Биоэтиканың өзекті сұрақтары
Автор: Nurzhamal1819 • Декабрь 28, 2018 • Реферат • 4,164 Слов (17 Страниц) • 2,770 Просмотры
«Астана Медицина университеті» АҚ[pic 1]
«Молекулалық биология және медициналық генетика» кафедрасы
Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Биоэтиканың өзекті сұрақтары
Орындаған: Әбдіразақ Альмира
Тобы: 105
Факультеті: Жалпы медицина
Қабылдаған: Күзенбаева А.Е
Астана 2018[pic 2]
Жоспар
1.Кіріспе...............................................................................................................................3
2.Негізгі бөлім.....................................................................................................................4
2.1.Биоэтика принциптері...............................................................................................4
2.2.Медицина қызметкерінің өзін-өзі ұстау мәдениеті................................................4
2.3.Деонтология...............................................................................................................8
2.4.Биоэтиканың негізгі мәселелері...............................................................................9
2.5. Исламдағы биоэтикалық мәселелер.....................................................................10
2.5.1.Эвтаназия..........................................................................................................10
2.5.2.Трансплантология ............................................................................................11
2.5.3.Адамды клондау...............................................................................................11
2.5.4.Суррогат аналық туралы..................................................................................12
3.Қорытынды.....................................................................................................................14
4.Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................................15
[pic 3]
Кіріспе
Биоэтика немесе өмір этикасы – этиканың бөлімі болып табылады. Биоэтика адам өміріне қатысты қандай әрекеттерге моральдық тұрғыдан рұқсат етілетіндігін және қандай әрекеттерді қолдануға болмайтындығын анықтайды. Биоэтикааның дамуы қазіргі заманғы әлемдік медицинада өркениеттік трансформация процесіне көшуіне байланысты. Ол технологиялық тұрғыдан жабдықталған ғана емес, сонымен бірге емдеудің заңды және этикалық аспектілеріне сезімтал болып табылады. Биоэтика ХХ ғасырдың 70-жылдарынының басында пайда болды. «Биоэтика» термині екі сөзден тұрады: «био» - «тіршілік». Этика – философияның мораль туралы ғылымы – адамдар басшылық ететін құндылықтар жүйесі. Дәстүр бойынша, этика адамгершілік философия ретінде және филантропия көріністерінің бірі ретінде қарастырылады. Осылайша, биоэтика – бұл өмір этикасы. «Биоэтика» термині алғаш рет1970 жылы дәрігер Ван Ренсселер Поттердің (1911-2001) «Биоэтика – болашаққа көпір» еңбегінде қолданылған.
Биоэтиканың мақсаты: өмірдің басталуымен, аяқталуымен және адам өміріне араласуымен байланысты дәстүрлі емес медициналық және биологиялық жағдайларда моральдық-құқықтық шешімдер іздеу.
Биоэтиканың міндеті: адамның құқықтық қорғау теориясын дамыту және оны іс жүзінде жүзеге асыру.
Этика (грекше ēthiká ếthos – салт, таным, мінез) ғылым ретінде адамның ар-ұяты мен танымын зерттейді. Этика адам қоғамының түрлі даму дәуіріндегі наным-сенім, құндылықтар, моральды ұстанымдардың қалыптасу заңдылықтарын қарастырады.
Кең тарағаны – профессионалды этика. Дәрігерлік және мейірбикелік этика, ғылыми медициналық зерттеулер ұғымы планетаның бүкіл даму барысында дамыған этикалық қағидалар. Мұндағы аса зер қоятыны медицина қызметкерінің міндеті, профессионалды компетенттілік, деонтология. Қазіргі кезде медициналық этика қағидалары биомедициналық этика ұғымына жинақталған.
Негізгі бөлім
...