Географиялық ашылулар
Автор: Сержан Абдуллаев • Февраль 4, 2023 • Реферат • 2,187 Слов (9 Страниц) • 253 Просмотры
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Жаратылыстану ғылымдар факультеті
Физикалық және экономикалық география кафедрасы
6В01524-География педагогтерін даярлау
Реферат
Тақырыбы : Географиялық ашылулар
Орындаған : Абдуллаев С. Қ.
Тексерген : Арыкбаева К. М.
Астана 2023
Жоспар:
I. Антикалық дәуірдегі географиялық көріністердің қалыптасуы-ежелгі дәуір.
II. Орта ғасырлық географиялық ашылулар.
III.Ұлы географиялық ашылулар кезеңі (XVғ.соңы-XVIIғ.ортасы)
IV.Жаңа заман мен Қазіргі замандағы Географиялық ашылулар
Антика кезеңі, б.з.д. IV-II мыңжылдықтағы географиялық білім.Антикалық дәуірге Ежелгі Грек және Рим географтарын кіргізе аламыз.Ежелгі замандағы география тек сипаттама берумен шектелген болатын.Адамдар айналасындағы қоршаған ортаның табиғатын зерделей отырып,өздеріне деген қолайлы қоныс,судың көзін,аң аулайтын жерін,еңбек құралдарына қажетті материалдары бар мекенді іздеп,қолайлы жер бағдарлай білген.Осы білімін сызба түрінде үңгірлердің қабырғасына,ағаштардың қабығына және жануарлардың терісіне ойып таңбалаған.Мұндай географиялық білімнің алғашқы сызбасын, белгілерін ғалымдар ежелгі Шығыс, Месопотамия, Парсы, Египет және Финикия халықтарынан тапқан.География ғылым біртіндеп кезеңімен дамыды.
Бұл дәуірде Ежелгі Грек географтарының ғылымға қосқан үлесі өте көп еді.Солардың бірі Географияның атасы-Эратосфен (б.з.б.III ғасырда өмір сүрген грек ғалымы, математикамен қатар астрономия, география, тарихты да жақсы білген.Оның негізгі жетістігі – Жердің көлемін адамдар оның шар тәріздес екенін білгенге дейін есептеп шығаруы. Өз есептеулерінің негізінде ол картада белгіленбеген мұхиттың әлі де орасан үлкен кеңістіктері бар екенін болысады және оның айтқаны дұрыс келеді.
Геродот-грек тарихшысы мен географы, Қара теңіз бен Каспий теңізі жағалауы, Кіші Азия, Месопотамия және Ежелгі Египет жерлерінде болып,олар туралы жазбалар қалдырды.Ол алғашқы географиялық карталарды жасағандардың бірі болды.
Аристотель-грек ғалымы, ол жердің шар тәріздес екендігін алғаш рет негіздеген еді.
Қортындылай келгенде,Ежелгі Антикалық дәуірде грек ғалымдарының әрі тарихшы, географ, математик, астрономияны білуі сол кездегі ғылым саласының әлі түрлі салаларға бөлінбеуінің көрінісі еді.Осылайша,Ежелгі Грек және Римдік ғалымдардың түрлі ғылым салаларына қосқан үлесі ауыз толтырып айтарлықтай болды.
Орта ғасырлардағы географиялық ашылулар V-XV ғасырлар. Бұл дәуірде Араб географтары VII-VIII ғасырларда кең-байтақ аймаққа билік жүргізді.Арабтардың түрлі жерлерге жүргізген жорықтарының арқасында Араб әлемі үш құрлыққа да өз билігін орнатты,ал бұл өз кезегінде араб географтарының түрлі зерттеу жұмыстары мен тың жаңалықтар ашуына көмектесті.Бағдад және Дамаск қалаларында обсерваториялар бой көтерді,ал бұл ғарыш әлемін жақын танып білуге көмектесті.Бағдад қаласы Араб халифатының астанасы ғана болып қоймай,әрі білім және ғылым ордасы бола білді.
...