Қазақстан Республикасының
Автор: dina_via14 • Сентябрь 20, 2023 • Реферат • 486 Слов (2 Страниц) • 159 Просмотры
Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университеті
[pic 1]
Реферат
Орындаған:Сыдығалы Фатима
Қабылдаған:Абаев Мақсат
Бектурсынович
Мамандығы:1курс ПМНО 22-3
Тақырыбы:Қазақстан Республикасының
Әкімшілік құқығы
Әкімшілік құқық-бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге арналған ҚР құқықтық жүйесінің саласы.
Әкімшілік құқықтың пәні- бұл мемлелекеттік басқару сферасында туындайтын,дамитын және тоқтатылатын қоғамдық қатынастар.
Әкімшілік құқықтың пәніне мына қатынастарды жатқызуға болады:
1)Атқарушы билік органдарының ұйымы байланысты;
2)Басқаруда әкімшілік билік органдарының әкімшілік- билік өкілеттерді жүзеге асыру барысында және азаматтармен,мемлекеттік және меммлекеттік емес ұйымдарымен өзара әрекеттерінде туындайтын;
3)Әкімшілік құқық бұзушылықтарды істегені үшін туындайтын;
Әкімшілік құқық жүйесі – бұл салаларды құрайтын салашықтарға жиыстырылған топтар - құқықтар – құқықтық институттар бойынша бөлінген құқықтық нормаларының ғылыми – ұйымдастырылған жиынтығы – біртұтас нормативті құрылым.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл басқару қатынастарының субьектілерінің мінез-құлық ережелері көрсетілген және бекітілген мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдаған нысандар.
Әкімшілік құқық мәні атқарушы өкімет органдарының (Үкімет,министрлер,әкімдермен басқалар) мемлекеттік басқару аясында өз міндеттері мен қызметтерін тікелей жүзеге асыруына байланысты қоғамдық қатынастарың жиынтығын құрайды.
Әкімшілік құқықтың негізгі мақсаттары:
- Мемлекеттік әкімшіліктің тиімді қызметіне жағдай жасау;
2) Азаматтардың,мемлекеттің,қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) Жүзеге асырылуы атқарушы билікке байланысты азаматтардың,олардың бірлестіктерінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға жағдай жасау;
4) Экономиканы дамытуға жағдай жасау;
5) Әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға жәрдемдесу
6) Азаматтарды және қоғамды мемлекеттік әкімшіліктің өзіндік билігінен,немқұрайлықтан және билікті заңсыз пайдалануынан сақтауды қамтамасыз ету;
Әкімшілік құқықтық әдістерге мыналар жатады:
- Тапсырма беру – бұл субьектінің әкімшілік құқықпен белгіленген қандайда бір нақтылы әрекетті жасау міндеті;
- Рұқсат ету – бұл құқық шеңберінде субьектіге қандай бір әрекет жасауға немесе өз қалаауы бойынша оны жасаудан қалыс қалуға рұқсат беру;
- Тыйым салу – бұл заңмен тыйым салынған әрекеттерді жасауға тыйым салу.
Әкімшілік құқытық нормаларының түрлері мен қайнар көздері. Экономика, әлеуметтік – мәдениет және әкімшілік саяси аяларда мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру туралы негізгі ережелерді айқындайтын нормалар түрлеріне бөлінеді.
...