Iрі қалаларда туристтік бизнесті калыптастыру ерекшелiктерi мен принциптерi
Автор: zarajrn • Апрель 14, 2019 • Курсовая работа • 1,533 Слов (7 Страниц) • 698 Просмотры
ІРІ ҚАЛАЛАРДА ТУРИСТТІК БИЗНЕСТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Ірі қалаларда туристтік бизнесті дамыту қажетті теориялық және әдістемелік зерттеулердің жүргізілуін талап етеді. Олардың негізгілері ретінде «туристтік бизнес» түсінігін анықтау сонымен қатар, туристтік бизнестің ірі қалаларда қалыптастыру ерекшеліктері мен принциптерін анықтау қарастырылады. Туризмді дамыту бойынша ірі қалалардың талпынысы соңғы онжылдықта айтарлықтай күшейді. Көптеген ірі қаладар кірмелі туризм ағыны бойынша атақты курорттық орталықтарға лайықты бәсекелес бола алды. Мұндай түсініктің бір себебі, индустрияландырудан кейінгі кезеңде экономикаға ауысу ірі қалалардың қоғамдық дамудағы рөлі мен алатын орнын бірден өзгертті – өнеркәсіп орталықтарынан олар қызмет орталықтарына, оның ішінде туристтік орталықтарға айналды. Бұл мысал ретінде туризмнің дамуын бизнестің бір саласы ретінде, оның ішінде ірі қаладағы бизнес саласы ретіндегі туризмнің ерекшеліктерін зерттеуге байланысты. Қазіргі уақытта отандық оқу және ғылыми әдебиеттерде «туристтік бизнес» термині кеңінен қолданысқа ие. Теориялық көзқарастан қарағанда, бизнес пайда алу мақсатындағы экономикалық іскерлік сипатында да болады. Халықаралық көзқараста туристтік нарық: экономикалық іскерліктің тәжірибелік даму болжамы мен жағдайы – бұл өндірістік үдерістер мен қорлардың белгіліг бір нақты тауарды немесе қызметті құру мақсатында бірігетін, белігілі бір өнімге қол жеткізуге алып келетін әрекеттердің үйлесімділігі. Туризм саласында екі іскерлік түрін бөліп қарастыруға болады. Бірінші түрі – туристтік өнімді қалыптастыру, жетілдіру және жүзеге асыру бойынша туризмді ұйымдастырушылар (туроператорлар мен туристтік агенттіктер). Екінші түрі – олар ұсынған туристтік өнімді тұтынатын турист-тұтынушыларға арналған. Іскерліктің кез келген түрі егер олар өндірген тауарлар мен қызмет түрлері туристтік тұтынумен байланысты болса, туристтік сипатқа ие болады. Осыған сәйкес, туризмдегі бизнес негізін, экономикалық іскерлік ретінде келесі процесстер қалыптастырады: туристтік өнімді өндіру процесі; туристтік өнімді жетілдіру; туристтік өнімді жүзеге асыру – ол келесі түрге бөлінеді: туристтік өнімді тұтынушыға сату процесі; туристтерге қызмет көрсету; туристтік қызмет көрсету процесі (туристтік өңірде тұру, тамақтану, экскурсиялық қызмет көрсету және т.с.с.); тур кезінде және турдан тыс – оның басталуы мен аяқталу кезіндегі пайдаланылатын тауарларды сату процесі. Осыған байланысты, біздің ойымызша, «туристтік бизнес» түсінігінің келесі анықтамасын ұсынған дұрыс. Туристтік бизнес – туристтік өнімдерді (тур, туристтік қызметтер мен тауарлар) қалыптастыру, жетілдіру және жүзеге асыру бойынша, туристтік нарықтың барлық кәсіби қатысушылары арқылы жүзеге асырылатын, туристтік тауарлар мен қызметтерге деген тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыру арқылы пайда алу мақсатында ұйымдастырылған экономикалық іскерлік. Кез келген бизнес, оның ішінде туристтік бизнес те бірнеше иерархиялық деңгейден тұрады. Туристтік бизнесте бұл деңгейлердің саны – сәйкесінше туристтік өнімнің деңгейіне байланысты болады. Осыған байланысты, туристтік бизнестегі іскерлік қатынастар жүйесінің келесі құрылымдық деңгейлерін бөліп қарастыруға болады: 1) микрдеңгей — қызметтер, жұмыстар, тауарлардың өндірілуіне (орналастыру, тамақтандыру, жәдігерлік өнімдер, ақпараттар және т.с.с.); мамандандырылған жеке кәсіпорын; 2) мезодеңгей, қосушы: - біртекті туристтік кәсіпорындар (мысалы, үлкен қалаларды орналастыру құралдары); туристтік дестинация – экономиканың бірнеше саласы мен әртүрлі қор көздерінің біріктірілген туристтік өнімдері (аймақтық туристтік өнім); 3) макродеңгей: — біртекті туристтік кәсіпорындар тобы (мемлекетті орналастыру құралы – салалары); – елдің әртекті туристтік кәсіпорындар тобы (туризм саласы); — ұлттық туристтік өнім. Ірі қалалардағы туристтік бизнестің кәсіпкерлік құрылымды іскерлігінің маңызды ерекшеліктерін қарастырамыз. Оларға келесі түрлерін жатқызады: туристтік бизнес ірі қаладағы жалғыз іскерлік түрі болып табылмайды; өзінің іскерлігін туристтік бизнесте жүзеге асыратын кәсіпкерлік құрылымдардың әртүрлілігі; туристтік өнімнің әртүрлілігінің жоғары деңгейі; мезгілділік факторы; туристтік қызығушылық нысандары мен туристтік бизнес кәсіпорындарының орналасуының бірқалыпсыздығы; келушілердің әртүрлі топтарына бағытталу: туристтер, экскурсия жасаушылар және тұрақты өмір сүруге келгендер. Туристтік бизнесті дамыту қарама қарсы сипатқа ие. Туристтік бизнесті қалыптастыру және дамыту жоғарыда келтірілген ерекшеліктермен жүзеге асырылуы керек. Алайда, сонымен қатар туристтік бизнесті қалыптастыру және орындау принциптерін ескеру қажет. Осыған байланысты, туристтік бизнесті қалыптастыру мен дамытудың маңызды принциптерін қарастырамыз.
...