Өз өлкемнің өзекті мәселесі
Автор: Meirzhan_ • Февраль 19, 2022 • Эссе • 316 Слов (2 Страниц) • 304 Просмотры
Өз өлкемнің өзекті мәселесі
Мен Түркістан обылысы Қазығұрт ауданы Дихан ауылында тұрамын. Осында туып өстім, білім алдым. Ауылда нағыз бақытты балалық шағым өтті. Қайғысыз қуаныштың не екенін білмейтін сияқты мен де ауылымнан ұзап шықпай, ауылымның өзекті мәселесі не екенін білмедім.
Өзекті мәселе дегеніміз уақыт өте келе немесе қысқа уақыт ішінде шешімін табуға тиіс халықтың өмір сүру сапасын арттыруға кедергі болған үлкенді-кішілі фактор. Ең алдымен, өзімнен, яғни ауыл жастарының мәселесінен бастайын. Ауылымда өзекті мәселелердің бірі- спорт кешенінің, мәдениет үйінің болмауы. Ауылда талантты жастар өте көп. Мейлі спорттан болсын, мейлі білім жағынан, тіпті өнерлілер де баршылық. Біздің ауылда, әсіресе, күрестен және футболға арналған спорт кешені болса, жастар салауатты болып, уақытын тиімді өткізер еді.
Білімге келер болсақ, мектеп, балабақша бар, интернет байланысы да орнатылған. Дегенмен, ауыл жастарының ішінен өза шауып, суырылып шыққандарды аз көремін. Сондықтан ауылыма шағын болса да іші құнды кітаптарға толы бір кітапхана керек. Ол кітапханада тек әдеби кітаптар ғана емес, ғылыми шығармалар да жинақталса тіпті керемет болушы еді. Жастар кітапханаға келмейді ғой деген пікір қате деп білемін. Жастар кітапханаға келеді, егер ғылыми, робота-техникалық арнайы бөлме болса, ең маңыздысы, білікті ұстаз болса. Осы қажеттіліктердің өтелмеуі себепті жастар көбіне ұялы телефоннан еш мағына бермейтін, жақсы нәтиже шығармайтын ақпаратарды миына толтырып жатыр. Спорт кешеніне де, кітапханаға да ауылдың бір шетінен орын табылады.
Ауылымдағы өзекті мәселердің кезекті бірі- жол мәселесі. Татулық көшесінде асфальт жол ешқашан төселіп көрмеген. Жазда шаңы тобықтан келеді, қыста лай-батпағы қарапайым жаяу адам түгілі, көлігі барларды да әуре-сарсаңға салады. «Тобықтан келеді» сөз тіркесін қыста қар жауғанда қолданамыз-ау, бірақ кей көшелерге қатысты жаз мезгілінде де қолданылады.
Әрине, осы аталған мәселелерді жәй айтып қана қоймай, шешуге тырысып та жүрміз. Көшенің жағдайын әкімшілік қарауына бердік, ал спорт кешенін, мәдениет үйін саламын деп жас әкіміздің өзі шапқылап жүр. Бұл мәселелер алдағы жылдары шешіледі деп сенемін. Өйткені, осыны қолға алып жүрген жастарымыз бар. Айтпақшы, көктемінен бастап жаңа мешіттің ірге тасы осы жылдың қаланбақ. Бұйыртса, бұл да бір шешімін тапқан іс болмақ.
...