Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасының жерге орналастыруының құрылымы

Автор:   •  Апрель 20, 2022  •  Реферат  •  1,506 Слов (7 Страниц)  •  286 Просмотры

Страница 1 из 7

Студенттің өзіндік жұмысы

Н  3-1.1.37-2022

1 баспа 02.02.2022

[pic 1]

«М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ» КЕ АҚ

СӨЖ

Кафедра: ______________________________________________

Тақырыбы: _________________________________________

Пәні:___________________________________________________  

Курс:___________________________________________________

Топ:____________________________________________________

Студент:_________________________________________________

Оқытушы:_______________________________________________

Тараз 2022

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Қазақстан Республикасының жерге орналастыруының құрылымы

2.2 Жерге орналастыру процесі мен мақсатына сәйкес міндеттері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


КІРІСПЕ

Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы жер зандарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар жүйесі болып табылады.

Жерге орналастыру меншiк нысанына тиесілілігiне жане оларда шаруашылық жүргізу нысанына қарамастан, барлық санаттағы жерде жүргізіледі.

Жерге орналастыру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу нәтижесiнде белгiленген, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен қаралған және бекітілген жердің нысаналы максаты, жердi пайдалану мен оны қорғау режимi, шектеулер мен ауыртпалықтар, жер учаскелерiнiн шекарасы, жердiң сапасы мен мөлшері туралы деректер және басқа да деректер жер кұқығы қатынастары субъектiлерiнiң орындауы үшін міндетті болып табылады.

Жерге орналастыру: ландшафтық - экологиялық көзқарас негізiнде жерге орналастырудың, жердi аймақтарға бөлудiн республикалық, облыстық және аймақтық схемаларын (жобаларын) және жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеудi; қолданыстағы жер пайдалануды калыптастыру және ретке келтіру жөнiндегi шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасауды, белгiлi бiр жерде жер учаскелерiн бөлiп беру мен шекарасын белгілеудi; белгiлi бiр жерде елді мекендердің шекарасын шегін анықтау мен белгілеуді олардың жер шаруашылық орналастыру жобаларын жасауды; белгiлi бiр жерде әкiмшiлiк-аумақтық кұрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи  аумақтардың және жердi пайдалану мен қорғаудың ерекше шарттары бар басқа да жер учаскелерiнiң шекарасын белгілеудi: жерге орналастыру, бүлінген жердi жаңғырту мен жаңа жердi игеру жобаларын, сондай-ақ жердi пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобалар әзiрлеуді; жердi түгендеу iсiн жүргiзудi, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсатында пайдаланылмай отырған жерді анықтауды; топографиялық - геодезиялық, картографиялық, топырақты зерттеу теботаникалык және басқа да зерттеу мен iздестiру жұмыстарын жүргізу, жер ресурстарынын жай-күйi мен пайдаланылуының тақырыптық карталары мен атластарын жасауды қамтиды және қамтамасыз етедi.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Қазақстан Республикасының жерге орналастыру құрылымы.

Реформаға дейінгі уакыттағы біршама тұрақты жер пайдаланушылықтарды құруға немесе реттестіруге қатысты жерге орналастыру жұмыстарының мазмұны шаруашылықаралық жерге орналастыру және ішкі шаруашылық жерге орналастыру түрлерiне бөлiнетiн болатын.

Жерге орналастыру объектiсiне қарай екi түр тармаққа ажыратылады. Олардың біpeyі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жер пайдаланушылықтарын құруға, қайта құруға, реттестіруге және жетiлдiруге, екiншi түрлі мемлекеттiк, қоғамдық және жеке шаруашышылық мұқтаждықтарға (өнеркәсіптік, азаматтык, энергетикалык, гидротехникалық және басқа кұрылыстарды жүргiзуге, қорғаныс, транспорт, байланыс, ғылым, мәдениет және тағы сол секілді) жер бөліп беруге байланысты. Демек ауыл шаруашылық емес кәсiпорындардын жер пайдаланушылықтарын құру.

...

Скачать:   txt (25.3 Kb)   pdf (345.3 Kb)   docx (181.1 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club