Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ЖЭС тегі табиғатты қорғау шараларының ерекшеліктері (табиғатты қорғау технологияларын қысқаша шолу)

Автор:   •  Ноябрь 18, 2021  •  Лекция  •  6,484 Слов (26 Страниц)  •  323 Просмотры

Страница 1 из 26

Дәріс №3. ЖЭС тегі табиғатты қорғау шараларының ерекшеліктері (табиғатты қорғау технологияларын қысқаша шолу)

3.1 Табиғатты қорғау технологияларының дамуындағы перспективті бағыттар

Дүние жүзінде энергия балансына төменгі сортты көмірлерді енгізуге байлансты сұйық және газ тәрізді отындарға қарағанда қатты отынның үлесі жалпы отын балансында өсуде. Себебіне мұнай мен газдың әлемдік қорларының көмірге қарағанда шектелуінде және қатаң экологиялық талаптарды қанағаттандыратын көмірді жағу технологияларын жасау мүмкіндіктерінде.

ЖЭО әрекетінен қоршаған ортаны ластандыру үлесі қазандық, букүшті және көмекші қондырғыларының мүлтіксіздігімен анықталады. Букүшті қондырғы мен оның көмекші механизмдері, конденсаторды салқындату жүйесі қоршаған ортаға тек жылулық әсер етеді және жағу заттары мен сақындату сұйықтарының әр түрлі артық ағуларымен ластанады. Сонда қоршаған ортаны ластандыру дәрежесі негізінен қазандық қондырғы жұмысы, отын дайындау мен түтін газдарын тазалау жүйесіне тәуелді. Бұл температурасы 120...150 ОС жану өнімдерін атмосфераға тастаумен байланысты, олардың аэрозольді бөлігінің негізі жауын-шашынмен жерге шөгеді, ал газды бөлігі атмосфералық ылғалмен, оттекпен немесе ауаның басқа элементтерімен өзара әрекеттесуі мүмкін. Бұндай тастандылар энергия көзінің маңайында қоршаған ортаға әрекет етуден басқа “қышқыл жаңбырға”, жердің азон қабатын жұқартуға, бұлттық жамылғы қалыңдығын өсіруге және парникті эффектің пайда болуына әкеп соқтырады. Сонымен қатар, көмір ЖЭС әрекеттеріне тілеусіз экологиялық факторлар болып табылатындар золоотвал, хим. су тазалаудағы ластандыру, промывка, басқа салыстырмалы аз утечкалар (мазут шаруашылығы, ГСМ қоры, гараж, газогенераторная, аккумуляторная, РММ және т.б.).

ЖЭС зиянды заттарды азайтудың жаңа технологияларын жасаудың элементті базасының екі бағытта дамуын қарастырайық. Бірінші – күкірт, азот және түтін газдарынан күл тазалаудың дамыған жүйесін жасау, сонымен қатар ауыл шаруашылығы мен құрылыс индустриасына қалдықтарды утилизациялап өнімдер шығару. Екінші – оттық процестерін жетілдіру себебінен түтін газдарындағы зиянды заттардың мөлшерин минималды ету, сонымен бірге термиялық отын дайындаудың озық жүйесін жасау.

3.2 Жаңа технологияларды жасаудың элементті базасы ретінде түтін газдарын тазалау жүйелері

        ЖЭС негізгі ластандыру көзі түтін газдары болғандықтан, олардағы зиянды заттардың мөлшері тек атмосфера күйін емес, әсіресе жер мен су бассейнінің күйін анықтайды, адам, флора және фауна өміріне әсер етеді.

        Түтін газдарын тазалаудың әр түрлі тәсілдері мен жүйелері бар. Көпшілікте (күл үшін әрқашан) бұл қазанның конвективті қыздыру беттерінен кейін қойылатын аппараттар.

Күл және күлден тазалау

        Көмірдің жанбайтын элементтерінен тұратын бөлшектері күл болып табылады. Негізгі құрамы – кремний (SiO2), темір (Fe2O3), алюминий (Аl2O3), магний (MgO), кальций (СаО), күкірт (SO3) оксиді және т.б., қосымша аз мөлшердегі мышьяк пен ауыр металлдар (свинец, ванадий, хром, цинк). Әр түрлі көмірлерде күл элементар құрамы бір бірінен айрықша болы мүмкін.

        Күл бөлшектерін сипаттайтын негізгі параметр олардың размері немесе дисперсиясы. Размері мкронның жүзден бір бөлігінен 100 мкм-ге және одон да жоғары болады, жағу тәсіліне тәуелді.

Адамға ең қауіпті бөлшектердің размері0,5...5 мкм, үлкендері мұрында ұсталады, ал кішкентайлары деммен шығады.

        Күл тазалау аппараттары, дәлірек айтқанда аэрозоль ұстағыштар, және олардын бөлшектерді ұстау размер аралықтары 1 суретте көрсетілген.

[pic 1]

Сурет 1. Қалқыған бөлшектерді ұстауға арналған аппараттар (взвешенных)

...

Скачать:   txt (91.3 Kb)   pdf (314.6 Kb)   docx (345.8 Kb)  
Продолжить читать еще 25 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club