Құрлықтағы ағынды сулар әрекетінен қалыптасқан бедер пішіндері
Автор: Erkezhan Eee • Октябрь 7, 2020 • Контрольная работа • 847 Слов (4 Страниц) • 1,256 Просмотры
1.Құрлықтағы ағынды сулар әрекетінен қалыптасқан бедер пішіндері.
Су- құрлық ағынды су болып жылдар бойы ағатын болса, ол жердің рельефі өзгереді. Оған мысал: Шатқал, өзен аңғары, саңылау және тағы да басқалары. Шатқал – көлденең қимасы латынның V əрпі тəрізді терең аңғар. Көп жағдайда, шатқал тектоникалық жарықтар бойын- да қалыптасады, кейіннен ағын сумен одан əрі кеңейіп, аумағы ұлғайып, тереңдей түседі. Шатқалдар Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі биік таулы аудандарға тəн болып келеді. Қазіргі кезде кейбір шатқалдардың табаны құрғақ, олар уақытша су ағындарының эрозиялық əрекеттерімен өңделіп отырады.Геологиялық құрылымына жəне тектоникалық элементтерінің байланыс сипатына қарай аңғарлар синклинальдық, антиклинальдық, моноклинальдық, грабендік (опырынды), тектоникалық жарылым бойына сəйкес келетін, аккумуляция- лық жəне эрозиялық аңғарларға бөлінедіТабиғатта өзен тораптары түрлерінің бұтақ тəрізді, параллель, бір орталықтан жан-жаққа таралатын, жан-жақтан бір орталыққа тартылатын жəне шеңбер тəрізді жəне де басқа көптеген түрлері кездеседі. Өзен аңғары – жер бетіндегі аса кең емес, ұзына бойы ирелеңдеп созылып жатқан жалпы еңістігі өзеннің бастауынан сағасына қарай бағытталған, теріс пішінді жер бедері.Аңғардың негізгі морфологиялық элементтеріне арна, жайылма, терраса, аңғар жəне жағалауындағы аңғар беткейлері жатады Өзен аңғарларының морфогенетикалық түрлері. Өзен аңғарларын морфологиясы олардың жергілікті жердегі физикалық-географиялық жағдайларға, геологиялық құрылысы мен даму тарихына байланысты. Таулы өлкенің жоғары биіктеуіне байланысты қарқынды түрде эрозиялық тілімдену нəтижесінде саңылау, шатқал жəне каньон тəрізді терең аңғарлар пайда болады. Саңылау – екі жағы тік құламалы, тар аңғарлардан тұрады. Көпшілік жағдайда биік таулы аймақтарда таралады.
2.Флювиалдық бедерлер.
Аѓын сулар жер беті пішіндерініњ ќалыптасуында маңызды рөл атқарады. Олардың әрекетінен пайда болѓан бедер пішіндері алуан түрлі. Сол себептен суды жер бетінің мүсіншісі дейді. Ағын сулардың әрекеті алдымен сумен шайылуынан, шайылған заттардың судың ағынымен төмен тасымалдануынан, соњында оларды шоғырлап жинақтауынан құралады. Сонымен, ағынды сулар әрекетінен атқарылатын геоморфологиялық процестердің жиынтығын флювийлік (латынша fluvius – аѓын, тасќын) процестер деп атайды.
Флювийлік процестер əрекетінен қалыптасатын жер бедері. Флювийлік (латын тілінде, өзен, ағын деген мағына береді) процесс əсерінен қалыптасатын жер бедері құрлықтағы тұрақты жəне уақытша ағын сулардың əрекеті нəтижесінде түзіледі.Ағын сулар жер беті пішіндерінің қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Олардың əрекетінен пайда болған бедер пішіндері алуан түрлі. Сол себептен суды жер бетінің мүсіншісі деп те атайды. Ағын сулардың əрекеті алдымен судың шаюынан, шайылған заттардың судың ағыны көмегімен тасымалдануынан, ең соңында, олардың жинақталуынан құралады.
3.Тұрақты ағын сулар әрекетінен қалыптасқан бедерлер.
Өзендер негізгі арнадан жəне оның тармақтарынан тұрады.Өзен барлық тармақтарымен бірге қосылып өзен жүйесін, ал белгілі бір аумақтағы өзендер саны сол жердің өзен торын құрайды.Өзендердің жер бедерін құрудағы басты факторларына өзен ағысы мен өзен ағысының жылдамдығы жатады. Өзен ағысы өзінің ағу барысында арна айналасындағы тау жыныстарын бұзып, ағызып əкетіп, жаңа өзен арнасын қалыптастырады, арна эрозиясы жүреді.Өзендер мен жылғалар суы құйылатын су қоймасының (өзен, көл, теңіз, мұхит) деңгейі эрозия базисі деп аталады. Эрозия базисінің белгілі бір деңгейде
...