Жер туралы ғылымдар жүйесіндегі жалпы жертанудың орны. География ғылымының міндеттері
Автор: Султан Аманжолов • Сентябрь 26, 2021 • Контрольная работа • 583 Слов (3 Страниц) • 1,043 Просмотры
Кіріспе
- Жер туралы ғылымдар жүйесіндегі жалпы жертанудың орны.
- География ғылымының міндеттері.
1. География өте ертеде қалыптасқан, Жердің беткі қабаттары туралы көне суреттер Вавилонда, Египетте, Ежелгі Қытайда табылған. «География» ғылымы антикалық Грекияда жақсы дамыған. Жердің шар тәріздігі туралы идеяларды б.д.д 6ғ. антикалық Грекияның Пифагор(б.д.д 570-500жж), Аристотель (б.д.д. 384-322жж), Эратосфен Киренский (б.д.д. 276-194жж) сияқты ірі ғалымдары жазып қалдырған. Эратосфенді «географияның атасы» деп есепейді.
География – кешенді ғылым, ол төрт блокқа бөлінеді: физикалық географиялық, әлеуметік-экономикалық географиялық ғылымдар, картография және елтану. Бұл блоктардың әр қайсысы өз кезегінде географиялық ғылымдар жүйесіне бөлінеді.
Жалпы физикалық географиялық ғылымдар жалпы физгеографияға (жалпы жертану) және аймақтық физикалық географияға бөлінеді.
Барлық физикалық географиялық ғылымдарды біріңғай зерттеу обьектісі біріктіреді. Қазір көптеген зерттеушілер клесідей ортақ пікірге келді, яғни барлық физикалық географиялық ғылымдар географиялық қабықты зерттейді. Н.И. Михайловтың анықтамасы бойынша, физикалық география – Жердің географиялық қабығы, оның құрамы, құрылымы, қалыптасу және даму ерекшеліктері туралы ғылым.
Географиялық қабық – атмосфера, гидросфера, литосфера, тірі заттар, қазіргі кезеңде – адамзат қоғамы арасындағы өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасқан материалдық жүйе.
Жалпы жертану Жердің планетарлық жүйесін – географиялық қабықты зерттейді. Сәйкесінше, жалпы жертану ғылымының зерттеу обьекітісі біртұтас жүйе ретіндегі географиялық қабық болып табылады, ал ғылымның зерттеу пәні – географиялық қабық құрылымының заңдылықтары, динамикасы мен эволюциясы, территориалдық дифференциация мәселелері болып табылады.
Аймақтық физикалық географиялық нақты бір табиғи-территоиалдық кешендерді, олардың құрылысы, даму және қалыптасу тенденцияларының ерекшеліктерін зерттейді.
Жеке физикалық географиялық ғылымдар географиялық қабықтың ішіндегі жекелеген геосфераларды зерттейді:
- геоморфология – жер қыртысының рельефі және жыныстар туралы ғылым; ол рельеф құрылысының ерекшеліктерін, пайда болу тарихы мен дамуын зертейді.
- Метеорология және климатология – Жердің ауа қабатын, климаттың қалыптасуы мен олардың географиялық таралуын зерттейтін ғылымдар.
- Гидрология – жердің су қабатын зерттейді. Гидрология мұхиттану (океанология) және құрлықтар гидрологиясына бөлінеді.
- Топырақтану – топырақтың қалыптасу заңдылығын, олардың дамуын, құрылысы мен кеңістікте таралуын қарастырады;
- Биогеография – тірі организмдердің құрамын, олардың таралуын және биоценоздардың таралуын зерттейді.
Географиялық қабық соңғы жылдары адам ықпалының әсерінен қатты өзгерген. Онда қоғамның ең жоғары шаруашылық әрекет облыстары шоғырланған. Көптеген елдерде географиялық қабық инженерлік құрылыстарға, қалаларға, каналдарға, ауыл шаруашылығы территориларына толып тұр. Қазіргі кезде оны адамзаттың ықпалынсыз қарастыруға болмайды. Сондықтан қазіргі кезде географ адам мен табиғаттың өзара ықпалына көп көңіл бөлуі қажет.
2. Жалпы жертанудың ғылым ретінде дамуы географияның дамуынан жеке бөлініп қарастырылмайды. Сондықтан географияның алдында тұрған міндеттер, жалпы жертанудың міндеттері болып табылады.
...