Жүктің классификациясы
Автор: buldyrgen • Февраль 6, 2019 • Курсовая работа • 3,326 Слов (14 Страниц) • 1,270 Просмотры
1.Зеттеу бөлімі
Құм – минералды түйірлерінен, сирегірек әр-түрлі таужыныстардың шағын бөлшектерінен, немесе организм қалдықтарының қаңқа сынықтарынан тұратын ұсақ түйірлі борпылдақ таужыныс немесе шөгінді, түйірлерінің мөшері (0,1-1 мм), ірі түйірлі (0,5-1 мм), орта түйірлі (0,25-0,5 мм) және ұсақ түйірлі (0,1-0,25 мм) болып үш түрге бөлінеді. Заттық құрамы және жаралау тегі тұрғысынан әр-түрлі болуы мүмкін. Құмның қиыршықтары (ірілігі 0,1-0,5 мм) көбінесе суға жөнді ерімейтін, механикалық берік минералдардан тұрады. Оның құрамында кобінесе кварц онан кейін дала шпаты, магнетит, циркон, анарлар т.б. болады. Теңіздік құмдар біркелкі даладағыдай жазық жатады. Шөлдік және өзендік құмдар қиғаш шалыс жатысты келеді. Сонымен қатар құмның түсі де әр түрлі болуы мүмкін. Темір тотығына боялған құм қоңырқай сарғыш, глауконитке араласқан құм сұрғылт жасыл, көмір араласқан құм қара болады. Кейбір жағдайда таза ақ кварц құмдар немесе дала шпатты таза аркоз деген құмдар болады. Оларды шыны, фарфор өндірістерінде көп қолданады. Құм ішінде кейде кен минералдары- алтын, платина, касситерит, вольфрамит, корунд, алмаз т.б. кездеседі. Бұған көбінесе өзен құм жатады. Кені жоқ құм құрылыс материалы ретінде қолданылады. Құмтастар әр түрлі ерітінділермен біріккен құмдардан құмтастар шығады. Құмтастар арасындағы цементіне қарай ізбесті, темірлі, сазды, силикатты, кварцты болып айрылады. Цемент түріне қарай және тығыздалу дәрежесіне қарай құмтастарды беріктігі де әр түрлі болады. Олардың арасында үгіліп тұратын босаңдары да, граниттей беріктері де бар. Әсіресе кварцты құмтастар аса берік келеді. Түрлі қайрақ, шарық тастар, сондай-ақ диірмен тастары да осы құмтастан жасалады. Құмтастар өте жақсы құрылыс материалы болып есептеледі, өйткені оның қабаттық беттері тегіс болғандықтан қалауға қолайлы келеді. Құмтастар ішінде кен минералдары да кездеседі. Ондай құмтастар кен тасына айналады. Мысалы, Жезқазғанның мысты құмтасы кен тасы болып табылады. Жай құмтастар әр жерде кездеседі.
Шоғыр құмдар- құмды шөлдердегі жел әсерінен түзілген нонабедердің пішіні, тақырлар мен сорлардың жайпақ беттеріндегі аласа бұталар тәңірегінде желмен әкелінген борпылдақ материалдардан тұратын ұсақ (биіктігі 1 м-ге дейін) үйінділер.
Төбешік құмдар- Днепр мен Дон өзендерінің аласа террасаларында желдің әсерінен түзілген, (биіктігі 2-5 м) құм төбешіктердің атауы. Сібір тундрасында тоң қату процестерінің әсерінен түзілген кішігірім күмбез тәрізді төбелер.
1.1 Жүк. Жүктің классификациясы
Көлікте барлық заттар оларды тасымалдуға қабылдап алған кезден бастап,жүк алушыға тапсыратын кезге дейін жүктер деп аталады.«Жүктану » пәні заттар мен материалдардың тасымалдауға қатысты қасиеттерін, жүктерге қойылатын тарифтерді және олардың пайда болу принциптерін зерттейді. Жүктің тасымалдау шарты мен техникалық құрылымдарын анықтайтын жүктің қасиеттерінің жиынтығын жүктің сипаттамасы деп аталады. Оған физикалық және химиялық қасиеттері, тарасы мен қаптмасы, көлемдік массалық сипаттамасы, сақтау режимдері, артық жүк тиеуі мен тасымалдауы, сонымен қатар, қауіптілік дәрежеі мен жүкті тасымалдаудың техникалық қасиеттері кіреді. Жүк тасымалдау зертеулері көліктік сипаттамалары және жүк тасымалдаудың ережелеріне, жүктердің қоршаған ортамен әрекеттесуіне, жүк қаптаулары мен жүкті сақтаудағы, шамадан артық салмақ түсіргендегі және тиегендегі сақтаушылығын қамтамасыз етілуіне негізделген.Қауіпсіздік пен сақтау шарттарына сай тасымалданған жүк тасымалдауға жарамды жүк болып саналады.Жүктің қасиеттері мен оны тасымалдау шарттарын білу, оның бүлінуден, зақымдаудан және сапасының төмендеуінің алдын алады, көлік құралдарын, қоймаларды тиімді пайдалануды және жүк тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жүктерді тасымалдау мен тасымалдауға дайындау талаптары қазіргі республикадағы автокөлік тасымалының ережелерімен анықталады. Сонымен қатар, жеке ведомстволар мен мекемелер жүк тасымалы сапасының стандарттарын құрастыруда.Жүктің қасиеттері оны сақтаудың, тасымалдаудың және оған сәйкес көлік түрін таңдаумен анықталады. 2001 жылдың 8 желтоқсандағы N 266 (бұдан былай — Заң), «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33 бабына сәйкес, магистралды теміржол желі операторы мен тасымалдаушы міндетті қатамасыз етуге тиіс:
...