Жауын-шашын классификациясы
Автор: Отдел Гидрологии • Апрель 3, 2018 • Курсовая работа • 16,309 Слов (66 Страниц) • 1,268 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ | 3 |
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ | 4 |
1.1 Жауын-шашын классификациясы | 4 |
1.2 Жауын-шашынның көпжылдық тербелісін зерттеу әдістері | 13 |
1.2.1 Жауын-шашынның көпжылдық тербелісін зерттеу принциптері | 14 |
1.3 Жауын-шашын мен қардың пайда болуы | 16 |
1.4 Жауын-шашынның химиялық құрамы, электрөткізгіштігі мен радиоактивтілігі | 18 |
1.5Жауын-шашынның түзілуінде электр күшінің ролі. | 23 |
1.6 Жаңбырдың жеке тамшылары мен олардың жиынтығын зерттеу | 26 |
1.7 Ерекше жауын-шашындар | 28 |
1.8 Жауын-шашынның тәуліктік және жылдық жүрісі. | 29 |
1.9 Жауын-шашынның жасанды шақырту мен болдырмау | 31 |
2 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФИЗИКО-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ | 35 |
2.1 Алматы қаласының физико-географиялық сипаттамасы | 35 |
2.2 Тараз қаласының физико-географиялық сипаттамасы | 35 |
3 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША КӨКТЕМГІ ЖАУЫН-ШАШЫННЫҢ ТАРАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ | 38 |
3.1 Оңтүстік Қазақстан бойынша жауын-шашынның таралуы | 38 |
3.2 Оңтүстік Қазақстандағы көктемгі айлардағы жауын-шашынның таралуы | 43 |
3.3 Жауын-шашын аномалиялары | 47 |
3.4 Жауын-шашын түрлері | 48 |
ҚОРЫТЫНДЫ | 50 |
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ | 51 |
КІРІСПЕ
Онтүстік Қазақстанның климаты шұғыл континентальді. Атмосфералық жауын-шашынның таралуы бұл территорияларда қарқынды түрде жиі байқалады. Себебі қарастырылып отырған территориялар тау беткейінде орналасқандықтан, яғни фронттың тұрақталуы, бұлттардың құрылуы, циклонның дамуы жауын-шашынның түсуіне қолайлы болып табылады. Жауын-шашындардың пайда болуы және жер бетіне түсуі ауылшаруашылыққа пайдасын да кедергісін де келтіруі мүмкін. Оңтүстік Қазақстанда жауын-шашын жеткілікті мөлшерде болуы ең алдымен, ауыл шаруашылығына, соның ішінде егін шаруашылығына оң әсерін тигізеді. Жеткілікті ылғалдылық пен күн сәулесінің болуы өсімдіктің бірқалыпты өсуіне ықпалын тигізеді. Алайда, жауын-шашынның көп мөлшерде жауса да зиян болады. Мысалы, жаңбырдың жаууы топырақтың бұзылуына әкелуі мүмкін. Тағы топырақтың бұзылуы бұршақ кезінде болуы мүмкін. Бірақ, ауылшаруашылығына ең көп зиян келтіретін бұршақтың топыраққа емес өсімдіктерге келтіретін зияны, кейбір кезде бұршақ өсімдіктерді толығымен жойып жіберуі мүмкін. Сұйық жауын-шашындарда жер бетінде пайда болатын кейбір кезде өсімдіктерге зиянын келтіреді. Мысалы, өсімдіктердің үстінде су қабатының ұзақ уақыт тұруына әкелуі мүмкін, ол өсімдіктердің ауыруына және әртүрлі ауылшаруашылығына зиянды зиянкестердің пайда болуына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, жауын-шашын көп мөлшерде жауса, су тасқынына болуы мүмкін.
Курстық жұмыстың мақсаты: Оңтүстік Қазақстан бойынша көктемгі жауын-шашынның таралу ерекшеліктерін анықтау.
Курстық жұмыста Алматы мен Жамбыл қалаларындағы көктемгі атмосфералық жауын-шашындардың мөлшері, олардың аномалиялары, түрлері анықталып, графиктер мен кестелер тұрғызылды.
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1 Жауын-шашын классификациясы
Жауын-шашынның қалыптасуы бұлттарда жүретін бірнеше басты процесстердің әсерінен қалыптасады: су буының конденсация және сублимациясы, коагуляциясы, бөлшектердің еруі, ыдырауы, қатуының нәтижесінде пайда болады.
...