Корея Республикасы
Автор: dilanova_nazira • Январь 27, 2020 • Реферат • 4,725 Слов (19 Страниц) • 817 Просмотры
Реферат
Тақырыбы: Корея Республикасы
Тексерген: магистр, аға оқытушы Айманова Е.Е
Орындаған: 01412 топ студенті Диланова.Н
Орал - 2016 жыл
Жоспар
1) Корея Республикасы туралы жалпы мәлімет,этимологиясы
2) Тарихы
3) Мемлекеттік басқару жүйесі
4) Әкімшілік бөлінуі
5) Қарулы күштері
6)Физикалық-географиялық жағдайы
- Географиялық жағдайы
- Жер бедері және пайдалы қазбалары
- Климаты
7)Халқы
8)Экономикасы
9) Транспорт, энергетика және инфрақұрылым
10) Ғылым және технология
11) Халықаралық қатынастар
12)Пайдаланылған әдебиеттер
Корея Республикасы — Корей түбегінде орналасқан Шығыс Азиядағы мемлекет.Жер аумағы 100201 км2,әлем бойынша 109 орын алады.Халқының саны 51 млн адам.Тығыздығы 1км2 – 515,2 адам. Үкімет түрі – президенттік республика. Президент – Пак Кын Хе. Астанасы — Сеул. Ірі қалалары – Сеул, Пусан, Инчхон, Кванджу, Тэгу, Тэджон, Ульсан.Ресми тілі –корей тілі. Ұлттық валютасы – Оңтүстік Корея вонасы.БАҚ өкілдерімен жиі қолданылатын, мемлекеттің бейресми атауы — Оңтүстік Корея.
Этимология
Корей тілінде Корея Республикасы Тэхан мингук деп аталынады. Дегенмен толық атаудың Хангук 0 немесе Тэхан деген қысқартылған атаулары жиірек қолданылады. Кей уақытта Намхан яғни «Оңтүстік Хан» деген атау да қолданылады, бұл атау «Солтүстік Хан», яғни Солтүстік Корея елінің атауы болып табылатын Пукхан деген сөзге қарама-қарсы бағытта қолданады. «Хан» сөзі Корей түбегін мекен еткен ежелгі Самхан тайпалық одағының атауына қатысты, ал «Корея» сөзі б.з 918—1392 жылдары Корей түбегінде өмір сүрген Корё мемлекетінің атауынан шыққан. Корё сөзінің өзі Корей түбегінің солтүстік аймағын, сондай-ақ қазіргі Қытайдың солтүстік-шығыс бөлігі мен Ресейдің Жапон теңізі бойындағы жерлерінде орналасқан ежелгі Когурё мемлекетінің атауынан шыққан.
Тарихы
Корея тарихы б.з.д. 2333 жылы Чосон мемлекетінің (әдетте XIV ғасырда билік құрған Чосон әулетінен айыру мақсатында Кочосон деп атау қабылданған, Ко- префиксі «ежелгі», «ерте», «алдыңғы» деген мағынаны білдіреді) құрылуынан бастау алады. Корей аңыздарына сəйкес Кочосон мемлекетінің негізін Тангун қалаған.[6][7][8] Аңыз бойынша Маньчжурияның Ляолин аймағы мен Корей түбегінің солтүстік-батыс өңірінде көптеген тайпалар пайда болды. Тангун осындай тайпалардың бірінің басшысы болған және корей ұлтының негізін қалаған. Тангун көптеген кіші тайпаларды біріктіріп, Кочосон мемлекетінің негізін қалаған болатын. Кочосон елін б. з. д. 108 жылы қытайдың әйгілі Хань мемлекеті басып алып, елде 4 әкімшілік округ құрады.
Ертедегі үш патшалық және Кая
Қала негізіндегі мемлекеттер кейіндері тайпалық бірлестіктерге қосылып, күрделі саяси жүйе қалыптастыра бастады. Мұндай бірлестіктердің қосылуы – патшалықтардың пайда болуына себепші болды. Сондай алғашқы патшалық б. з. д. 37 – б. з. 668 жылдар аралығында өмірген сүрген Когурё мемлекеті. Мемлекет негізін Хань патшалығына қарсы шыққан Кореяның әйгілі қолбасшысы Тоңмёңсоң уаң (Жумоң уаң) қалаған. Жумоң уаң бүкіл корей халқын қытай басқыншылығынан азат етіп, бүкіл Корей түбегінің солтүстігін бір мемлекетке бағындырды.
Б. з. д. 18 – б. з. 660 жылдары өмір сүрген Пэкче мемлекеті де ертедегі үш патшалықтың бірі. Бұл патшалықтың негізін Тоңмёңсоң уаңның кенже ұлы Онджо уаң қалаған. Аталған патшалық Хангаң өзенінің төменгі сағасында, қазіргі Сеул қаласы орналасқан жердегі қаланың негізінде пайда болған.
Силла патшалығы (б. з. д. 57 – б.з. 935 жыл) Корей түбегінің оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Бұл мемлекет сол кездегі үш патшалықтың ішіндегі ең әлсіз, әрі артта қалған болатын. Алайда Силла Қытайдан айтарлықтай шалғай орналасқандықтан мұнда Қытайдың ықпалы әлсіз болды.
...