Табиғатты шақырамын
Автор: Tolkyn73 • Октябрь 11, 2022 • Реферат • 3,181 Слов (13 Страниц) • 394 Просмотры
ТАБИҒАТТЫ ШАҚЫРАМЫН
Бұл «Табиғатты шақырамын» тақырыбымен жазылған экологиялық мәселелер қарастырылатын авторлық бағдарлама. Мен география пәні мұғалімі ретінде әлем экономикасының қазіргі даму моделі мен табиғатты пайдалану сипаты қорашаған ортаның, яғни адам өзі өмір сүріп отырған және болашақта өмір сүретін ортасының өте тез қарқынмен ластап жатқандығын, адамзаттың өзіне қажет ресурстардың азайып қайтымсыз сарқылып бара жатқандығы – ТҰРАҚТЫ ДАМУ қажеттігін туындатып отырғандығы туралы оқушыларға білім бере отырып, осындай бағдарлама қажет екендігіне көзім жетті. Осындай бағдарламамен жүйелі экологиялық білім беру өзінің тиімділігін көрсетуде.
Бағдарламада «ТҰРАҚТЫ ДАМУ табиғат ресурстарын сақтай отырып, болашықты ойлай отырып даму, яғни экологиялық дағдарыспен басқа да ғаламдық қатерлерге қарсы тұра алатындай дамудың жаңа моделі» тұжырымдамасын түсіне отырып оны шешу жолдарына өз жобаларын ұсынуға аса мән беріледі.
Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты - оқушы бойында табиғатты қорғау, оны жақсарту үшін жан-дүниесінде нәзік сезім қалыптастыру, экологиялық мәселелерді шешуге деген құлшынысын ояту. Негізінен адамзаттан алыстап бара жатқан таза ауа, таза су, көркем табиғатты қалай шақыруға болады, қандай шаралар қолдансақ сол табиғаттың ортасында емін - еркін өмір сүре аламыз? сұрағымен жұмыс жүргізуге бағытталған.
Бағдарламада ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫ жүзеге асырудағы негізгі түсініктер:
- Экономиканы экологияландыру
- Табиғатты тиімді пайдалану
- Жасыл экономика,
- Энергияның жаңа көздері
- Оңтайлы экономика және экологиялық қауіпсіздік және т.б ұғымдар туралы білім алу негізінде жүзеге асырылады.
Бағдарлама қазіргі заманғы табиғатты пайдалану туралы дұрыс түсінік қалыптастыруға, оны шешу жолында жаңа тәсілдер ұсынуға мүмкіндік береді. Экономиканың экологиялық моделін, яғни экономика мен экологияның бірлігін тануға, адам мен қоршаған орта арасындағы үйлесімділікке мән беріледі. Адамзаттың адамгершілік құндылығы жоғары бағаланады. [pic 1]
Барғарламаның құрылымы көрсетілген бұл иерархиядағы білім алу бағдардаманың үш бөлімі бойынша білім беріледі.
Бағдарлама жоспарында көрсетілген бөлімдер;
1 – рет саны,
2 – бағдарламаның тақырыптары қазіргі заманғы экологияға байланысты ұғымдар – экологиялық білім, экологиялық сана.
3 - сол тақырыпты меңгеруге бағытталған оқу мақсаттары – экологиялық көзқарас қалыптастырады,
4 – мәселені шешу жолдары (өз жобаларын ұсыну, бар жобаладың тиімді жақтарын қарастыру, т.б) – алған білімдері мен түсініктері бойынша шешім мен іс әрекеттерін көрсетеді. (Қосымша сағат саны, мерзімі қатарларын қосуға болады)
«Табиғатты шақырамын»
№ | Тақырыптың атауы | Оқу мақсаты | Мәселені шешу жолдары. |
1 | 2 | 3 | |
1 | Ноосфера қандай қабат? | Антропосфера – биосфераның жаңа жағдайға көшкен бүгінгі деңгейін білу. | «Ноосфера қалыңдығы» Сурет |
2 | «Тұрақты даму» көрсеткіштері не үшін керек? | Тұрақты дамуға көшу қажеттілігін білу, Тұрақты даму критерийлерін талдау. (С.Мурай, Жапония) | «Жергілікті жер тұрақты даму көрсеткіштері мен индикаторлары» кестесін құру |
3 | Табиғатты пайдалануды неге реттеу керек? | Табиғатты пайдалануды реттеу шағын қоғамнан басталатынын дәлелдеу. | Жергілікті жер табиғатын пайдалануды реттеу үшін шешімдер |
4 | Табиғат ресурстарын не үшін жіктейміз? | Сарқылмайтын ресурстар | Көрме «ЭКСПО – 2021» |
5 | Геосфералардың ластану қарқыны қандай? | АЛИ (атмосфераның ластану индексі) | «Түймедақ сорғы» жобасы |
6 | Экологиялық қауіпсіздік аймақты қалай ұйымдастырамыз? | Қоршаған ортаның сапасын бағалауда экономикалық және экологиялық бағалау сараптама және аудиттің рөлін сипаттау. | «Қос пайда» жобасы. |
7 | Мұнай-газ өндіруде табиғатты пайдалануды реттеуді жүзеге асырудың қандай жолдары бар? | Мұнай-газ өнеркәсібінің экологиялық қауіп қатерлерін бағалау. | «Мұнайсыз өркендеу» SWOT анализ |
8 | ЖКТ - экологиялық тиімділігін көрсете алама? | ЖКТ идеяларын іске асыру не үшін қажет екенін дәлелдеу. | «Жергілікті жер экологиялық мәселелері» Отбасы дәстүрлері – кластер. |
