерлік, тұлғалардың құқықтық мәртебесі, тіпті құлдардың бостандығы осының бәрі рим құқығы жүиесінің бір құрамдас бір бөлігі ретінде қарастырылды. Осыған байланысты, пайда болатын дауларды шешу үшін құқық субъектілерінің аумақтық немесе ұлттық белгісінен тәуелді болмай қолданып реттейтін құқықтық норма жасау қажеттілігі туындады.
...