Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бухгалтерлік есеп ақпарттық жүйе ретінде

Автор:   •  Ноябрь 10, 2020  •  Лекция  •  1,803 Слов (8 Страниц)  •  478 Просмотры

Страница 1 из 8

Тақырып 1. Бухгалтерлік есеп ақпарттық жүйе ретінде

1. Шаруашылық есеп және оның түрлері.

2. Заңды тұлғалардың түрлері мен ұйымдық-құқықтық нысандары.

3. Бухгалтерлік есепті нормативтік реттеу.

4. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.

1. Шаруашылық есеп және оның түрлері

Ұйым қызмет ету барысында көптеген әртүрлі шаруашылық операцияларын жүзеге асырады. Өз қаражаттарын пайдалану және сыртқы инвесторлар мен кредиторлардан қаржы тарту арқылы ұйым жабдықтар, құралдар (еңбек құралдарын), өндірістік ғимараттарды сатып алады.

Өндіріс үрдісін басқару үшін ақпарат қажет. Мұндай ақпаратты өндірісті басқарудың бір фукнциясы ретінде пайда болған есептің көмегімен алуға болады. Ол шаруашылық үрдістерін тұрақты түрде бақылау, оларды сандық өлшеу, тіркеу және жалпыламау арқылы жүзеге асырылады. Есептің көмегімен шаруашылық үрдістері сандық және сапалық сипаттама алады: өндірілген өнім мен сатылған тауарлар көлемі, олардың өзіндік құны, еңбек өнімділігі, рентабельділік және басқалары анықталады.

Сонымен, шаруашылық есеп дегеніміз экономикалық құбылыстар мен үрдістерді бақылау және тиімді басқару мақсатында сандық және сапалық сипаттама беру жүйесі болып табылады.

Шаруашылық есеп үш түрлі есеп түрлерінен тұрады: жедел, статистикалық және бухгалтерлік.

Жедел есеп жекелеген шаруашылық операцияларын ағымдағы байқау мен бақылау және олардың жүзеге асырылуын басқару жүйесі деп танылады. Ол, әдетте, ұйым шеңберімен шектеледі, яғни шаруашылық операциясы орындалатын жерлерде жүргізіледі (қойма, дүкен, касса,т.б.).

Есептің бұл түрі басқа есеп түрлеріне қарағанда орындалу техникасы жағынан өте қарапайым және қажет болуына қарай жүзеге асырылады.

Статистикалық есеп (статистика) сапалық жағынан біртұтас әлеументтік-экономикалық көлемді құбылыстарды тіркеу, жалпыламалау және зерттеу жүйесі (сала, экономикалық аймақ, мемлекет көлемінде).

Статистика мемлекеттік және аймақтық деңгейде басқару шешімдерін қабылдау мақсатында басқару және үкімет ұйымдары қолданатын (халық саны, жұмысшылар саны, еңбек ақы төлеу шығындары және басқалары жөнінде) ақпаратты жинайды және дайындайды.

Бухгалтерлік есеп барлық шаруашылық операцияларын тұтас, үздіксіз және құжаттарда рәсімдеу арқылы ұйымның мүліктері, міндеттемелері және олардың қозғалысы жөніндегі ақшалай ақпаратты жинаудың, тіркеу мен жалпыламалаудың реттелген жүйесі болып табылады.

Бухгалтерлік есепке экономикалық ақпаратты өңдеудің арнайы әдістері мен тәсілдері тән: бухгалтерлік есеп шоттары, шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есеп шоттарына екі жақты жазу, бухгалтерлік баланс және басқалары.

Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде белгілі-бір шаруашылық субъектісі жөнінде ұтымды басқару шешімін қабылдауға және оның іске асырылуын бақылауға мүмкіндік беретін қаржылық ақпаратты өлшеуді, тіркеуді, өңдеуді және ұсынуды жүзеге асырады.

2. Заңды тұлғалардың түрлері мен ұйымдық-құқықтық нысандары.

ҚР аумағында орналасқан барлық заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бухгалтерлік есеп жүргізуге міндетті. Заңды тұлға дегеніміз өзінің меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.

Заңды тұлғаның мүліктік жекешеленуі оған мүліктің бекітілуі, сол арқылы мүлікті иелену құқығына ие болуы, пайдалану және нұсқау беру құқығына ие болуы арқылы көрсетіледі, бірақ кей жағдайларда нұсқау беру құқығы шектеледі. Бекіту нысаны әртүрлі болады. Көбінесе, мүлік заңды тұлғаның меншік құқығына берілетін, яғни заңды тұлға осы мүлікке қатысты меншік иесіне тән барлық құқықтар мен міндеттемелерге ие болатын бекіту нысаны қолданылады. Мүлік заңды тұлғаға шаруашылық жүргізу құқығына беріледі. Мұндай құқық мемлекеттік кәсіпорындарға тән. Мүлікке деген меншік құқығы меншік иесінің иелігінде болғандықтан, нұсқау беруші ретінде заңды тұлғаның құқығы белгілі-бір шектеулерге ие болады. Заңды тұлға мұнда мүлікті иелену және қолдану құқығына ие болады.

...

Скачать:   txt (28.2 Kb)   pdf (119.1 Kb)   docx (16.1 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club