9 | Экологиялық сыйымдылық шегі қандай? | Табиғатты қорғау үшін біз не істей аламыз, мүмкіндіктерді зерделеу. | «Экокөлік – экоотын» Жоба |
10 | «Экологиялық із» және тұрақты даму | Табиғи кадастрды жүргізу | Эйзенхауер матицасы |
11 | Су және экологиялық із – неге басты мәселе? | СРБИ - ауыз су мәселесін шешу жолдарын қарастыру. | «Ақылды үй» жоба |
12 | «Эко – және смарт –сити» қалалары несімен үлгі көрсете алады? | Экологияландырылған индустрияны ұйымдастырудың жаңа жолдарын қарастыру. | «Эко қала», «Ұшатын үйлер» жоба |
13 | БҰҰ-ң ұйымдастыруымен өткен іс-шаралар несімен маңызды болды? | Әлем және Қазақстан бойынша экологиялық мәселелерді шешу іске асырылып жатқанын білу. | «Табиғатты таза ұста» эссе жазу |
14 | Экологиялық менеджмент стратегиясы неге негізделген? | Адамның тіршілік ету ортасын қорғауды басқаруды және коэволюция үдерісін түсіну. | Экобизнес жоспар «адам-геосфера» |
15 | Экологиялық таза өндіріс болуы мүмкіндігі қандай? | Экологиялық таза өндірісті жобалау - экоиндустрия тиімділігне көз жеткізу. | «Экокешен» жобасы |
16 | Мен білетін қоршаған ортаның жағдай қандай? | Жергілікті жер экологиялық жағдайын жіктеу, бағалау | «Мақаншы өңірінің экологиялық жағдайы» альбом |
17 | Жылыжай эффектісі несімен қауіпті? | Табиғи айналымдардың бұзылуын реттеуді неден бастау керектігін түсіну. | «2050ж жер беті» болжам - карта схема |
18 | Озон қабатының жұқаруына не себеп? | Ультракүлгін сәулелердің көбеюінің кері салдарын талдау. | «Жеңімпаз пікірлер» ультракүлгін сәулелерден қорғану жолдары. Таныстырылым |
19 | Орманды аумақтардың қысқаруы және шөлейттену байланыстары неде? | Фотосинтез – тәуліктік циклдердегі өзгерістер болу себебін сипаттау | «Бокаж», «Бонсай», ағаш өсіруге қолайлы аумақтар картасхемасы |
20 | Бақытты отбасы қалай құрылады? | Экологиялық тұрғыда отбасы дәстүрлерінің маңыздылығын түсіну, | «Экодизайын өнімдері – кеше-бүгін-ертең» жоба |
21 | Бақытты адам деп кімді атауға болады? | АДИ – нің «өмір циклі» үдерістеріне әсерін білу. | МДИ, жоба-ұсыныстар |
22 | Мәдени ландшафттандыру қарқыны неге артуда? | Абаттандыру, көгалдандырулардың маңыздылығын білу | «Таза, жасыл ауылым» Еріктілер қозғалыысы |
23 | «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасында қандай мәселелер қамтылған? | «Жасыл экономика - экология - экологиялық сана» үштігін байланыстыра алу, өз тұжырымдамасын жасау. | Эко - челлендж |
24 | Экожүйелердің тарихи және табиғи дамуын жалғастыруға қандай кедергілер бар? | Популяция, кері және кері теріс байланысқа анртопогендік ықпалды анықтау | «Тарбағатай ұлттық саябағы» макет |
25 | Биотехнология экологиялық мәселелерді шешуге қалай көмектесе алады? | «Анаэробтық ферментация» тиімділігін білу. | «Анаэробты ферментация» ауылдағы тиімді жоба |
26 | Экологиялық тиімділік индекісін анықтау не береді? | Қазақстанның экологиялық тиімділік көрсеткіші бойынша әлемде алатын орны және оның себептерін анықтау. | «Мата сөмкелер» акциясы |
27 | Гомеостаз. Табиғаттағы тепе-теңдік сақтауды қалай қолдауға болады | Популяциялардың кері байланысына адам әрекетінің әсерін бағалау. | «Гүлденген аула – гүлденген әлем» Тәжірибе алмасу |
28 | Қызыл кітаптың экологияны жақсартудағы рөлі қандай? | Қорықтар мен қорықшалар аумағын үлкейту, табиғи ескерткіштердің санын көбейтудің маңызын түсіну. | «Мақаншы өңірінің ҚЫЗЫЛ КІТАБЫ» кітапша |
29 | Экологиялық саясат жүргізудің қажеттілігі | Табиғи нысандарға байланысты шекаралық мәселелерді шешуді білу. | «Экологиялық келісімшарттар» Құжаттар жасау |
30 | Геоэкологиялық аудандастыру табиғат жағдайларын анықтауға қалай көмектеседі? | Қоршаған ортаның мониторингі жасау, оқи алу. | Болжалды визуализация Бағалау кестесі, карта-схема |
31 | Экология және адам денсаулығы – қатынасы қандай? | Адам денсаулығы қоршаған орта жағдайының индикаторы екенін мысалдармен дәлелдеу | «Лайфхактар» |
32 | Дүниежүзі халқының саны геоэкологиялық фактор ретінде қарастыруға болама? | Халық+тұтыну+техникалық прогресс = әлеуметтік-экономикалық үдерістер әсері | Мысалдар Диаграммалар Графиктер |
33 | Экологиялық заң және нормалар | Табиғатты пайдалануды реттеу Экологиялық құқық. | Дебат |
34 | Экологиялық жаңалықтар, жаңа қадамдар мен шешімдердің нәтижесі қандай? | Жаңа экологиялық стратегиялармен танысу | Бейнероликтер |
...